Биохимияға кіріспе. Биохимия пәні және оның міндеттері. Биохимиялық зерттеу әдістері



бет15/21
Дата07.02.2023
өлшемі268,89 Kb.
#65836
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Áèîõèìèÿ?à ê³ð³ñïå. Áèîõèìèÿ ï?í³ æ?íå îíû? ì³íäåòòåð³. Áèîõèìèÿ

Белсенді тасымалдау - мембрана арқылы заттардың өткізілуі транслоказалар көмегімен жүзеге асады, бірақ бұл кезде заттар олардың концентрация градиентіне қарама-қарсы бағытта, яғни концентрациясы аз ортадан концентрациясы жоғары ортаға, өткізіледі.
Бұл құбылыстың 2 варианты белгілі: симпорт және антипорт. Симпорт кезінде транслоказа екі затты (У,Х) бір бағытта өткізеді, оның біреуі-У концентрация градиенті бағытында диффузияланып екінші затты-Х, өзімен бірге ілестіріп өткізеді. Антипорт-транслоказа арқылы заттардың (У,Х) қарама қарсы бағыттарға өткізілуі, яғни У молекуласы Х-молекуласымен алмастырылады.
Мембрана арқылы (трансмембраналық) заттардың өткізілуі Жасуша цитоплазмасының маңызды қызметтерінің бірі-заттар ағынын қамтамасыз ету болып табылады. Заттар ағыны дегеніміз: біріншіден жасуша ішінде, кедір-бүдыр эндоплазмалық торда синтезделген ақуыздардың органеллалар арасында әрлі-берлі тасымалдануы; екіншіден көптеген жасушалар мен ұлпаларда синтезделген пептидтік гормондардың, асқорыту ферменттерінің, антиденелердің, өсу факторларының және басқа да секреторлық молекулалардың жасуша сыртына шығарылуы; үшіншіденсыртқы ортадан жасушаға үнемі әртүрлі заттардың өткізілуі.
Заттардың жасушаішілік-везикулалық тасымалдануының әмбебап және
тиімді құралы болып тасымалдану (мембрана) кѳпіршіктері (липосомалар,
мицеллийлар) арқылы секреторлық механизм негізінде тасымалдануы
болып табылады.

18. Тиімді тамақтанудың биохимиялық негіздері.
Тамақтану- ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады.
Сау адамның 1 тәуліктегі тиімді тамақтану рационы (1280-3000 ккал) бұл өмір сүру деңгейіне байланысты. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, витаминдер мен тканьдарды қалпына келтіруге, энергия шығының және ағзаның қажеттерін
толтыруға арналған басқа да заттар алады. Метоболизм үрдісі кезінде
ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар
құнарлықпен өлшенеді.
Ақуыздар- 80-100г Тірі клеткалардың негізі, олар ферменттер мен
гормондардың құрамына кіреді, тыныс алуға, бұлшық
еттердің жиырылуына және босаңсуына қатысады, ағзаны
микробтар мен вирустардан қорғайды.
Майлар – 70-100гағзаның негізгі энергия көзі болып табылады. Клеткалық мембраналардың, нерв тіндерінің негізгі құраушысы.
Көмірсулар –400-500г тамақтану мәзірінің негізгі бөлігін құрайды
және оның энергия құндылығының 50-60% қамтамасыз
етеді. Көмірсуға тәуліктік қажеттілікті дені сау 18-30 жастағы
ерлер мен әйелдерде 360 және 300 гр, немесе 1кг қалыпты дене салмағына 5гр.
Су – тағамдық мәзірдің маңызды бөлігі болып табылады. Ол зат алмасу әдістерін, тағамның қорытылуын, зат алмасу заттардың шығарылуын, жылу реттелудің және т.б. қамтамасыз етеді. Су адамның дене салмағының 2/3 бөлігін құрайды және ағзаның суды 10%- нан артығын жоғалтуы адам өміріне қауіп төндіреді. Адам 1-1,5л суды сұйықтық (сорпа, шай, кампот, шырындар) арқылы түзіледі.
 Аминқышқылдары:Аминқышқылдарының толық және жеткілікті
мөлшерімен қамтамасыз ету үшін ересек адам ағзасына тәулігіне түсетін барлық ақуыздың 80%-ы жануарлардан алынған тағам өнімдерінің ақуызынан болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет