16. Асқазанның әртүрлі бөлімдерінің шырышты қабығының құрылымдық ерекшеліктері.
17. Аш ішек. Даму көздері. Аш ішек қабырғасының мембраналарының құрылымы. Қызметтері:
• Тағамды қорыту; ұйқы безінен бөлінген сөл мен фермент дипептидазаның көмегімен тағам қуыстық жəне қабырғалық қорытылып сорылады.
• Сору қызметі тағамның құрамындағы көптеген пайдалы өнімдері қан мен лимфаға сорылып, сіңеді. Бұған өзіндік себептестігін тигізетін ішектің кілегейлі қабығындағы эпителиидің жиектері (микробүрлері).
• Секреторлы қызметі шырышты, əрі ферментті (дипептидаза) ішек сөлін бөледі.
• Эксекреторлы қызметі аш ішекте зат алмасудың соңғы өнімдері пайда болады.
• Эндокринді қызметі жекеленіп орналасқан эндокриноциттері (ЖОЕ) көптеген гормондар бөледі.
• Қорғаныс - барьерлік қызметі шырыш пен лимфоидты түйіндердің көмегімен жүреді.
Аш ішектің құрылысында асқазан қабырғасындағы қабықтар мұнда да болады: кілегейлі,кілегей асты, етті жəне серозды. Ішкі кілегейлі қабығының рельефі тегіс емес, онда қатпарлары (циркулярлы), бүрлері, крипталары (бездері) болады. Аталған құрылымдары ішек қызметтері үшін өте маңызды. Бүрлері мен ішек крипталары кілегейлі қабықтың қызметін атқаратын бірлігі болып саналады.
Ішек бүрлері: саусақ жəне жапырақ тəрізді болып ішек қуысына қарай бағытталған кілегейлі қабықтың өсінділері. Ішекте бүрлердің саны өте көп, ең көп бүрлері 12- елі ішек пен аш ішекте (1мм2 -22-40-қа дейін бүрлер болады). Ішек крипталары немесе бездері - кілегейлі қабықтың эпителиі меншікті пластинкаға иіліп, ойыстанып түтікшелер түрінде енеді, ішектің 1мм2 да, 100 шақты бездері болады. Аш ішекте 150 млн-дай бездері бар, олардың биіктігі 0,25-0,5мм, ені 0,07мм.
Кілегейлі қабықты тыстайтын эпителий ішекте бір қабатты,призмалы əрі жиекті. Бұл эпителий меншікті пластинкаға бекінеді,ет пластинкасы да болады. Ішек эпителиінде төрт түрлі: бағаналы экзокриноциттер, бокал тəрізді экзокриноциттер, Панета жасушалары, эндокриноциттер болады. Аталған жасушалардың бəрі де бағаналы жасушалардың дифференциялануынан қалыптасқан жасушалар тобы (клоны). Ішек эпителиіндегі ең көп жасушасы ол- бағаналы экзокриноциттері. Экзокринді, ацидофильді түйіршіктері болатын Панет жасушалары топтасып, кейде жекеленіп те орналасады. Түйірщіктерінің құрамында белокті - полисахаридтер комплексі, ферменттер, лизоцим болады. Панет жасушалары ішектің микрофлорасына қатысып, антибактериоцидтік қызмет атқарады.
Ішек эндокриноциттерінің ең көбі ЕС жасушалары, бөлетін гормондары: мотилин, серотонин, Р-заты; А- жасушалары –энтероглюкагон синтездейді; S-жасушалары; секретинді өңдейді; Gжасушалары гастринді, Д жəне Д1 -жасушалары пептидтерді бөледі.