Биология • экожүйелердің Өзгеруі 1 1-бөлім: Экожүйелер


сияқты әрекеттері экожүйелерге үлкен



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата14.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#107162
1   2   3   4   5
сияқты әрекеттері экожүйелерге үлкен 
зиян келтіруі мүмкін
Ұсынылатын фильмдер
- Деректер: Құстар миграциясы
- Деректер: Ғажайып миграциялар
- Миграция: Көбею
- Миграция: Жыртқыштық
- Миграция: Маусымдар
- Балдырлар
• Био-индикатор түрлер дегеніміз не?
Түрлер дамып жатқандықтан және өз ортасына бейімделгендіктен, біз 
экожүйенің шарттарын анықтау үшін, түрлерді пайдалана аламыз. Сонымен 
қатар, егер біздің индикатор түрлеріміздің популяциясы уақыт өте келе 
өзгерсе, бұл экожүйенің шарттары өзгерді дегенді білдіреді. Мысалы, 
қыналар ауаның ластануына өте сезімтал, оның кейбір түрлері өзгелеріне 
қарағанда шыдамдырақ келеді. Аумақтағы қына түрлерінің әртүрлі 
популяцияларын уақыт өте келе бақылай отырып, атмосфераның қалай 
өзгергені жайлы пайымдай аламыз.
• Ұсынылатын фильм
- Қына: Индикатор түрлер


 БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨЗГЕРУІ
4
Қосымша сұрақ
C6. Қына дегеніміз не?
Қына – негізінде бірлесіп өмір сүретін екі ағзадан тұрады (саңырауқұлақ және балдыр). Балдыр қорекпен 
қамтамасыз ету үшін фотосинтездейді, ал саңырауқұлақ қына мекендейтін тас бетінен су мен минералдарды 
сіңіре алады. Осындай байланыстың арқасында қына өте жайсыз мекен орталарында да өмір сүре алады!
3-бөлім: Биоалуандылық
• Биоалуандылық дегеніміз не?
Биоалуандылық экожүйедегі ағзалар санына және 
ағзалардың әркелкі типтерінің санына қатысты айтылады. 
Көптеген ағзалардан және көптеген түрлерден тұратын 
экожүйелер жоғары биоалуандылыққа ие болады. 
Биоалуандылық адам өміріне өте маңызды, себебі ол 
бізді тамақпен, материалдармен және дәрі-дәрмекпен 
қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, оның атмосфераға, 
топыраққа және суға тигізер маңызы зор. Сонымен қатар
түрлердегі генетикалық өзгерістер болашақ селекциялық 
бағдарламаларда маңызды болуы мүмкін. Сондықтан біздің 
биоалуандылықты сақтап отыруымыздың маңызы зор.
Қосымша сұрақ
C7. Қандай экожүйелер жоғары 
биоалуандылыққа ие?
Тропикалық ылғалды ормандар Жер бетіндегі 
ең жоғары биоалуандылыққа ие жерлер 
деп саналады. Ылғалды ормандар Жер 
бетінің шамамен 6%-ын ғана алып жатса да, 
ғаламшардағы барлық түрлердің жартысынан 
көбі сонда мекен етеді. Бұл экожүйелер экваторға 
жақын болғандықтан, жыл сайын көп мөлшерде 
күн сәулесін алады, сондықтан өте жемісті болып 
келеді. Өсімдіктер тез өседі де, көп өнім беріп
басқа ағзаларды қорекпен қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет