Биохимия асқорыту туралы түсінік


Құлақ маны безі. Шеткі бөлімдер мен шығару жолдарының құрылымдық ерекшеліктері



бет20/28
Дата12.05.2023
өлшемі256,78 Kb.
#92649
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
10. Құлақ маны безі. Шеткі бөлімдер мен шығару жолдарының құрылымдық ерекшеліктері.
11. Тіл асты безі. Шеткі бөлімдер мен шығару жолдарының құрылымдық ерекшеліктері.
12. Жақ асты безі. Шеткі бөлімдер мен шығару жолдарының құрылымдық ерекшеліктері.
13. Өңеш. Даму көздері. Әр түрлі бөлімдердің құрылымдық ерекшеліктері. Функционалдық мәні.
Өңештің қабырғасында төрт қабықтары: кілегейлі, кілегей асты, етті жəне адвентиция болады. Кілегейлі жəне кілегей асты қабықтарынан өңештің қуысына 7-10 шақты қатпарлары шығады. Кілегейлі қабығы үш қабаттан: эпителиі, меншікті жəне ет пластикаларынан түзілген. Өңештің эпителий қабаты – көп қабатты, жалпақ мүйізделмеген.Ересек адамдардың өңеш эпителиінің құрамында аздаған кератогиалиннің түйіршіктері болады. Эпителидің меншікті пластинкасы – ДТ, құрамында кардиалді бездері орын алады. Бүл бездер қарапайым, тармақталған-түтікшелі. Дəрігерлерге кардиалді бездердің қызметі мен құрлысын білу маңызды, себебі, бұл бездердің өзегі ашылатын жері, осыған байланысты көптеген сырқаттардың (əр түрлі жаралар, өңештің ісігі, кисталар мен дивертикулалар) дамитын ошағы болып саналады. Ет пластинкасы – тағамды жылжытуда маңызды қызмет атқарады. Құрамында миоциттері бар құрылым. Кілегей асты негізі кілегейлі қабықпен қосылып қатпарлар түзеді де, тағамды қозғалтып, жылжытуға қатысады. Кілегей асты негізіде өңештің меншікті бездері орналасқан. Бұл бездер күрделі,тармақталған альвеолярлы-түтікшелі,бөлетін секреті – таза шырыш. Ет қабығы -екі қабаттан тұрады. Өңештің үштен бір жоғарғы мойын бөлігінде көлденең жолақ ет тіні. Төменгі бөлігінде тегіс салалы ет тінінің – миоциттері, ал ортаңғы бөлігінде ет тінінің екі түрі де кездеседі. Өңештің асқазанға кіреберісінде сфинктері де (қысықышы) болады. Өңештің сыртын адвентиция қоршайды.
14. Асқазан. Қабықтардың жалпы сипаттамасы. Функционалдық мәні.
Дамуы: Асқазан эмбриогенездің 4 - аптасында ішек түтігінің энтодермасынан бастау алады. Ұрықтық мезенхимадан ДТ мен ет тіндерінің жасушалары дамиды. Ұрықтың екі - айында асқазан бездерінің эпителиі қалыптасады. Сыртқы мезотелиі спланхнотомның вицералді жапырақшасынан дамиды.
Құрылысы. Макроскопиялық зерттеулерде асқазанда: кардиалді, функционалді, денесі жəне пилорикалық бөліктерін: ал гистологиялық зерттеу барысында үш бөлігін: түбі, денесі жəне пилорикалық бөліктері анықталған. Асқазан қабырғасында қабықтары бар, қуысты мүше. Қабырғасында кілегейлі, кілегей асты негізі, етті жəне серозді қабықтары ажыратылады. Асқазанның əрбір бөлігіндегі кілегейлі қабығының гистологиялық құрылыс ерекшеліктері байқалады: кілегейлі қабықтың рельефі тегіс емес: шұңқырлары, аймақтары, қатпарлары анықталған.
Асқазан шұңқырлары- кілегейлі қабық эпителиінің меншікті пластинкаға ойыс жасап енуі. Қатпарлары- асқазанның кілегейлі қабығы мен кілегей асты негізінің асқазан қуысына қарай көтеріліп шығуы. Аймақтарыбездердің топтасып орналасқан тұстары. Асқазанның қабырғасындағы шұңқырлары мен қатпарлары кілегейлі қабығындағы функционалді құрылымдары болып саналады. Кілегейлі қабық үш қабаттан тұрады: эпителий, эпителидің меншікті жəне ет пластинкалары. Эпителий қабатыбір қабатты безді, призмалы пішінді эпителиоциттерден тұрады. Жасушалары-эпителиоциттер; олардың көбі мукоциттер. Мукоциттердің апикальді жəне базальді полюстері болады. Базальді бөлігінде ядросы, түйіршікті, түйіршіксіз ЭТ, ал апикаьлді бөлігінде көптеген шырышты көпіршіктері көрінеді. Шырыштың құрамында антидене LgА анықталған. Сонымен қатар, меншікті пластинкасындағы плазмоциттерден синтезделетін лизоцим мен антибактериоцидтік факторлар болады.
Асқазанның жабынды эпителиі секреторлы компонент бөліп, кілегейлі қабыққа əсер ететін зиянды заттарға төзімділік қасиет береді. Шырыш 0.5 мкм қалыңдықтағы қабат түзіп, асқазанның кілегейлі қабығын жағымсыз агенттерден сақтайды. Осылардың нəтижесінен асқазанда шырыштыбикарбонатты барьер түзіледі. Кілегейлі қабықтың эпителиоциттері көп мөлшерде простагландиндерді бөліп, шырыштың бөлінуін, кілегейлі қабықтағы қан тамырларының қызметін реттеп отырады. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы БТҚДТ- нен тұрады. Бұл пластинкада көптеген бездері болады. Асқазан бездері - қарапайым түтікшелі, тармақталмаған. Өзектері асқазан шұңқырында ашылады. Асқазан бездері үш бөліктен тұрады: түбі, денесі жəне мойны. Асқазан бөліктерінде орналасуына байланысты бұл бездер мына топтарға жіктеледі: кардиальді, фундальді жəне пилорикалық. Бұлардың құрылысы мен жасушалық құрамы əртүрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет