Биохимия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет35/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
 
16 суретт-РНҚ-ның екіншілік құрылымы 


54 
т-РНК-ның қызметі: ол өзінің антикодоны арқылы амин қышқылына таңба қояды
сондықтан амин қышқылдары полипептид тізбегіндегі өздерінің орнын тани біледі.
Екіншіден, белок синтезделетін жерге амин қышқылдарын тасымалдайды.
 
20.р – РНҚ, құрылысы, рөлі.  
р-РНҚ барлық жасушалардағы РНҚ-ның 80%-дан көбін құрайды. Прокариоттар 
жасушалары мен эукариоттардың митохондриясында р-РНҚ-ның үш типі кездеседі. 
Эукариоттардың цитозольында р-РНҚ-ның төрт бар, олар бір-бірінен молекулалық 
массалары бойынша ажыратылады. 
р-РНҚ рибосоманың құрамында кездеседі. Рибосома дегеніміз, 65% рРНҚ-дан, 35% 
жай белоктан тұратын рибонуклеопротеидтік комплекс. Бір р-РНҚ-ның молекуласы 
белоктың 30 молекуласымен байланысады. Әрбір рибосома үлкен және кіші суббірліктен 
тұрады. Үлкен бөлігі кіші бөліктен 2,5 есе үлкен (17-сурет).
Рибосомалар барлық клеткалардың төрттен бір бөлігін құрайды. Олардың массасының 
60%-ы гидраттанған күйде болады. Сондықтан оларға еріткіштер молекуласына оңай енеді. 
Р-РНҚ–ның поленуклеотид тізбегі оңай иіледі, белокпен бірге жинақталып, тығыз 
денешік түзеді. Р-РНҚ-ның бүтін болуы рибосомалардың функциясына міндетті түрде 
қажет. Р-РНҚтізбегінің бір жері үзілсе, рибосома өзінің активтігін түгелдей жояды. 
Рибосома м-РНҚ-мен біріге отырып, матрица түзеді. Бір рибосома әр түрлі белоктардың 
синтезіне қатыса алады, себебі, рибосома универсалды. Олар информацияны бөгде м-РНҚ-


55 
дан да оқи алады. Мысалы, өсімдік рибосомасы информацияны үй қоянының 
гемоглобинінің м-РНҚ-сын оқи алады. 
Рибосоманың екі аймағы болады: А-аймағы, бұл аймаққа рибосомаға келген аминоацил 
–т-РНҚ орналасады және Р-аймағы, бұл пептид бекітілетін аймақ, онда өсіп келе жатқан 
полипептид тізбегі ілініп тұрады. Осы жерден амин қышқылының қалдығынан босаған т-
РНҚ бөлініп шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет