Биология • экожүйелердің Өзгеруі 1 1-бөлім: Экожүйелер



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата14.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#107162
1   2   3   4   5
• Ұсынылатын фильм
- Экожүйелердегі абиотикалық факторлар


 БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨЗГЕРУІ
3
Қосымша сұрақ
C5. Эволюция қалай жүзеге асады?
Келісім бойынша, эволюция табиғи сұрыпталу процесі арқылы жүзеге асады. Кез-келген популяциядан 
өзгешеліктерді байқауға болады. Мысалы, кейбір ағзалар ауруға төтеп бере алса, кейбірі қуаңшылыққа 
төзімді болады. Ғаламдық жылынуға байланысты шарттар өзгерді делік, онда жаңа шарттарға жақсырақ 
бейімделгендер тірі қалып, өз гендерін ұрпағына қалдырады, ал олардың өз кезегінде осы гендерді келесі 
ұрпаққа жеткізуге мүмкіндігі жоғары. Нәтижесінде, уақыт өте келе, популяциядағы гендер жиілігінің өзгеріске 
ұшырауы мүмкін, ол жағдайда біз популяция даму үстінде деп айта аламыз. Көптеген түрлер жақында болған 
ғаламдық жылынуға жауап ретінде дамып жатқан секілді.
Қыналар ең ежелгі тірі ағзалардың 
бірі деп саналады
• Ғаламдық жылыну экожүйелерге қалай әсер етуі мүмкін?
Ғаламдық климат үнемі өзгеріп отырады, соңғы 200 жыл ішінде 
орташа ғаламдық температура біршама артты. Пайымдаулар 
бойынша, мұның себебі – адамның әрекетінен, мысалы қазбалы 
отынды жағу салдарынан атмосферада түзілген көмірқышқыл газы 
мен метан секілді парниктік газдар деңгейінің артуы. Ғаламдық 
температураның артуы экожүйелерге үлкен әсерін тигізсе, ал 
температураның артуы ағзаларға тікелей және жанама түрде әсер 
етеді. Ауа райы шарттары өзгереді, теңіз деңгейі көтеріледі және 
мұздық қабат ериді. Мекен орталары жоғалып, қоныстану шарттары 
өзгеріп, жаңа аурулар пайда болуы мүмкін. Барлық биотикалық 
және абиотикалық факторлар кейбір түрлердің жоғалып кетуіне
ал басқа түрлердің дамып, жаңа мекен орнын пайдалануына жол 
ашады.
Адамның қалдық қалдыру және ластау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет