Биохимия кафедрасы


Генетикалық кодтың сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет34/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
 
Генетикалық кодтың сипаттамасы 
1. Қазіргі кезде белоктың полипептид тізбегіндегі амин қышқылдарының орналасуы 
қатар тұрған үш нуклеотидтің көмегімен анықталатыны дәлелденген. Бұл үш қатар тұрған 
нуклеотидтерді триплет (кодон)деп аталады.
2. Генетикалық код тың арнайылығы бар.
3. м РНҚ-ның төрт түрлі А, Г, Ц, У нуклеотидтерінен алпыс төрт кодон құрауға болады. (4
3
), 61 кодон 20 амин 
қышқылдарын шифрлайды. Қалған үш кодонға (УАА, УАГ, УГА) бір де бір амин 
қышқылдары сәйкес келмейді. Олар «стоп-кодон» немесе аяқтаушы кодон деп аталады. 
Себебі, олар рибосоманың А-аймағына енгенде, полипептидті тізбектің синтезі тоқтайды. 
Амин қышқылдарының саны - 20, ал кодонның саны — 61, осы амин қышқылдарының ішінде 
триптофан (УГГ) мен метионин (АУГ) амин қышқылына бір ғана кодон сәйкес келеді. Ал 
қалғандарына 2-3 тіпті 6 кодонға дейін сәйкес келеді. Кодтың бұл қасиетін құлдырау деп 
атайды.
Зерттеулер көрсеткендей, кодонның бірінші екі әрпі кодонның арнайылығын анықтайды, ал 
үшінші әрпі кодонның арнайылығына қатты әсер етпейді. Барлық амин қышқылдарының 
кодондарын мына түрде жазуға болады: ХУ, ХУ— амин қышқылын анықтайтын кодонның 
бірінші екі бірдей әрпі, ал кодонның үшінші әріпі А немесе Г, У немесе Ц болуы мүмкін. 
Кодтың келесі қасиеті оның әмбебаптығы. Барлық вирустарда, өсімдіктер мен 
жануарларда бір амин қышқылы бірдей триплетпен шифрланады.
Код – үздіксіз оқылады. Ешқандай тыныс белгілерімен үзілмейді.
Кодтың оқылуы әр жерден емес, бір жерден басталуы керек, код қиылыспайды.


53 
19.т – РНҚ, құрылысы, атқаратын рөлі.  
т-РНҚ цитоплазмада болады. Барлық клеткадағы РНҚ-ның шамамен 5% құрайды. 
Молекулалық массасы -20000 Д, 73-93 нуклеотидтерден тұрады {с. 16). т-РНК негізгі 
рөлі тасымалдау және мРНҚ-ның кодонына комплементарлы сәйкес түрде амин 
қышқылдарын орналастыру. 
т-РНКның антикодоны, бұл нуклеотидтерінің орналасу реті мРНҚ-ның кодонына 
комплементарлы түрде болатын бөлім. . 
Барлық т-РНК-ның біріншілік құрылымымен қатар, екіншілік құрылымы да болады. 
Екіншілік құрылымы барлық т-РНК үшін әмбебап екендігі көрсетілді. Денатурацияға 
ұшыраған т-РНК-ның молекуласының түрі жоңышқаның жапырағындай, үш жапырақты 
болып келеді. Активсіз күйде оралып домалақтанған. т-РНК-ның молекуласында 
акцепторлық сабақша аймағы бар, ол барлық т-РНКда бірдей ЦЦА (5′→3′) 
нуклеотидтерден тұрады. Бұл жерге амин қышқылдары жалғасады. Амин 
қышқылдарының т-РНК-мен қосылуының арнайылығын аминоацил-т-РНК-синтетаза 
ферменті қамтамасыз етеді. Оған байланысатын орыны акцепторлық сабақша аймағының 
жанында. т-РНК-да рибосомамен байланысатын және антикодон деп аталатын 
бөлімдері де бар. т-РНК-ның антикодоны, бұл нуклеотидтерінің орналасу реті м-РНК-
ның кодонына комплементарлы түрде болатын бөлім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет