Білім єлеуметтануы
бет 1/3 Дата 01.11.2022 өлшемі 173,5 Kb. #46764
Дәрістің жоспары 1. Білім ұғымы, білім әлеуметтануының пайда болуы мен дамуы 2. Білім - әлеуметтік процесс ретінде. 3. Білім беру институтына әлеуметтанулық талдау. Білім ұғымы Адамзаттың немесе жеке тұлғалардың барлық өмірінде жинақтаған танымы мен тәжірибесі ; Осы жинақталған таным мен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру процесі; Аталмыш процесті жүзеге асыруға арналған мекемелер жүйесі (әлеуметтік институт); - Қай кезде де адамзатқа тіршілік иесі ретінде көргені мен білгенін, танымын кеңейту , жаңаны үйрену мен жадына тоқу тән Бұл процесс: өмір сүруге қажетті игіліктерді өндіру барысында тәжірибе жинақтау; қарым-қатынасқа түсу; Қарым-қатынасты институциялауды қамтиды. Биологиялық қажеттілік (өмір сүру, қауіпсіздік, тамақ табу және т.б.) Экономикалық қажеттілік (өндіру, ақша табу, сату, айырбастау) Ұйымдастыру, топтастыру, Институциялау. Әлеуметтік қажеттілік (арнайы мекемелер құру) Аталмыш процесс: алдымен жай ғана табиғи процесс; арнайы ұйымдастырылған мекемелер жүйесінің қажеттілігін тудырады. Яғни, адамзаттың білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы – білім институты өмірге келді. Білім институт ретінде пайда болған сәтте алдымен таптық, касталық сипатта болып , кейін баршаға ортақ сипатқа ие болды. Бұл ғылыми-техникалық процеске байланысты еді. Яғни, капиталистік қоғам – машиналық өндіріске әкеліп, ал ол сауатты және білікті жұмысшыларды қажет етті. Сондықтан әлеуметтану ғылымы білім ұғымын осы екі тұрғыдан зерттейді. Яғни білім әлеуметтануы өз алдына мына міндеттерді қояды: Білім беруге деген қажеттіліктерді зерттеу, оның қоғам мен жеке тұлға алдындағы ролін бағалау; Білімнің әлеуметтік маңызын ұғына отырып , оның деңгейі мен сапасын бағалау; Қоғам мен білім алушылардың білімге деген қатынасын, оның әлеуметтік құндылығын зерттеу ; Білімнің әлеуметтік мәртебеге ие болу факторы ретіндегі маңызын түсіну; Білімнің рухани қажеттіліктер мен мүдделердің динамикасына ықпал ету дәрежесін анықтау. Достарыңызбен бөлісу: