24. Гепатоциттердің құрылымдық ерекшеліктері. Гепатоциттердің құрылысы. Гепатоциттер бауырдың негізгі қызметтерін атқаратын жасушалары. Пішіні полигональді, цитоплазмасында бір, кейде бірнеше ядролары болатын, полиплоидты жасушалар. Əрбір гепатоциттердің: васкулярлы жəне билиарлы полюстері болады.
Васкулярлы полюсі-синусоидты капиллярларға бағытталған. Бұл полюсіндегі микробүрлері қан капиллярлары қабырғасындағы эндотелиоциттердің арасындағы саңылаулардан өтіп тікелей қанмен байланысады. Синусоидты қан капиллярымен гепатоциттердің васкулярлы полюсінің арасында Диссе қуысы болады. Диссе қуысында гепатоциттердің микробүрлері, Купфер жасушалары немесе бауыр макрофагтарының өсінділері, Ито жасушалары, кейде Pit жасушалары орналасады. Бауыр паренхимасында сүзгі болмағандықтан бауырда синтезделген біраз заттар тікелей қанға өтеді. Керісінше, қандағы қоректік жəне улы заттар гепатоциттерге өтіп, залалсызданып та отырады. Гепатоциттердің васкулярлы полюсі арқылы қандағы секреторлы антиденелер өт өзегіне өтіп отырса, ал билиарлы полюсі арқылы өт капиллярларына бағытталып, өтті синтездейді. Васкурлярлы полюсінен қанға белоктар, глюкоза, витаминдер, липидті қосылыстар синтезделінеді. Қалыпты жағдайда өт қанға өтпейді, себебі өт өзегін гепатоциттер қоршайды. Егер гепатоциттер зақымдалса (Боткин ауруында) өт оңай қанға өтіп «паренхиматозды сары ауру» пайда болады. Өт өзектерінде тастар, паразиттер мен ісік пайда болса, өт капиллярындағы қысым өседі де, ең соңында гепатоциттердің арасындағы байланысы бұзылып, өт қанға оңай өтіп кетеді. Бұл «механикалық сары ауру» түрінің шығуына алып келеді. Гепатоциттердің цитоплазмасында жасуша қосындыларынан: трофикалық қосындылардан-гликоген мен май, ал пигменттік қосындыдан лизасомалардың өзгерген түрі-липофусцин синтезделінеді. Адамның жасына байланысты аталмыш қосындылардың саны көбейеді. Адам майлы тағамдарды көбірек қолданатын болса, бауыр гепатоциттерінде ірі май қосындылары да пайда болады.
Бауырда гепатоциттерден басқа жасушалар да болады. Оларға: эндотелиоциттер, бауыр макрофагтары, липоциттер (Ито жасушалары), Pit жасушалары жатады. Бұл жасушалар көбінесе Диссе қуысында, перисинусоидты капиллярларға жақын орналасады.