28. Панкреатиялық ацинус. Ацинозды жасушалардың секреторлық бөлімі Ациноциттердің қызметінің реттелуі холецистокинин арқылы жүзеге асады, ол аш ішектің эндокриноциттері мен бездің секреторлы өзектерінен бөлінеді. Вазоинтестициалді полипептидтер (ВИП) Лангенгарс аралшықтарынан өңделеді. Ациноциттердің секретін тежейтін (РРжасушалары мен Д-жасушалары, Лангенгарс аралшықтарында эндокриноциттер) панкреатикалық полипептидтер мен соматостатин.
Орталық ацинозды жасушалары бездің қыстырма өзектерін тыстайды, бұлардың секрет бөлетін бөлігіне қатысы жоқ. Бірақ, безден гистологиялық кесінді алғанда (дайындағанда) бұл жасушалар ацинустың ішінде жатады, себебі өзек ацинустың ортасында орналасқан. Бұлардың цитоплазмасы ашық түсті, органеллалары аз, пішіні жалпақ, кейде куб тəрізді болып келеді. Біраз авторлар центро-ацинозды жасушаларды камбиалді жасушаларға жатқызады. Ұйқы безінің секреторлы өзектері мына ретпен орналасады: қыстырма өзек→ ацинус арқылы өзек→ бөлік ішкі өзегі→ бөлік аралық өзегі →жалпы секрет шығаратын өзек. Қыстырма өзегінің жасушалары бикарбонаттар өндіріп, химустың қышқылдық ортасын бейтарап қалыпқа келтіреді. Бикарбонаттың синтезінің реттелуіне секретин гормоны қатысады. Бұл гормон аш ішектің S-жасушаларының қызметіне байланысты өндіріледі. Ацинустың аралық жəне бөлік ішкі өзектері куб тəрізді, бөлік аралық өзектерінің қабырғасы цилиндр тəрізді эпителиоциттермен тысталады. Аталмыш эпителилердің құрамында мына жасушалар кездеседі: бағаналы, бокал тəрізді, эндокриноциттер де болады. Бездің жалпы он екі-елі ішекке келіп байланысатын сыртқы өзегінің құрылысы аталған өзектердің құрылысына ұқсас.
29. Ұйқы безі. Эндокриндік бөлім. Эндокринді бөлігінің құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі-Лангенгарс аралшықтары (инсула). Ацинустардан аталған аралшықтар БТҚДТ перделер арқылы шектелген жəне гистологиялық препараттарда бояуы экзокринді бөлігіне қарағанда ашық түсті. Аралшық жасушалары инсулиноциттер. Бұлардың арасындағы БТҚДТ перделерінде гемокапиллярлар орналасқан. Инсулиноциттер бояуды алу қабілетіне байланысты топтарға жіктеледі. Олар: А-ацидофилді, Д-дендритті, В-базофилді, Д1-аргирофилді, РРжасушалары.
В-жасушалары немесе базофилді инсулиноциттер негізгі бояулармен көк түске боялады. Аралшықтағы жасушалардың 75% түзеді. Бұл жасушалардың цитоплазмасында секреторлы түйіршіктерінің ашық түсті, жиектері бар жəне күшті дамыған белок синтезіне қатысатын органеллалары болады. Секреторлы түйіршіктері спиртте еритін, 275нм, құрамында цинк комплексі мен инсулин гормоны болатыны анықталған.
В-инсулиноциттердің қызметі қан құрамындағы глюкоза деңгейін төмендететін жəне оның ағза жасушаларына сіңуін қамтамасыз ететін инсулинді өндіреді. Инсулин бауырда глюкозадан гликогеннің түзілуіне ықпал етеді. Ағзада инсулин жетіспесе қант диабеті туындайды.
А-жасушалары немесе ацидофилді аралшықтардың 20-25%-ын түзіп, қышқылдық бояумен боялатын, түйіршіктері 230нм, суда ериді. Гликоген синтезіне қатысады. Гликоген инсулиннің қарсыласы (антогонисі). Электронды микроскопиялық зерттеулерден өткізгенде түйіршіктерінде жіңішке жиектері болады. Гликоген бауырдағы гликогеннің ыдырауына қатысып, қандағы глюкозаның мөлшерін жоғарылатады.
Д-жасушалары аралшықта 5-10% түзеді цитоплазмасындағы түйіршіктері 325нм, соматостатин гормонын түзеді. Бұл гормон А,В-жасушаларының жəне ациноциттердің қызметтерін тежейді, əр түрлі жасушалардың митозын (ингибиторы) төмендететін қасиетке де ие.
Д- жасушаларының түйіршіктерінің мөлшері 160нм, жіңішке жиектері болады. Бөлетін гормоны-вазоинтестициалді полипептидтер (ВИП). Артериалды қан қысымын төмендетіп, панкреатит сөлінің бөлінуін үдетеді. Аралшықтағы эндокриноциттердің ең азы.
РР-жасушалары (2-5%) аралшықтың шетінен орын алады. Бездің экзокринді бөліктерінде де кездеседі. Түйіршіктерінің мөлшері (140нм) мен пішіні, тығыздығы əртүрлі. Синтездейтін гормоны панкреатты полипептидтер (ПП). Бұл гормон ұйқы безінің 12-елі ішекке сөл бөлуін тежейді.
Ұйқы безінің экзокринді бөлігінің құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі-ацинустары. Ацинустар:ациноциттер мен орталық ацинозды жасушалардан тұрады. Бездің секреторлы өзектері:қыстырма (жасушалары орталық ациноциттер), ацинус аралық, бөлік ішкі, бөлік аралық болып жіктеледі.
Бездің эндокринді бөлігінің құрылыс-қызметін атқаратын бірлігіЛангенгарс аралшықтары. Лангенгарс аралшықтары əртүрлі инсулиноциттерден тұрады. Бездің бөлік аралық ДТ-ді перделерінде қан тамырлары, нерв ұштары, оның ішінде инкапсулярлы Фатер-Пачин денешігі болады.
Жас балалардың Лангенгарс аралшықтарының құрамында гастринді синтездейтін Gжасушалары болады.
Экзо-эндокринді бөліктерінен басқа ұйқы безінің құрамында аралас инсулоацинозды жасушалар бөлігі де болады. Бір мезгілде бұлардың құрамында ірі зимогенді түйіршіктерімен бірге майда эндокринді жасушалары да болады. Безде бұлардың 3-түрі болады. Олар: А, В жəне Д инсулоацинозды жасушалары. Бұл жасушалардағы секреторлы түйіршіктері: инсулин, глюкагон жəне соматостатин гормондарына сəйкес келеді. Осыған байланысты қанға аталған гормондарды синтездеп, ал ферменттерді ұйқы безі сөліне бөледі. Кейбір авторлар инсулоацинозды жасушаларды аралық жасушалар тобына жатқызады. Сондықтан мұны ациноциттердің инсулиноциттерге ауысуы деп те қарастырады.