30. Құрт тәрізді өсінді құрылымы мен маңызы. Ішектің бұл бөлігінде антигенге тəуелді емес лимфоциттер көбейеді де, көптеген лимфоидты тіннің жиынтығы кілегей асты негізінде орналасып, препараттан ерекше көрінеді. Жас балада ішектің кұрт тəрізді өсіндісінің қуысының пішіні үшбұрыш түрінде болса, ал ересек адамдарда дөңгелек болып келеді.
Дамуы. Нəрестеде бұл өсіндінің дамуын екі кезеңге бөліп қарауға болады. Алғашқы (8-12 апталық) кезде лимфоидты тін тіпті болмайды. Ал, 17-31 апталық ұрықта лимфоидты тін ішектің бұл бөлігінде өте белсенді түрде өседі. Ең жоғарғы дамып жетілу кезеңі 40-апталық нəрестеде байқалады да, құрамына Т,В-лимфоциттері орталық мүшелерден келіп қоныстана бастайды.
Құрылысы. Қабырғасындағы кілегейлі қабығында ішек крипталары (бездері) болады. Оның құрамында аздаған ғана бокал тəрізді жасушалары бар. Эндокриноциттерде баршылық, тіпті аш ішекке қарағанда мұнда көптеу. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында да базафильді боялған лимфоидты фолликулалары көрінеді, тіпті кейде тіршілігін жойған лимфоциттер жиынтығы да білінеді. Кілегей асты негізінде көптеген қантамырлары мен нерв будаларының өрімдері бар. Ет қабығы екі қабатты миоциттер жігінен: ішкісі – циркулярлы, ал сыртқысы – бойлық түрде орналасады. Сырты серозды қабықпен тысталған. Қызметі: қорғаныс, сонымен қатар, ішектің бұл бөлігін ағзадағы шеткі иммунды жүйеге де жатқызуға болады.
АНАТОМИЯ
Ауыз қуысы, ауыз қуысының бөлімдер, еріндер, қатты таңдай,қандануы, иннервациясы.
Жұмсақ таңдай: құрылысы,атқаратын қызметі, қандануы, иннервациясы.
Тістер: Сүт және тұрақты тістер, олардың формулалары, құрылысы мен пішіндері, атқаратын қызметі, иннервациясы.
Тіл: құрылысы, атқаратын қызметі, иннервациясы, қандануы
Тілдің қаңқалық және меншікті бұлшық еті, иннервациясы, қандануы
Тіл асты, жақ асты сілекей бездері: атқаратын қызметтері, құрылысы, шығару өзектері, қандануы мен иннервациясы.
Құлақ маңы сілекей бездері: атқаратын қызметтері, құрылысы, шығару өзектері, қандануы мен иннервациясы
Жұтқыншақ: оның бөлімдері, қабырғаларының құрылысы.