15. Асқазан бездері, құрылымы, функционалды маңызы. Сан жағынан ең көбі фундальді бездері. Бұлардың секреторлы бөлігі нашар тармақталған. Құрамындағы жасушалары:
• Негізгі ;
• Париетальді ;
• Қосымша немесе шырышты жасушалары;
• Эндокриноциттері;
• Мойын мукоциттері;
Негізгі жасушаларының пішіні призма тəрізді, апикальді бөлігінде зимогенді түйіршіктері болады. Қызметі: профермент - пепсиногенді синтездейді. Аталған фермент қышқылдық ортада белсенді болғандықтан пепсинге айналады. Жас балаларда негізгі жасушалары липаза мен химозинді өңдейді.
Париеталді жасушалары- ірі, оксифилді боялған. Цитоплазмасында өте ірі кристалары, жақсы дамыған митохондриялары байқалады. Бұл жасушалардың ерекшелігі- көптеген микробүрлерімен, жасуша ішіндегі секреторлы каналдары болады. Қызметі, тұз қышқылын синтездейді(HCL). Секреторлы каналдары (түтіктері) HCL жасушадан шығуына септестігін тигізеді. Асқазанның эпителийі бикарбонаттарды шырышқа бөліп, тұз қышқылына бейтараптық қасиет береді, бұл болса HCl-дың зиянды əсерінен қорғайды.
Шырышты жасушалары немесе мукоциттері, пішіні призма тəрізді, цитоплазмасында ГК жақсы дамыған. Қызметі- шырышты өңдеу.
Эндокринді жасушалары- Р,-ЕС,-ЕСl,-G,-D1 ,− D1,− А, тағы басқа да түрлері болады. Эндокриноциттердің ерекшеліктеріне : цитопламзмасы ашық түске боялған түйіршікті ЭПТ, ГК жəне сектреторлы түйіршіктері болады.
Р – жасушалары; бомбезин синтездеп, өт қабының мускулитурасының қызметін жəне париетальді жасушалардың тұз қышқылын бөлуін реттейді.
ЕС – жасушалары; серотонин, мелатонин жəне Р затын бөліп шығарады. Серотонин кілегейлі қабықтың қан айналым қызметін реттейді. Сонымен қатар, негізгі жəне шырышты жасушаларының қызметінің белсенділігін сақтайды. Мелатонин болса, жасушалардың биоритмдік (күндізгі жəне түнгі) қызметін реттейді.
Р- заты, ішектердің моторикасына (жиырылғыштық) əсер етеді. (ауру модуляторы).
ЕCL− жасушалары, гисталинді синтездейді. Асқазанның қабырғасының жиырылғыштығын, жасушаларының қызметін реттейді.
G− жасушалары; гастринді синтездеп, негізгі жəне париетальді жасушалардың қызметін реттейді. Энкефалинді өңдеп, ауруды сездіру қызметіне жауапты.
D- жасушалары; соматостатинді өңдеп, бездердің синтезін, жасушалардың сөл бөлуін реттейді.
D1- жасушалары; Вазоинтестиналді полипептидтерді бөледі (ВИП). ВИП ет миоциттердің қызметін тежейді, қан қысымын төмендетіп, асқазан бездерінің қызметін реттейді.
А- жасушалары энтероглюкогенді синтездейді, бұл гормон қандағы қанттың мөлшерін көбейтіп, асқазан эпителиінің шырыш бөлуін реттейді. Қорыта келе, барлық эндокриноциттердің қызметтеріне :
• Кілегейлі қабықтағы қанайналым жүйесіне,
• Асқазан бездерінің қызметтеріне,
• Асқазан мен ішек қабырғасының моторикасына жауапты екені анықталған.
Мойын мукоциттері бездердің мойын бөліктеріне орналасады. Бұлардың цитоплазмасында муциннің синтезіне қатысатын шырышты көпіршіктері болады. Эпителиоциттерден бөлінген шырыш жасушаларды тұз қышқылы мен пепсиннің əсерінен сақтайды. Мукоциттер аз дифференциаланған, митоз жолымен көбейтеін жасушалар. Сондықтан бұлар бездер мен шырышты қабаттың эпителиоциттерінің регенерациясына қатысады. Асқазанның кардиальді бездерінің құрылыс ерекшеліктеріне:
• Кардиалді бездерінің секреторлы бөлігі фундальді бездерге қарағанда, жақсы тармақталған;
• Кардиальді бездердің мойын бөлігі қысқа;
• Кардиальді бездердің құрамында мукоциттері көп, аздаған негізгі, париетальді жəне эндокринді жасушалары (Ес пен ЕСL) болады.
Пилорикалық бездердің құрылыс ерекшелігі:
• Сирек орналасуына байланысты арасындағы БТҚДТ- нің элементтері анық көрінеді;
• Секреторлы бөліктері тармақталған, қуыстары кең;
• Париетальді жасушалары болмайды (болса да, аз). Шырышты мукоциттері көп.
• Пилорикалық бездер дипептидазаларды синтездейді;
• Бездің өзектері асқазанның ең терең шұңқырларына ашылады.
Кілегейлі қабықтың ет пластинкасы ет жасушаларының үш қабатынан: ішкісі мен сыртқысы айналмалы, ал ортаңғысы бойлық (тік) түрінде орналасқан. Кілегейлі асты негізі БТҚДТ - нен тұрады. Құрамында артериалді, венозды қан тамырларының тармақтары мен нерв талшықтары, түйіндері (Мейснер денешігі )болатын қабығы. Ет қабығы тегіс салалы ет тіндерінен: ішкісі қиғаш, ортаңғысы айналмалы, сыртқысы тік орналасып , үш қабаттан тұрады. Ет қабығының құрамында БГҚДТ, ондағы нервтер (Ауэрбах байламдары) мен қан тамырлары болады. Серозды қабығы екі қабаттан тұрады. Ішкісі БТҚДТ, сыртқысы мезотелий.