Ағылшын тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 8-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
«Ағылшын тілі» пәнінен оқу жұмысын ұйымдастыруда келесі ұсыныстар беріледі: Білім алушылардың шығармашылық дағдысын қалыптастыруға бағытталған «Independent project» юнитына назар аудару қажет. Жобалау жұмысы арқылы
түрлі мақсаттар мен сөйлеу әрекетіне мұғалім фокус бойынша қалыптастырушы бағалауды жүргізеді. Жобалау жұмысының форматы мен мазмұны және (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет формалары, күтілетін нәтижесі, әрекетті бағалау формалары және т.б.) мектеп ішінде әдістемелік бірлестіктерде әріптестермен талқыланады.
«Reading for pleasure» бөлімінде оқу дағдыларын дамыту аясы бойынша әдістемелік нұсқауларды белсендіқолдану. Көркем және оқу әдебиет мәтіндерімен
жұмыс жасау ағылшын тіліне оқытудың міндетті элементі болып табылады және оқушылардың алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді.
Шетел тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің үлкен білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар. Бұл жұмыс тек шет тілі туралы
білімдерін арттырып қоймай оқушының мәдениеттану ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін тереңдетуге мүмкіндік береді, эстетикалық талғамын, өзге елдің
тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Міндетті курспен қатар толық практикалық, тәрбиелік, дамыту мақсаттарын жүзеге асыруға
толық жағдай жасайды.
Шетел тілін сыныптан тыс оқытуды моделдеу іс-әрекетінің негізгі тәсілдері :
тақырыптық ойынкештері;
елтануға арналған кіріспеүйірмелері;
шет тілдеріапталығы;
бейнеклубтар, тілдікорталықтар;
шет тіліндегі театрландырылған қойылымдар және т.б.
Тілдік құзыреттілікті бағалауда ескерілетін жағдайлар:
Білім алушылардың жіберген тілдік қателерін оларға түсінікті қарапайым тәсілдермен жеткізуге көңіл аудару қажет. Егер білім алушы өз білімін көрсете
алған болса бағалауда әсері болмау керек. Білім алушының ең басты мақсаты өз ойын қарапайым сөзбен бере білуі керек. Сөйлеуде грамматикалық талаптар дұрыс сақталмауы мүмкін. Біртіндеп өзіндік сөйлеу дағдысы қалыптасып, нақтылана әрі дұрысталатүседі.
Сұраққа жауап беру барысында білім алушылар бірінші тілді қолдануы мүмкін. Олардың бастапқы шектеулі сөздік қорлары және мақсатты тіл бойынша
білімдерінің аздығы сөйлеуі мен сұраққа дұрыс жауап беру барысында кедергі болуы мүмкін. Сондықтан барлық білім алушылар мақсатты тілге қашан көшуге болатынын келісіп алуға болады және келісілген уақыттан бастап бірінші тілді қолдану тоқтатылуы керек.
Мұғалім ережеге сәйкес ауызекі сөйлеу тілінде кеткен қателерді, сөйлемдерді қайта құру көмегімен дұрыстауға болады, бірақ білім алушыға дұрыс түрін
қайталату міндетті емес, себебі өзге тілде ол өз ойын сенімді жеткізе алмауы мүмкін.
Егер бір реет жіберілген қате тағы да қайталанса, сәйкес тақырыпты түсіндіру соңында мұғалім дұрыс үлгідегі сөздерге мысалдар келтіреді және қажет
болған жағдайда оның грамматикасына баса назар аударады. Бұдан өзге, сынып білім алушылары немесе мұғалім барлығы ынтымақтасқан іс-әрекет негізінде кейбір тақырыптарға байланысты лингвистикалық мазмұндағы сөйлемдерге мысалдар келтіре алады.
Жазба жұмысты тексеру барысында тілдік қателер ескерілмейді (егер білдіретін ойы мен мәтіні түсініксіз болса), бірақ педагог оны өзінің түсініктемесінде