Биология • экожүйелердің Өзгеруі 1 1-бөлім: Экожүйелер



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата14.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#107162
1   2   3   4   5
• Ұсынылатын фильм
- Экожүйелердегі биотикалық факторлар


 БИОЛОГИЯ • ЭКОЖҮЙЕЛЕР • ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨЗГЕРУІ
2
• Ұсынылатын фильмдер
- Басқыншы жануарлар: Оңтүстік Америка құрбақасы
- Басқыншы өсімдік түрлері
2-бөлім: Экожүйелерге әсер ететін факторлар
• Адамдар экожүйеге әсер ете ала ма?
Құрақ құрбақасы қазір Австралияның 1 миллион 
шаршы километр аумағын алып жатыр
Қосымша сұрақ
C2. Жойылу дегеніміз не?
Жойылу – түрлердің толығымен жоғалып кетуін сипаттайтын термин. Мысалы, Жер бетінде бірде-бір динозавр 
қалған жоқ, сондықтан біз оларды жойылып кетті дейміз.
Адамдардың іс-әрекеті әлемдегі экожүйелерге үлкен 
әсерін тигізеді. Адамдар мекен орталарын бұзады, 
жыртқыш аңдарды аулайды, мұхиттардағы балық 
қорларын тауысады, табиғаттың ластануына себепші 
болады және кейде экожүйеге жаңа түрлер енгізеді. 
Экожүйеге бейімделмеген жаңа түрлердің енгізілуі, 
кейде үлкен кесірін тигізуі мүмкін, себебі жаңа ағза 
жаңа мекен орнын иеленіп, өзге ағзалармен жаңаша 
қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде көбінесе ағзаларды 
ығыстыруы және жойылып кетуге дейін апаруы мүмкін.
Қосымша сұрақ
C3. Мекен орны дегеніміз не?
Мекен орны – ағзаның экожүйеде алатын орны. Ол ағзаның физикалық орнын және басқа ағзалармен 
әрекеттесуін қамтитын экожүйеге байланысты кез-келген қасиетіне қатысты айтылады. Мәселен, ол немен 
қоректенеді және оны не қорек етеді. Бір түрге жататын даралар экожүйеде бір мекен орнын алады, себебі 
олар биотикалық және абиотикалық табиғат бөліктерімен әрекеттескенде, бірдей рөл атқарады.
• Қандай абиотикалық факторлар экожүйелердің өзгеруіне себепші болады?
Абиотикалық факторларға экожүйедегі жауын-шашынның, 
температураның және ауаның сапасы секілді барлық 
жансыз табиғат бөліктері жатады. Егер абиотикалық 
факторлар өзгерсе, экожүйенің құрылымына және 
қызметіне үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, экожүйедегі 
жылдық жауын-шашын мөлшері өзгеретін болса, бұл кейбір 
түрлерге кері әсерін тигізіп, ал кейбіріне тиімді болуы 
мүмкін. Уақыт өте келе бұл популяциялардың өзгерісіне 
алып келуі мүмкін, нәтижесінде бұл экожүйенің жұмыс істеу 
жолдарының іргелі өзгерістеріне әкеп соқтырады. Кейбір 
түрлер уақыт өте келе жойылып кетсе, басқалары жаңа 
шарттарға бейімделіп жатады.
Қосымша сұрақ
С4. Эволюция дегеніміз не?
Эволюция – түрлердің уақыт өте келе өзгеру 
және бейімделу процесі. Сондай-ақ, жаңа 
түрлердің бұрын болған түрлерден қалыптасу 
процесі. Эволюция кезінде популяциядағы 
белгілі бір гендердің жиілігі өзгеріске ұшырайды. 
Мысалы, ағазалар популяциясы шарттарға 
жақсырақ бейімделу үшін, ауруларға қарсы тұру 
үшін немесе жақсырақ жасырыну үшін өзгеріске 
ұшырауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет