Биография "Үш анық" шығармасы Шығарма мазмұны Студенттің пікірі Қорытынды



бет7/7
Дата27.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#128633
түріБиография
1   2   3   4   5   6   7

Біздің пікірімізше

  • Бірі заттық сенім, екіншісі – рухани сенім. Ал адамзат қауымы сана-сезімнің ең төменгі деңгейінен бастап, ең жоғарғы деңгейіне дейін қамтиды. Адамзаттың бір бөлігі бұл мәселенің бір жағын қолдаса, ал екінші бөлігі екінші жағын қолдайды. Сондықтан бұл екі көзқарас мәңілікті. Заман өзгерісіне байланысты бірде анауысы, бірде мынауысы басым болып, ауытқып отырады. Мысалы, орта ғасырларда, әсіресе, ислам Халифатында ақыретке сенген адамдар басым болды. Ал қазіргі заманды алатын болсақ, Қайта Жандану (Эпоха Возрождения) заманынан басталып, әсіресе Батыста, олардың саны азайып, екінші жағы басым бола бастады. Ал Кеңес дәуірінде халықтың басым көпшілігі жанды мүлде мойындамайтын атеистер болды емес пе?! Осылай Шәкәрім тіршілікке екі көзқарас барын көрсетеді. Енді әрі қарай ақылы сау адам үшін осы көзқарастардың маңызына тоқталады.

Қорытынды


Шәкәрім «Кейбір діншілдерді қор­лыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық»– дей келе «...әйтпесе жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы – ұждан, совесть деумен еш кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жәрдемі, үш анық дегенім осы»–деп сөзін түйіндейді [2,44]. Осылайша, мұсылмандық жолдың артықшылықтарын зерделеген. Оның қиянатсыздық жайлы айтқан ойлары Пайғамбарымыздың «Адам баласына ойымен, сөзімен, яки болмаса ісімен зәредей зиянын тигізбеген адам ғана шын мұсылман атануға лайықты»деген хадисімен үндесіп жатыр. Шәкәрім көздеген ар білімі адам баласын имандылықпен өмір сүруге шақырады. Шәкәрім жаратушы анық, жанда өлген соң бір түрлі тіршілік болатыны анық, екі өмірге де керек азық ұждан анық деп санаған. Ойшылдың «Үш анық» дегендегі айтпағы осы…

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет