1.4 Оқушының жетістіктерін бағалау мақсаты
Оқушының білім алудағы жетістектерін бағалаудың мақсаты алынған білім нәтижелерінің алдын ала жоспарланған деңгейге сәйкес келу дәрежесін
анықтау болып табылады.
1. Бағалау:
-оқушының оқудағы мақсаты мен жетістіктерге жету критериіне көңіл аудару;
- мұғалімнің әрекетін әр оқушыны жеке дамыту технологиясын жетілдіруге бағыттау, атап айтқанда:
- оқушыға ары қарай білім алуда дұрыс шешім қабылдауға қажетті ақпараттар беру (өз күшін қайда бағыттау, неге көңіл аудару, нені жақсарту, нені түзету, қай жағынан жетілдіру керек);
- оқушыға өзін өзі бағалау дағдысын қалыптастыру;
- оқушылармен үнемі кері байланыста болу;
- оқушыға ары қарай мақсатты түрде білім алу керек екендігін дәлелдеу;
- ақпараттарды беру;
- оқушыға оның жұмысының сапасы туралы;
- оқушыдағы өзгерістер туралы мұғалімдерге;
- білім алу нәтижесіндегі жетістіктердің деңгейі туралы ата –аналарға;
мектеп және Республика бойынша жалпы есеп беру саясатын қалыптастыру.
2. Мақсатқа сену (целепологание) және оның бағалаудағы ролі.
Мақсатқа сену бағалаудың ажырамас бөлігі. Ол басымдылықты анықтауға, шешім қабылдауға және жоспарды жүзеге асыруға көмектеседі. Мақсат неғұрлым айқын тұжырымдалса, бағалау соғұрлым нақты және тиімді болады. Көп жағдайда мына талаптардың орындалуын ұйғарады:
а) мақсаттың нақты тұжырымдалуы;
- неге жету керек екендігі айқын болу үшін нақты, ерекше болуы;
- мақсатқа жеткенін дәл айту үшін өлшемді болуы;
-қай іс әрекеттің қалаған нәтижеге апаратынын түсіну үшін қол жетімді, іс әрекетке бағытталған болуы;
- шындыққа негізделген болуы;
- нақты мерзімі және дұрыс құралдары болу керек.
б) мақсатты жүзеге асырылатын тапсырмаларға бөліктеу;
Мұғалім мақсатты тұжырымдағанда оған жететін бағыттарын айқындауы керек. Міндеттердің қойылуы мақсатқа жету үшін қолданылатын маңызды шаралардың тізбегін анықтайды.
в) дәлелдеу және табандылық;
Мұғалім оқушыға қойылған мақсатқа жетуге және оған жету үшін барлық қадамдардың орындалуын дәлелдеуі қажет.
г) үздіксіз бағалау
Мақсатқа сену-белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үзіліссіз процесс. Барлық алға қойған мақсатты үнемі саралап отыру және қажет болған кезде қайта қарастыру керек. Мақсатты үзіліссіз саралап отыру мұғалімді үнемі басым бағыттарды айқындауға және маңызды шешім қабылдауға мәжбүрлейді. Орындалмаған және орындалу мерзімі үнемі шегеріліп отыратын мақсаттарға ерекше көңіл бөлу керек.
Мақсатқа сену мұғалім тарапынан да, оқушы тарапынан да мақсаттың құрылуына мүмкіндік береді. Бірінші тәсіл - дәстүрлі оқыту үшін сипатталса, екіншісі – қазіргі кезде оқытудың құзіреттілігін меңгеруге байланысты мектеп өміріне енуде.
Оқушы тарапынан құрылған сабақтың мақсаты мұғалімге оқушының сабақ материалын қалай меңгергенін білуге көмектессе, оқушыға сабақта нені меңгеру керек екендігіне көңіл аударуға мүмкіндік береді.
Оқушының жетестігін бағалау принциптері.
Мұғалімге өз қызметінде мынандай принциптерді басшылыққа алуға тура келеді:
- Маңыздылық. Оқушының білім алудағы және іс - әрекетіндегі неғұрлым маңызды жетістіктерді бағалауға көңіл аудару.
- Теңбе-теңдік. Оқушының білімінің, іскерлігінің, дағдысының, құндылықтарының, мақсаттағы құзіреттілігінің және оқудағы жетістіктерінің бағаларының сәйкес болуын қадағалау.
- Шындық және әділдік. Нақты жалпы білім беретін орта мектептерде бағалаудың элементтері енгізілуде, соның ішінде критерий арқылы формативті бағалау жақсы енгізілуде. Біз бағалаусыз оқу үдерісін елестете алмаймыз. Бағалау болмаса, білімді меңгеру де болмас еді. Баға оқушыны білім алуға ынталандыратын құрал, өмірге дайындауға көмектесетін құрал.
Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалаудың белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол – оқушыны бағалау және оқушының өзін-өзі бағалауы. Бұл бағалаудың білім сапасын көтеруде мәні өте зор. Бағалау одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
«Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады
«Баға» оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, келешекте дамуына ықпал ету үшін қойылады. Бағалау оқушылардың ойлау қабілетін дамытады және өзін-өзі бағалауы жақсарады
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыталуда.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі–оқытудың әдіс–тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе–оқыту әдісін дұрыстаңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әр бір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді
Қазақстандық бағалау жүйесіне назар аударатын болсақ, жалпы орта білім мектептері қазіргі кезде сынға ұшырап жүрген 10 балдық бағалау жүйесін қолданып отыр. Бағалау жүргізу үшін ең алдымен мынаны анықтап алу керек, оқушылар не біледі, нені істей алады, сонымен қатар қандай қиындықтар кедергі келтіреді. Мен курс барысында оқушылардың білімін критерий бойынша бағалауға болатынын білдім. Критерий бойынша бағалау оқушылардың білімін тексеруге, сабақтың материалдарын қаншалықты меңгергендерін білуге мүмкіндік беретінін, ашық бағалауға, оқушылардың не үшін ондай баға алғанын өздері оңай түсінуге, мұғалім мен оқушы арасында түсіністік орнауына көп септігін тигізетінін байқадым.
Алдағы уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын бағалау жүйесінсіз елестету мүмкін емес. Бағалау тек қана үлгерімді көрсету ғана емес, мұғалім оқушыға өзінің нәтижесін жақсарту үшін алдағы уақытта не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Мұғалімен оқушы арасында және оқушымен оқушы арасында өзара сыйластық пен жақсы қарым қатынас
Бақылау жұмысының нәтижесі оқушылардың ой бағытын өзгертуге, қатесін түзеуге, дұрыс жауап беруге уақыт бөлінеді
Дұрыс құрастырылған сабақ түрі жетістікке әкеледі, оқушы нақты бағасын алады. Келешекте сабақты түрлендіру жаңаша әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, іздену оқушыны әділ бағалау оқушының оқуға ынтасын арттырады.
Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады.
Бағалау нәтижесінде оқушыларда уәж, өздеріне деген сенімділік, көшбасшылық қабілеттері көрініп, ең бастысы әділ білім көрсеткіші байқалғанына көзіміз жетеді.
Ал оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады.
Оқушының бойында қалыптасуға тиiстi дағды мен шеберлiк мемлекеттiк стандарт талабына сәйкес болу үшiн, оқу – бiлiм үрдiсiнде қиындықтарды жоюға бағытталған жүйелi жұмыс жүргiзу арқылы бiлiм сапасын арттыруға болады.
Бағалау критериін жасап, жүзеге асыру. Критерий бағалауды және белгі қоюды оқушыға қысым жасау қаупінен арашалайды.
- Интеграцияланғандық. Бағалауды жүзеге асыру жоспарлы және жан-жақты ойластырылған оқытудың құрамдас бөлігі болып табылады.
- Ашықтық. Бағалаудың критериі мен әдістерін тапсырманы орындамас бұрын хабарлау. Оқушылар бағалау критериін жасауға да қатыса алады.
- Қол жетімділік. Барлық білім алу процесіне қатысушылар үшін бағалау процесінің қарапайым және оның түрлері мен әдістерінің айқын болуына ұмтылу.
- Жүйелілік. Бағалау процедурасын тізбектей және жүйелі орындау.
- Мейірімділік. Оқушы мен мұғалімнің арасында жетістіктерді арттыруда серіктестік қатынаста болуға жағдай жасау.
Берілген бақылау кестелері бойынша оқу әрекетін орындау барысында оқушының өз оқуына қатысты мақсат қоюы мен орындау жауапкершілігін анықтауға болады. Оқушының өз мақсатын нақты сезінуі оның оқу әрекетінің субъектісі бола алуына, сабақтағы тапсырмаларды орындау қадамдарына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы дербес шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, бір пәннің шеңберінде 6-сыныптың 3 оқушысының оқу әрекетіне жасалған бақылау қорытындысынан төмендегі жайттар анықталды (А – үлгерімі жақсы, В – орташа, С – төмен оқушы).
Бірінші тоқсан бойы жиналған бақылау деректерін талдау арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдысы оның қалыптасқан дағдысының көлеміне ғана емес, оқыту кезеңіне, ұйымдастырылған оқу әдістеріне де тікелей тәуелді болатынын көрсетті. Мысалы: танымдық, тұлғалық белсенділік талап етілетін топта жұмыс істеуге арналған әдістер кезінде А оқушы эмоционалдық, танымдық, әлеуметтік тұрғыдан көшбасшылықты өзіне алды. Уәждік тұрғыдан қолдауды қажет еткенмен, мұғалім тарапынан жасалған скоффолдинг көмегімен сыныптастарымен өзара әрекеттестікті іске асыра алды. В оқушы бірлескен оқуда эмоционалдық және танымдық тұрғыдан өзін-өзі реттей алатындығын көрсетті, алайда нақты шешім қабылдауда, топтық жұмыс өнімін қорғауда сырттан көмек күтіп, көбінесе, өзіне жауапкершілік алудан бас тартатыны көрінді.
С оқушы ой шақыруға арналған жеңіл сұрақтарға жауап беріп, репродуктивті әдістерді орындауда белсенділік танытқанымен, бірлескен жұмыс кезінде талдау, шешім шығару әрекеттерінен тыс қалды, ол өзін ешкім тыңдамайтынын, ойлануға уақыттың аз болғанын айтты. Оқушының өзін-өзі реттеу дағдысы жеткілікті қалыптаспаған болса, оқу әрекетінің өнімділігі төмендейді. Тәжірибелі мұғалім белгілі бір оқушының өзін-өзі реттеу дағдысының жеке сипаттамаларын, сондай-ақ оның жеке компоненттерінің даму деңгейін тез анықтай алатыны сөзсіз. Мұндай мәліметтер педагогикалық түзетуді мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Мысалы, жоғарыдағы жүргізілген тәжірибе барысында, оқу мақсатына орай берілген бағалау критерийлеріне қарап, А оқушы тапсырманы орындау нәтижесіне толық қанағаттанса, В оқушы күмәнданды. Дегенмен өзін артық бағалау немесе жеткіліксіз бағалау болмағандығын мұғалімнің түсіндірмесі арқылы емес, тапсырма дескрипторларына қарап түсінді. Бастапқыда В оқушы тапсырманың қиындығы, уақыттың жетіспеушілігі түрінде сылтау тауып, баға үшін жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеді. Яғни өзін-өзі реттеу дағдысы төмен оқушы өзінің оқу көрсеткіштерінің төмен болуына сырттан кедергілер «іздейді».
Алайда, жүйелі жүргізілген қалыптастырушы бағалау оның дағдының қалыптасуына ықпал етті. Ал С оқушының: «Мен сабақта жұмыс істедім, бірақ ештеңе істеуге уақыт болмады, бірақ мені ешкім тыңдамады, бірақ сыныптасым дұрыс кеңес бермеді, бірақ топтық жұмыста сөйлеуге мүмкіндік болмады» – деген қорытындысын бақыланған уақыт аралығында өзгерту мүмкін болмады. Бұдан шығатын қорытынды – өзін-өзі бағалау жүйесін дамыту арқылы оқушының өзін-өзі реттеу дағдысын жетілдіруге болады.
Өзін-өзі реттеу дағдысы – бұл оқушының орындаушылық әрекетін сапалы іске асыруға бағытталған әрекеттер. Қорыта келе, оқушының өзін-өзі реттеу дағдысын дамытуға ықпал ететін белсенді оқу әдістерін тиімді қолдану – оқудың нәтижелілігі ғана емес, тұлғаның толыққанды қалыптасуының да шарты болып табылады. Оқытуда нәтижеге жету жолдарын мұғалім дұрыс анықтай алса, тиімді тапсырмалар құрастырып, әдістерді іріктеп қолданса, оқушының дамуы мен оқу әрекетін біріктіретін тұлғалық мәнді сапасының біртіндеп қалыптасуына тікелей ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |