Жапырақ. Жапырақтың түрөзгерістері Түзсіз үстіңгі,астыңғы өңі мен жұмсақ ортаңғы қабаты бар өсімдік мүшесі: Жапырақ Жапырақтың қызметі:Артық суды буландыру, газ алмасу, органикалық затты қорға жинау, фотосинтез, көбеюге қатысады Жапырақтың жалпақ, кеңейген бөлімі: Тақтасы (алақаны) Жапырақтың сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі:Сағақ Бөбешік жапырақты өсімдіктер: Асбұршақ, итмұрын, раушан, қараған, беде Жапырақ тақтасының негізгі ұзарып өсіп,сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылып
орналасуы:Қынап Қынапты жапырақты өсімдіктер: Бидай, қамыс, жүгері, балдырған, күріш Жапырақ тақтасының пішіні ине тәрізді өсімдік: Қарағай, шырша Жапырақ тақтасының пішіні таспа тәрізді өсімдік: Арпа, бидай, жүгері, қарабидай Жапырақ тақтасының пішіні жүрек тәрізді өсімдік: Жөке, гүлшетен Жапырақ тақтасының пішіні бүйрек тәрізді өсімдік: Құсшөп Жапырақ тақтасының пішіні жебе тәрізді өсімдік: Шырмауық Жай жапырақты өсімдіктер: Терек, қарағаш, қайың, жөке Күрделі жапырақ жапырақшаларының орналасуына қарай: Үш құлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді Үш құлақты күрделі жапырақты өсімдіктер: Беде, соя Саусақ салалы күрделі жапырақты өсімдіктер: Атбас талшын, бөрібұршақ, қарасора Күрделі жұп қауырсынды жапырағы бар: Асбұршақ, чина, қоянбұршақ, сары қараған Күрделі тақ қауырсынды жапырағы барөсімдік: Қызыл мия, ақ мия, итмұрын, шаған, ақ қараған, шетен, грек жаңғағы Жапырақ жүйкелері құралады:Өткізгіш шоқтар (өткізгіш, тірек, қоректік ұлпа) Жапыраққа жүйке арқылы өтеді: Су, минералды тұздар Жапырақ жүйкелерінің негізгі қызметі:Беріктілік, серпімділік қасиет береді Жапырағы қауырсын тәрізді торлы жүйкеленген өсімдіктер:Терек, тал, алма, алмұрт Жапырағы саусақ салалы жүйкеленген: Үйеңкі, үпілмәлік (кенедән), бегония Жапырағы параллель жүйкелі өсімдіктер: Бидай, жүгері Жапырағы доғалы жүйкелі өсімдіктер:Інжугүл, жолжелкен Жапырақтың сабаққа бекінуінің 3 түрі бар: Кезектесіп, қарама-қарсы, топтанып Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса, онда ол: Кезектесіп орналасу Жапырақтары кезектесіп орналасатын өсімдік: Терек Сабақтың әр буынына екі жапырақтан бір-біріне қарама-қарсы бекінуі: Қарама-қарсы орналасу Қарама-қарсы орналасқан жапырақтар: Үйеңкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз Бір буынында жапырақ саны үш немесе одан артық орналасу түрі: Топтанып Топтанып орналасқан жапырақтар: Сарыағаш, қызылбояу, қарғакөз, талгүл (олеандр) Жапырақ тақтасының үстіңгі және астыңғы жақ беттерін қаптайтын қабықша:Өң Жапырақтың хлорофилі жоқ, түссіз жасушалары: Өң Жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан екі жасуша:Жанаспалы Газ алмасу және су буландыруға қатысады:Тыныс саңылауы Жапырақтың тыныс саңылауының қызметі: Артық суды буландыру, О2 мен СО2 шығару Саңылау арқылы жапыраққа енеді: Ауа Атмосфераға су буы, оттегі, көмірқышқыл газы шығарылып тұратын жапырақ жасушалары: Жанаспалы жасушалар Тарнспирация дегеніміз: Судың булануы Хлоропластар орналасады: Жанаспалы жасушаларда Жанаспалы жасушада болатын хлорофил дәндерінде түзіледі:Органикалық зат Өсімдікке жарықтың негізгі қажеттілігі: Органикалық заттар түзу Өсімдіктерде хлорофил түзілу үшін қажетті жағдай: Жарық Жапырақта қант түзілуі үшін керек:Жарық Бұл мезгілде жапырақ саңылаулары күндіз де, түнде де жабық болады: Күзде Лептесік дегеніміз: Жасушамен шектелген саңылау Жапырақта газ алмасу, судың булану қызметін атқарады:Лептесік Лептесігі жасушаның ортасында орналасқан ұлпа: Жабын Лептесіктер болады: Өң жасушалары арасында Егер өсімдік бойында су жеткілікті болса, онда лептестік: Түнде ашық, күндіз жабық Жапырақ құрылысының ішкі бөлімдері:Бағаналы жасушалар, борпылдақ жасушалар Жапырақтың жарық мол түсетін үстіңгі өңінің астына жанаса орналасқан жасушалар:Бағаналы жасушалар Жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болатын жасуша: Борпылдақ Жапырақ жүйкелері орналасқан қабат: Борпылдақ жасушалар Көлеңке сүйгіш өсімдіктер: Шамшат,жөке, інжугүл, қырықжапырақ Фотосинтез кезінде өсімдіктің ауадан сіңіретіні: Көмірқышқыл газы Жапыраққа күн сәулесі түскенде,хлоропластар ауадан сіңіреді:Көмірқышқыл газы Жапырақта көмірқышқыл газы мен су қосылғанда түзіледі: Глюкоза (қант) Жапырақта қанттың крахмалға айналу процесі өтеді:Хлоропласта Жапырақта күн энергиясықатысуымен болатын құбылыс:Фотосинтез Өсімдіктің тыныс алуына қарама-қарсы процесс: Фотосинтез Фотосинтез барысында жапырақта түзіледі: Крахмал Фотосинтез процесі кезінде атмосфераға бөлінетін газ: Оттегі Өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай өздері түзетінін дәлелдеген ғалым: Ван Гельмонт Фотосинтездегі хлорофиллдің рөлін алғаш сипаттаған орыс ғалымы: К.А.Тимирязев Жапырақтың суды буландыруының маңызы: Жапырақты салқындату Ылғалдың тапшылығынан өсімдіктердің жер үсті мүшелері бозғылт түсті түктері ақшыл болуының себебі: Судың булануынан қорғайды Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы: Суды аз буландырады Жапырақтары тікенектерге айналған өсімдік: Кактус, сарыағаш, кәріқыз, қарлыған Жапырақ түктері тікенекке айналған өсімдік:Итмұрын Жапырағы мұртшаға айналған өсімдіктер:Асбұршақ, үрмебұршақ Асбұршақтың жапырақ сағағының ұшындағы мұртшасы әлсіз сабақтарын басқа өсімдікке орады: Жарыққа қарай жоғары көтеру үшін Түрі өзгерген қорғаныштық қызмет атқаратын жапырақ: Қабыршақ Қабыршаққа айналған жапырақтың маңызы: Улы газдардан сақтайды Су қорын жинайтын түр өзгерген жапырақ: Шырынды жапырақ Шырынды жапырақты өсімдіктер: Пияз, қырыққабат, бозкілем, сарысалма, түбіртек Бозкілем, сарысалма жапырақтарында су қоры жиналады. Себебі: Құрғақшылық болғанда шырын, қор заттарын пайдаланады Сазда, батпақта, тоқтау суларда, көлдерде, азот пен минералды тұздар жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары айналған:Ұстағыш құралға Жапырақтары бунақденелілерді аулау құралына айналған өсімдіктер:Шықшылдық, шыбынжұт Шықшылдықтың жапырақ тақтасының үстіңгі беті мен жиектерінде қармалағыш безді түктерінің маңызы: Қонған бунақдене жабысып қалады Жетілмеген жапырақты өсімдік: Сұңғыла, жүзгін, қылша, арамсояу, сексеуіл Жапырақтың күзгі түсі:Жасуша шырынына байланысты Бүтін жиекті: Терек, қараған, қияқ, жүгері Дөңес жиекті: Жалбыз Ойыс жиекті: Өгейшөп