Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары


Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы



бет10/13
Дата11.04.2022
өлшемі83,04 Kb.
#30662
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
2. Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы

Еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігі-не, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығына, білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзін-өзі бағалау, әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүдделерін айқындауға жеке басы-ның қабілеттерін дамыту маңызды міндет. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқу-шының жеке тұлғасының қалыптасуында маңызды болып табылатын - өзін-өзі бағалауына тікелей байланысты. Сондықтан оқушының өзін-өзі бағалау мәселе-сі өзектілігінің артуы қазіргі қоғам дамуына байланысты туындап отыр. Себебі өзін-өзі бағалау арқылы, өзінің іс-әрекетін объективті тұрғыда саналы реттеу арқылы ғана оқушының жеке тұлғасы қалыптасып қана қоймай, еңбекке, білім алу мен жеке өміріне, мемлекеттік маңызды істер мен өзін-өзі жетілдіруге дұрыс бағытының қалыптасуына негіз болады.

«Жеке тұлға», «кемелденген адам», «толық адам» туралы, оның болмысы, қасиеттері жайлы ғылыми, философиялық, педагогикалық, психологиялық тұ-жырымдар, түйінді дүниелер бар.

Шығыс ғұламалары адамның қалыптасуы үшін оның өзінің ішкі мүмкіндік-теріне, қасиеттеріне, іс-әрекеттеріне орынды баға беру мен дұрыс өмірлік бағыт-бағдар ұстану мәселесіне терең мән берген. Ибн Сина, Әл-Фараби, Имам Ғазали, Әбу Жүсіп Ысқақ т.б. өзін-өзі тәрбиелеудегі адамның ішкі ой таразы-сының қажеттілігі туралы құнды пайымдаулар айтқан.

Әбу Насыр Әл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары» атты трак-татында азаматтық философия тұрғысынан кемел азамат болу үшін туа біт-кен және жасынан дамытылатын қасиеттерді атап көрсетеді: «Адам өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыра жетілдіруі қажет, әсіресе, мейлінше жақсы-ның бәрін түсінетін, талдап айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жапсарына сәйкес ұғып алатындай болу керек, өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, бұлардан ешнәр-сені ұмытпайтын болуы керек, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт», -деп адам бойында ізгі қасиеттерді көрсете отырып, адам өз іс-әрекетіне жауап-ты, сондықтан өз-өзіне баға беріп, өзінің жақсы қасиеттерін дамытып отыру қажеттілігіне тоқталады.

Ал дидакт ғалымдар өзін-өзі бағалауды өзінің білімі мен білік, дағдыларын дұрыс бағамдай отырып, жеке тұлғасы болмысының сипаты арқылы анықтала-ды деп есептейді .

Оқушының өзін-өзі бағалау проблемасы жеке тұлғаның қалыптасуы мен да-муы, қарым-қатынас және құндылық бағдар мәселелерімен тығыз байланыста зерттелінеді. Өзін-өзі бағалау – жеке тұлғаның болашақтағы даму бағдары мен мақсат-міндеттеріне, өмірлік жолын дұрыс таңдауымен анықталады.

Оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда және оның педагогикалық мәнін түсіну үшін оқушы мен қоршаған ортаның байланыс жүйесін ескеру қажет. Сонымен қатар, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруды ғы-лыми-педагогикалық негіздеуде адамның бір-бірін түсінуі мен қабылдауының психологиялық механизмдерін зерделеу қажеттігі туындайды. Әсіресе, жеке тұлғаның интеллектуалдық, ақыл-ойы дамуына тығыз байланысты.

Р.С.Омарованың пікірінше, жеке тұлғаның қалыптасуында өзін-өзі бағалау мен қоршаған ортасында адамдардың іс-әрекетіне, писхикалық мүмкіндіктеріне объективті бағалай алуы оқушының тек танымдық қажеттіліктерін қанағаттан-дыру ғана емес, тұлғаның басқа да бірқатар: өзін-өзі көрсетуін, қорғауын, өзін-өзі белсендіру сияқты өзіндік даму қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру баланың ақыл-ойын, дара қасиеттері мен танымдық мүмкіндіктерін дамытуға бағыттала-ды. Оның негізінде оқушының дүниетанымының негіздері қалыптасады. Дүниетаным – адамзаттың құндылықтар, таным, өмір мәні, еңбек, қоғам, таби-ғат туралы көзқарастар жүйесі. Өзін-өзі бағалай отырып, оқушы білімдер жүйе-сін саналы меңгеріп, логикалық ойлау, ес, зейін, қабылдау, ақыл-ой қабілет-терінің дамуына ықпал етеді.

Оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру тұтас педагогикалық үрдісте, бала әрекетінің барлық түрінде: оқу, еңбек, қоғамдық, мәдени, ойын т.б. барысында жүзеге асырылады.

Оқушының өзін-өзі бағалауының қалыптасып, дамуының негізі педагогика-лық басқару арқылы жүзеге асады. Мұнда субъект-субъектілік қатынасқа негіз-делген басқаруды түсіну керек. Мұндағы талап қою да жеке амал тұрғысынан келген, субъект-субъектілік қатынаста жүзеге асырылуы керек. Баланың өзіне қойылған талаптың мәнін, оны қажеттілік екенін түсінудің маңызы зор.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда мұғалімнің бағыттаушы-лық, ұйымдастырушылық қызметінің маңызы ерекше. Мұғалімге мынадай талаптар қойылады:

- оқушыларды зерттеу;

- оқушыларға өзінің іс-әрекетіне, орындаған тапсырмалар нәтижелеріне т.б. бағалауға кеңес беру, міндеттерін белгілеу, нұсқау беру;

- оқушылармен жағымды қарым-қатынас қалыптастыру;

- оқушылардың талдау іс-әрекетін бағалау; бағыттау;

- оқушылардың өзін-өзі бағалау үрдісінде шығармашылық қатынас жасау;

- жеке басының үлгісі, ықпалы;

- түрлі әдіс-тәсілдер мен оңтайлы жолдарды пайдалану, оқыту мен тәрбиені сабақтастыру;

педагогикалық реттеу, сын, рефлексия.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау үрдісінде өзін-өзі анықтауды жүзеге асыру кезеңдер бойынша жүргізіледі:

● педагогикалық жағдайды ескеру, сынау үшін қолайлы жағдай табу, таңдап алу;

● істеген ісін талдау, оны себебін ашу;

● сынақ дәрежесін, түрін анықтау, хабарды, мәліметті беру, көрсету;

● сын нәтижесін талдау және ескеру.

Бұл үрдісте әдісті сапалы, тиімді пайдалану шарты ретінде: оқушылардың өз қатесі мен кемшілігін түсінуі; қателескен баланың жеке басын құрметтеу, сыйлау; оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейін ескере отырып, оған сүйену; әдептілік пен сыншылдық, ой-қорыту, тұжырымның ортақтығы; шектен тыс қаталдықтан аулақ болу; басқа да әдістерді тиімді қолдану.

Мұғалім оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда оқушылар мен оқушылар ұжымына нақты бір жоспар негізінде нені, қалай істеу керектігін көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отыруы маңызды болып табылады. Мұғалім педагогикалық жағдайды бағдарлай және бағалай отырып, талап түрлерін дұрыс таңдап, оның орындалуын тексеру оң нәтижесіне жетуді мақсат еткен жағдайда ғана іс-әрекет толық мәнді болмақ.

Сонымен, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруды ұйымдастыруда:

- оқушының өзін-өзі бағалауын дамытуды дидактикалық тұрғыда қамтамасыз ету;

- оның шарттары мен факторларын, құрылымын анықтау;

- оны жүзеге асыру мен ұйымдастыру үрдісінде оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеру;

- оқу үрдісінде және одан тыс уақытта оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға жүйелі көзқарас тұрғысынан келу;

- оқушылардың өзін-өзі бағалау үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңыздылығына мән беру қажет.

Өзін-өзі бағалаудың психология саласындағы зерттеулердің жалпы көз-қарасына көңіл аударсақ, мұнда бірнеше маңызды жайларды атап айтуға болады. Күрделі пікірталастар мен талдауларға түсіп жүрген негізгі сұрақтардың ішінен мыналарды алуға болады:

- өзін-өзі бағалау табиғаты;

- психологиялық феномендер арасындағы өзін-өзі бағалаудың алатын орны;

- өзін-өзі бағалаудың дамуын анықтайтын факторлар;

- өзін-өзі бағалаудың құрылымы;

- өзін-өзі бағалаудың генезисі.

Отандық педагогикада, психологияда өзін-өзі бағалау деп нәтижесінде әре-кет субъектісі ретінде өзі туралы көзқарасын тудыратын адамның өзін-өзі тану, эмоционалды- құнды қарым-қатынас қалыптасу үрдісі алынады.

Психолог-идеалистердің баланың өзін-өзі бағалауы туа бітеді деген қарама-қайшы пікірлеріне біздің отандық ғалымдарымыз балада туа пайда болатын қасиеттер сол қабілеттің пайда болуына, дамуына әсер ететін алғышарттар деп таниды. Сондықтан, Л.С.Рубенштейн атап көрсеткендей, өзін-өзі бағалаудың қозғаушы күші мен пайда болу көзін туа біткен қасиеттерден іздемеу керек, оны өсіп-жетіліп келе жатқан тұлғаның қоршаған ортамен өзара байланы-сының өзгерісінен байқалатын шынайы қасиеттерінен іздеу қажет. Баланың қоршаған ортамен байланысын, тәрбиесін реттеу бала тұлғасының өзіндік дамуында жетекші роль атқарады.

Отандық педагогикада өзін-өзі бағалаудың анықтаушы факторлары ретінде адамның өзіндік практикалық іс-әрекеті және оның қоршаған ортамен өзара байланысы алынады.

Өзін-өзі бағалау белгілі бір құрылымдық бөліктерден тұратын күрделі пси-хикалық білімді қамтиды, дегенмен психологтардың пікірі барлық уақытта сәй-кес бола бермейді.

Осы мәселе бойынша жазылған еңбектердің көптеген авторлары өзін-өзі се-зінудің негізгі екі құрамдас бөліктерін көрсетеді: когнитивті және эмоционалды. И.И.Чеснокова өзін-өзі сезінуді негізгі үш құрамдас бөліктің бірлестігі ретінде қарастырады: өзін-өзі тану, өзіне деген эмоционалды-құнды қатынас және тұлғаның әрекетін өзіндік реттеуі. И.С.Кон өзін-өзі сезінуге 4 құрамдас бөлікті енгізеді: өзіндік теңбе-теңдікті сезіну, өзіндік «Мен»-ді сезіну, өзіндік психикалық қасиеттерді және белгілі бір әлеуметтік өзін-өзі бағалау жүйесі.

Л.Д.Олейник өзін-өзі бағалаудың алты құрамдас бөліктерін атап айтты: өзін-өзі сезіну, өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі сынау, өзін-өзі реттеу немесе басқару. Өзін-өзі бағалаудың мейлінше нәтижелі тұжырымдамасы В.В.Столин құрды. Белсенділіктің үш түріне сәйкес, ол өзін-өзі бағалауды дамытудың үш деңгейін атап көрсетті: денелік, жеке және тұлғалық. Өзін-өзі бағалауды құрудың нақты тұжырымдамаларының бірін В.С.Мухина ұсынды. Оның еңбегінде өзін-өзі бағалау ішкі тарихи және әлеу-меттік шартталған құрылым арқылы дамиды деп түсіндіреді.

Педагогикалық психологияда, өзін-өзі бағалауға арналған әдебиеттерде ең-бектердің көпшілігі өзін-өзі бағалау механизмі және жинақталған білім ретінде сарапталады. Бұл еңбектер көпшілік кездерде негізінен мектеп жасын және сол жастағы кезеңдерде өзін-өзі бағалау функцияларын қарастырады.

Демек, өзін тану - өзін-өзі бағалаудың алғашқы формасы. Өзін-өзі бағалау-дың дамуындағы жаңа кезең бала өзін атымен атай бастаған кезде басталады. Кейін үшінші жылы ғана жеке «Мен» пайда болады. Сонымен қатар, балада ал-ғашқы өзін-өзі бағалауы – тек «Мен» ғана емес, «мен жақсымын», «мен өте жақсымын» пікірлері қалыптасады.

Баланың өзін-өзі бағалау қабілетінің дамуы стихиялы түрде және оның қа-лыптасуына өзге субъектінің әсерінсіз жүреді. Өзін-өзі бағалаудағы дамудың стихиялы түрінің сақталуымен қатар, оның тағы бір осы үрдістегі субъекттің белсенділігін көрсететін түрі пайда болады. Оларда өз-өзіне қарауға, өзін тұлға ретінде тануға, өзге адамдардан өзгешелігін байқауға деген қажеттілік туады. Бұл жай біріншіден, оның өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі тәрбиелеуге және таныту-ға ұмтылысын тудырады.

Сонымен, кіші мектеп жасында баланың өзін-өзі анықтауда маңызды өзге-рістер болады. Мектептегі оқу үрдісі кезінде бұл қабілет негізі түсініктерді қабылдау болып табылатын теориялық ойлау қабілетіне айналады. Білімді меңгере отырып, оқушы түсініктердің пайда болу үрдісіне үйренеді, яғни ол өзіндік теориялық жоспарға сәйкес талдауға үйренеді.

Оқушының тұлғасына, даралығына, қабілеттіліктеріне берілген бағаға көп көңіл аударады. Оқушы өзіне айтылған сыни ескертулерді ауыр қабылдайды. Кей кездері айтылған сыни көзқарастар оның өзіне сенімділігінің, қабілеттілігінің, мүмкіндіктерінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Мұндай жағдайлар тек іштен тынып қатты қайғыруға, ренжуге, өз-өзіне сенімділігін жоғалтуына әкеліп соғады. Күшті сезімдік толқу кезінде пайда болған мұндай қайғырулар бала бойын-да сақталып қалып, әрі қарай оның психикасының тұрақты жайларының біріне айналуы мүмкін.

Оқушы жасы үлкендердің де, қатар құрбыларының да өзіне кішкентай балаша емес, ересектерше қарым-қатынаста болғанын қалайды. Оның бойында өзіндік жауапкершілікке, ересектер әлемінде маңызды болуға, өзін тұлға ретінде сезінуге, өзгелерден ерекше көрінуге ұмтылыс пайда болады. Осыдан барып, өзіндік тұжырым жасау, өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау туады.

Оқушының өз білімін, қабілеттерін, іскерлік қасиеттерін, білік, дағдыларын түсініп, өзін-өзі бағалауды қалай үйренетіндігіне назар аудару қажет. Оқушылардың өзін-өзі бағалауының қалыптасуын зерттеу өзінің ерік-жігерлілік, дене және моральдік қасиеттерін дұрыс ұғыну және бағалау барысында жүргізіледі.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауының дамуында әлеуметтік деп аталатын өзге де қажеттіліктер айтарлықтай рөлге ие, олар адамның өзге адамдармен өзара қарым-қатынасы және тілдесуін оңтайландыру үшін қажет және соның әсерінен туындайды. Мәселен, қажеттіліктерді ортадағы жандар алдында беделді, өзара түсіністікте және тануда қанағаттандыру адамдардың бір-бірін ұғынып, бағалауын ұйғарады. Оқушыда мұндай қажеттіліктердің болуы оның өзіндік бағасын жетілдіруіне әсер етеді.

Өзара қарым-қатынастар үрдісінде қалыптасқан кез келген баға белгілі бір дәрежеде оқушының жеке тұлғасының даму деңгейі болып табылады және оның басым бағаларының қандай жағымды және жағымсыз болғанына қарап, ол жөнінде жеке тұлғасы жөнінде қорытынды жасауға болады. Өйткені белгілі бір даралық ерекшеліктерге ие тұлға дәл осы тұлғалық қасиеттерді басқа адамдардан көруге бейім болады.

Мектептегі оқу үрдісінің тиімділігі үшін мұғалімдер мен оқушылардың бір-бірін өзара дұрыс қабылдау және бағалау мәселесі басты мәнге ие. Өзара қа-рым-қатынастың осы саласында әрқашан бәрі жағымды емес. Жеке дау-жан-жалдар мен түсінбестіктер негізінде білімді, жеке тұлғалық ерекшеліктерді, қа-лыптасатын өзара қарым-қатынастарды бағалаудағы қателіктер жатады. Оқушыны бағалай отырып, мұғалімдер өзі қойған бағасына күдікпен қарауы сирек. Оқушылар «педагогикалық» түсінік бойынша мұғалімге келіспейтіндігін, оның жеке тұлғасы, әрекеті туралы көбіне ашық айта алмайды. Демек, мұғалім педагогикалық бағалауда оқушылардың ұмтылыстарын жетілдіруге мүмкіндік беретін ақпараттар алмайды. Ал оқушыда қалыптасқан мұғалімге деген жағымсыз қатынас өте жылдам орнығып, ол оқытатын пәнге деген қатынасқа көшеді. Оқушының қызығушылығы жойылып, аталған пәннен оқу үлгерімі төмендейді. Бұл жағдай болмас үшін, пәнді оқыту үрдісінде өзін-өзі объективті бағалауды дамыту қажет, оқушылардың өз білім, білік, дағдыларын дұрыс түйсініп, ұғынып дұрыс бағалауына ұмтылған жөн. Мұны гуманитарлық, математикалық, жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқу үрдісінде іске асыруға болады.

Құндылықтар мен қағидалар жүйесі адамның өзіне және өзгеге беретін ба-ғасының негізі болып табылады. Оқушылардың өзін-өзі бағалауының қалыптасуының шарттарының бірі – балалардың бойында оларға адамдарды, олардың өзара қарым-қатынастары мен білімдерін ұғыну мен бағалауда бағдар ретінде болатындай, қалыптасқан құндылықтар, бейнелер, ережелердің болуы.

Өзін-өзі бағалау – жеке тұлғаның өте күрделі, көп бөлімді, құрылымды білі-мі. Ол жеке тұлғаның ұмтылыс талаптарының құрамдас бөлігі болып табылады, ол ерте балалық шақтан, сәбидің «мен өзім» деген алғашқы сөзінен бастап, адамның бүкіл өмір бойына қалыптасады, әрі дамиды. Бала «Мен өзім» деп айта отырып, ересектерге белгілі бір нәрсені орындауға қажетті өзінің мүмкіндіктері, біліктіліктерін бағалайтындығын айқын етеді.

«Өзін-өзі бағалау» және «өзін-өзі анықтау» ұғымдары психология мен педа-гогиканың іргелі ұғымдары болып табылады және кеңінен, әрі көп мәнде қолданылады.

Өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі анықтаудың мәні мен мазмұнын айқындау үшін, зерттеушілер бір жағынан, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың өзге психологиялық құбылыстарға орай орны мен қатынасын айқындаса, екінші жағынан – олардың нақты мазмұндық сипатын оқушының жеке тұлға ретіндегі түрлі жас деңгейлерін де айқындаумен айналысуда.

Өзін-өзі бағалаудың онтогенездтік дамуын талдаудың бағыты И.И.Чесноко-ва еңбектерінде көрініс тапқан. Ол жеке тұлғаның жалпы өзіндік бағалауын сөз ете отырып, өзін-өзі бағалаудың мазмұны «оны моральдық адамгершіліктік құндылықтары, қатынастары, мүмкіндіктері әлемін қамтиды», - деп жазады.

Даралық ерекшелік өзін-өзі бағалау, оның психологиялық әлемінің жеке-ленген жақтарының өзіндік анықтауы негізінде қалыптасады. Өзін-өзі бағалаудың әрі құрылымдық бөлімі тұлғаның оған сәйкес ерекшеліктері мен оған қаты-насты білу деңгейін таныта отырып, өзіндік даму жолына ие. Осыған орай, жалпы өзін-өзі бағалаудың қалыптасу үрдісі қайшылықты, әрі тең емес.

Өзін-өзі бағалаудың, оның реттеуші қызметімен қоса, қалыптасуының басты шарты оқушыларды ажырату, талдау және пәндік жағдаймен өзінің және өз-генің іс-әрекеті тәсілдерін қатар қою секілді рефлексияның дамуы үшін негізгі құрушы, әрекетті жалпылау тәсілдеріне үйрету болып табылады.

Р.С.Омарованың пікіріне сәйкес, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау өзіндік сананың дамуына қажетті білім болып табылады, яғни адамның өзін, өзінің де-не күшін, ақыл-ой қабілеттерін, әрекеттерін, мінез-құлқы түрткілері мен мақ-саттарын, қоршаған жандарға және өзіне-өзі қарым-қатынасын ұғынуы. Сөйтіп, оқу үрдісінде оқушының өз мүмкіндіктерін бағалауға деген ұстаным қалыпта-сады, бұл - өзін-өзі бағалаудың негізгі шарттарының бірі.

Өзін-өзі бағалауда баланың қол жеткен жетістіктері жөнінде және сонымен қоса оның ұмтылыстары, оның өз мінез-құлқын жалпы және жекелей алғанда оқу әрекетін өзін-өзі реттеуіне үлкен рөлге ие және болашақ дамуы жобасының көрінісі танылады.

Б.Г.Ананьев пікірінше, педагогикалық бағалаудың оқушыға тура немесе жа-нама түрде, жолдастары, отбасының өзін бағалауы арқылы тікелей ықпал етуі оқушының тарапынан белсенді қарым-қатынасты тудырады. Осыдан келе оқу-шының өзінің педагогты, отбасын, жолдастарын өзара бағалауы пайда болады. Бұл өзара бағалау педагогикалық бағалаудың маңызды нәтижелерінің келесі жағын – оқушының өзін-өзі бағалауын танытады.

Қалыптасқан өзіндік бағалауда оқытудың басты артықшылықтарының бірі оқушыларда өзіндік білім алудың мақсатқа бағытталған, әрі жүйелі түрде қа-лыптасуы, танымдық дербестіктің жоғары дәрежесі болып табылады.

Танымдық дербестік бағдарламада ұсынылған әдістемелік нұсқау көмегімен оқу материалын өз бетінше оқып-үйрену үрдісінде қалыптасады. Өзін-өзі бағалау оқытуды даралау саласында үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге ие, өйткені оқу-шының интеллектуалдық қабілетке ие екендігін және олардың заттар мен құбы-лыстардың, шынайы үрдістердің негізгі және қосымша белгілерін өз бетінше айыра білуін және жаңа түсініктердің мәнін дерексіздендіру мен тұжырымдау жолы арқылы айқындауын көрсетеді.

Өзін-өзі бағалау оқыту тиімділігін арттыруға бағытталады. Бұл оқыту үрді-сінің барлық компоненттерін мотивтік-мазмұндық, іс-әрекеттік, бағалау-нәтижелілік нақты кешенді зерттеу негізінде жүзеге асырылады.

Мотивтік-тұлғалық компонент қалған басқа компоненттердің мазмұнын ай-қындайтыны, әрі маңыздысы болып табылады. Оның ерекшелігі дидакикалық мақсаттардың оқыту мақсатына өзгеруі болып табылады, олар оқушыларға оқу жылы басында таныстырылады да, олардың танымдық іс-әрекетінде бағдар бо-лып табылады, оқу материалын оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың ықпал-дық қалпын және белсенділігін арттырады.

Өзін-өзі бағалаудың сәтті қалыптасуы үшін операциялық-әрекеттілік ком-понент үлкен мәнге ие. Негізгі құрал баға, бағалаудың әдістері мен тәсілдері туралы білімдер болып табылады, бұл оқытудың түрліше формалары мен әдіс-терін қолдану мүмкіндігін береді.

Өзін-өзі бағалаудың қалыптасқандығын оқыту үрдісінің нәтижелілігін тиім-ді бақылау және өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру арқылы анықтауға болады:

бақылау тапсырмаларының оқыту мақсаттарымен сәйкестігі;

оқушылардың оқыту мақсаттарымен және қорытынды бақылау тәсілдері-мен танылуы; алдын ала, ағымдағы және қорытынды бақылаулар өткізу.

Өзін-өзі бағалау – бұл дамушы үрдіс, адамның ішкі күштерін қозғалысқа келтіретіндігі мен оның рухани өсуіне қызмет ететіндігінен толыққанды үрдіс болып табылады. Дегенмен, бұл жеке тұлға қалыптасуының өзге де жақтары-мен өзара байланыста мүмкін болады.

Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы жеке тұлғаның әлеуметтік көзқарастары-ның бағыты мен белсенділігін, еңбекке даярлығының және өндірістік, мемле-кеттік әрі қоғамдық істерге қатысуының, өзін-өзі жетілдіруінің тиімділігін ай-қындайды.

Жеке тұлғаның дамуы ақыл-ой және дене еңбегін байланыстыру, оқытуды өндіріс еңбегімен, тәрбиені - іс жүзінде қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыстыру негізінде жүргізіледі. Сондықтан оқушылардың өзін-өзі бағалауының қа-лыптасуы қоғамдық пайдалы мәнге ие және әлеуметтік өмірге тікелей араласу мүмкіндігі бар оқу әрекеті үрдісінде жүзеге асырылуы тиіс. Бағалаудың қалыптасуы тәрбие үрдісі негізінде ұйымдастырылып, нақты жағдайларға тәуелді болады.

Бағалаудың қалыптасуы таным үрдісімен тығыз байланысты. Ғылымда та-рихи танымға адамзат қоғамының өткені туралы, оның даму заңдылықтары ту-ралы мағлұмат беретін танымды жатқызады. Тарихи таным әлеуметтік үрдіс-тердің, оның ішінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуының дамуын болжау мүм-кіндігін береді. Бұл ой оқушылардың өзін-өзі бағалауы мәселесі шешімін табу үшін түрлі ғылымдардың өзара әрекеттесуі талап етілетін мәселелердің бірі болып табылатындығына байланысты өте маңызды болып табылады. Педагоги-ка мен әлеуметтік психологияның өзара қатынасы елеулі. Оқушылардың өзін-дік бағалауын педагогикалық зерттеу нақты заңдылықтарды, сонымен қоса өзін-өзі бағалаудың қалыптасуының жеке пәндік жүйесін танытатын теория-лық, әдістемелік және эксперименттік факторларды белгілеуге бағытталуы тиіс.

Сонымен, ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде «өзін-өзі бағалау, «өзін-өзі анықтау» ұғымдарына төмендегідей анықтама береміз.

Өзін-өзі бағалау дегеніміз - өзіне сыни тұрғыда қарай отырып, өзін-өзі түсінуі мен қабылдауының психологиялық механизмдерін басқару мен жеке тұлғалық маңызды сапаларын дамытудағы ой-өрісінің, санасының өзіне деген қатынасы.

Өзін-өзі анықтау – оқушы өзінің іс-әрекеті мен көзқарастарын, жеке ерекшеліктерін объективті бағалау арқылы білім алу мен жеке өміріне, қоғамдық маңызды істер мен өзін-өзі жетілдіруге құндылық бағытының қалыптасуына психологиялық бағдарлауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет