тәрбиеленушiлердi қабылдауға қойылатын жалпы талаптар
1. Азаматты бiлiм беру ұйымына қабылдау кезiнде сол ұйым оны және (немесе) оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн бiлiм беру ұйымының жарғысымен, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензиямен, қабылдау тәртiбiн және оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды регламенттейтiн басқа да құжаттармен таныстыруға мiндеттi.
Қабылдау тәртiбi тиiстi үлгiдегi оқу орындарына қабылдау ережелерiне сәйкес белгiленедi.
2. Осы аумақта тұратын және тиiстi сатыда бiлiм алуға құқығы бар барлық азаматтардың қабылдануын қамтамасыз ететiн бастауыш жалпы, негiзгi жалпы және орта жалпы бiлiм беру сатыларындағы бiлiм беру ұйымдарына, сондай-ақ кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдаудың тәртiбiн құрылтайшы белгiлейдi.
3. Азаматтарды кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары бiлiм алу үшiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдау азаматтардың өтiнiшi бойынша конкурстық негiзде жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары азаматтардың бiлiм алу құқықтарын сақтауға кепiлдiк берiп, неғұрлым қабiлеттi және тиiстi деңгейдегi бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруге дайындығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиiс.
Конкурс:
1) ағымдағы жылғы бiрыңғай ұлттық тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдарының негiзiнде;
2) кешендi тестiлеу нысанында өткiзiлген түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар баллдарының негiзiнде;
3) осы Заңның 35-бабы 6-тармағының үшiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен халықаралық олимпиадалардың қатысушыларына ағымдағы жылғы берiлген сертификаттар баллдарының негiзiнде өткiзiледi.
Бiлiм беру гранттарын (гранттар болмаған жағдайда - кредиттердi) алуға конкурс өткiзiлген кезде:
1) "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылардың;
2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдарымен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандығының олар жеңiмпазы болып табылатын олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) ағымдағы жылғы жеңiмпаздарының басым құқығы болады.
Бiлiм беру гранттары мен кредиттерiн алуға арналған конкурсты өткiзу кезiнде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектердiң, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек-балалардың және үздiк бiлiмi туралы құжаттары (куәлiктерi, аттестаттары, дипломдары) бар азаматтардың басым құқығы болады.
4. Азаматтарды жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алу үшiн жоғары оқу орындарына және ғылыми-зерттеу ұйымдарына қабылдау Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде азаматтардың өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылады.
5. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде:
1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшiн;
2) ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн;
3) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшiн;
4) жетiм балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн қабылдау квотасы көзделедi.
6. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететiн мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерiн ескере отырып жүзеге асырылады.
Мамандықтардың және арнаулы немесе шығармашылық емтихандар еткiзу тәртiбiнiң тiзбесi Yлгiлiк қабылдау ережелерiмен белгiленедi. V001118 V001245 V022136 7. Рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдарына қабылдау орта бiлiмi бар азаматтар арасынан жүзеге асырылады.
8. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудi талап ететiн жекелеген мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау мамандандырылған мемлекеттiк оқу орындарында және басқа да мемлекеттiк оқу орындарының факультеттерiнде (бөлiмдерiнде) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша ғана жүзеге асырылады.
Мамандықтардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
9. Бiлiм беру ұйымдарына азаматтарды қабылдау тәртiбiн осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде құрылтайшы белгiлейдi және ол бiлiм беру ұйымының жарғысында бекiтiледi.