Биология ғылымының салалары Тірі табиғаттағы өзгерістер жиынтығын зерттейді: Биология



бет3/112
Дата07.07.2023
өлшемі0,51 Mb.
#104087
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
Өсімдік ұлпалары
Шығу тегі бір, құрылысы, атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттардың жиыны:Ұлпа
Өсімдік ұлпасының түрлері: Тірек, жабын, түзуші, негізгі, өткізгіш, бөліп шығарушы
Түзуші үлпа екінші атауы: Меристема
Жасушалары өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ірі ядросы жасушаның дәл ортасында орналасқан:Түзуші ұлпада
Жасушалары жас, ұдайы бөлінетін ұлпа:Түзуші
Жасушалары үнемі бөлінуге қабілетті жәнеөсімдіктің өсуін қамтамасыз ететін ұлпа:Түзуші
Түзуші ұлпаның қызметі: Өсімдіктің ұзарып өсуі, ағаш жуандауы, жапырақтың үлкеюі, сыланған қабық пен сынған ағаштарды қайта қалпына келтіру
Тамырдың ұшынан өсуін қамтамасыз ететін жасушалар:Түзуші ұлпа
Тамыр мен бүршіктің өсуіне қатысатын ұлпа:Түзуші
Бүршіктің өсу нүктесі: Түзуші ұлпа
Бүршіктің жарылуы байланысты: Түзуші ұлпа
Көлеңкеге қарғанда,жарық жақтағы жапырақтарда:Түзуші ұлпалар жақсы жетілген
Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден сақтайтын ұлпа:Жабын
Өсімдіктерді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынанқорғайтын ұлпа: Жабын
Тамырларды қорғайтын ұлпа:Жабын
Өң, тоз, қыртыс деп бөлінетін ұлпа түрі: Жабын
Жабын ұлпаның өң бөлімі: Жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан,өсіндісі-түктер
Өңнің қызметі: Зақымданудан,судың артық булануынан сақтайды
Жапырақтың түссіз,астыңғы және үстіңгі өң қабатын түзетін ұлпа:Жабын
Көпжылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат: Тоз
Тоз дегеніміз: Өлі жасушалардың бірнеше қабаттарынан тұратын жабын ұлпасы
Өсімдіктердің барлық мүшелерінде және ұлпаларында кездесетін ұлпа: Негізгі
Өсімдіктерде органикалық заттар түзуге қатысады: Негізгі ұлпа
Жапырақтың жұмсақ бөлігін құрайтын жасыл ұлпа жатады:Негізгі ұлпаға
Қоректік заттар қоры жиналатын үлпа: Негізгі
Негізгі ұлпаның түрлері:Фотосинтездеуші, су, қор, ауа жинаушы
Жасушаларының қабырғалары жұқа,жасушаралықтары кең,хлоропластары көп ұлпа: Фотосинтездеуші
Хлоропластары көп болатын ұлпа: Фотосинтездеуші ұлпа
Жасушалары өте ірі ,онда қоректік заттарды қорға жинайды:Қор жинаушы
Өсімдік сабағында, жемтамырында, пиязшығында, тамырсабағында орналасқан ұлпа: Қор жинаушы
Жасушаларының қабығы қалың ,вакуолінде желімтік ,созылғыш заттары бар ұлпа:Су жинаушы
Арасындағы кеңістіктер ауаға толы болтын жасуша: Ауа жинаушы
Өсімдіктің «қаңқасы» саналатын ұлпа:Тірек_Жасуша_қабықшалары_қалың,_қатты,тірек_қызметін_атқарушы_ұлпа:Тірек_Жасушалары_қатты,_қиыршықты_ұлпа:Тірек'>Тірек
Жасуша қабықшалары қалың, қатты,тірек қызметін атқарушы ұлпа:Тірек
Жасушалары қатты, қиыршықты ұлпа:Тірек
Өсімдіктерге беріктік қасиет беретін ұлпа: Тірек
Су өсімдігін судан шығарып алса тез солып қалады, себебі:Тірек ұлпасы жетілмеген
Жапырақ тақталарының керіліп,дауыл соқса да төтеп беруі байланысты: Тірек ұлпа
Жапырақ жүйкелері құралатын ұлпалар:Өткізгіш_Тамырдың_топырақтан_сорып_алған_минералды_тұздарының_ерітіндісін_жер_үсті_мүшелеріне_жеткізеді:Өткізгіш_ұлпа'>Өткізгіш,_тірек_Жапырақ_жүйкелеріне_мықтылық_қасиет_беретін_ұлпа:Тірек_Өрік,_шабдалы,_шие,_жаңғақ_сүйектері:_Тірек_ұлпасы'>Өткізгіш, тірек
Жапырақ жүйкелеріне мықтылық қасиет беретін ұлпа:Тірек
Өрік, шабдалы, шие, жаңғақ сүйектері: Тірек ұлпасы
Қоректік заттарды өсімдіктіңбір мүшесінен, екінші мүшесіне өткізуші ұлпа:Өткізгіш
Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді:Өткізгіш ұлпа
Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшелеріне өткізетін ұлпа:Өткізгіш
Сүзгілі түтіктері болатын ұлпа:Өткізгіш
Сүзгілі түтіктердің қызметі: Органикалық заттар тасымалы
Өсімдіктерде керексіз заттарды шығаратын ұлпа: Бөліп шығарушы
Өсімдікте зат алмасудың нәтижесінде қатты және сұйық заттар бөлінеді: Бөліп шығарушы ұлпа арқылы
Хош иісті, тәтті шырын бөледі: Бөліп шығарушы ұлпа
Иіссудың,сабынның, бетке жағатын майдың,шаш жуатын сұйық сабындардың құрамына
қосады: Эфир майын
Шірнеліктер жататын ұлпа: Бөліп шығарушы
Қысқы тыныштық қалпына көшкен өсімдіктер ұлпасының ерекшелігі: Зат алмасуы өте баяулайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет