Биохимия кафедрасы


Сабақ: Гидролазалар, лиазалар, трансферазалар



Pdf көрінісі
бет43/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Сабақ: Гидролазалар, лиазалар, трансферазалар. 
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар мен олардың жауаптары: 
1. Гидролазалар, құрылысы, жіктелуі, биологиялық рөлі, таралуы. 
Гидролазалар- судың қатысымен күрделі заттарды жай заттарға дейін ыдырататын 
ферменттер. Гидролазалардың ішіндегі ең маңыздылары-на: көмірсуларды, белоктарды, 
липидтерді ыдырататын ферменттердің топшалары жатады. 1-ші топшаға – күрделі эфирлік 
байланыстарды гидролиздейтін эстеразалар жатады. 2-ші топшаға – көмірсулардағы 
гликозидтік байланыстарды гидролиздейтін гликозидазалар жатады. 3-ші топшаға – 
белоктардағы және полипептидтердегі пептидтік байланыстарды гидролиздейтін 
пептидгидролазалар жатады. Гидролазалар негізінен АШЖ-дағы тағам қорытатын сөлдерде 
болады. Сонымен қатар олар ағза және тін жасушаларында болады. Көптеген гидролазалар 
құрылысы жағынан жай бір компонентті болады. Гидролазалардың біразы активсіз күйде 
болады, олар АШЖ-ға тағам түскенде активтенеді. 
2. Эстеразалар, жіктелуі, өкілдері, каталитикалық белсенділігі, таралуы. 
Эстераза тобы 6 топшаға бөлінеді. Карбон, қышқылдарының эфир-лерінен тұратын 
эстеразалар липидтердің күрделі эфирлерін гидролиз-дейді. Өкілдері:
1) липазалар, тағам қорытатын сөлдерде кең қолданылады(асқазан, ұйқы безі, ішек), 
липидтердің гидролизін тездетеді(ТАГ);
2) фосфолипазалар, фосфолипидтердің гидролизін тездетеді. Фосфоэсте-разалар фосфор 
қышқылынан құралған күрделі эфирлік байланыстар-ды үзеді. Өкілдері: глюкоза-6-фосфатаза, 
АТФ-аза, ФДЭ-аза және т.б. 
3. Гликозидазалар, өкілдері, орналасуы, каталитикалық әсері. 


64 
Гликозидазалар топшасы гликозидтік байланыстарды үзеді, жасуша-ларда, тағам 
қорытатын сөлдерде болады, бірақ асқазан сөлінде бол-майды. Өкілдері: амилаза- крахмал мен 
гликогенді мальтозаға дейін ыдыратады; мальтаза мальтозаға әсер етіп оны екі молекула 
глюкозаға дейін ыдыратады; сахараза сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін ыдыратады; 
лактаза лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады; - амилаза гликогенді глюкозаға 
дейін ыдыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет