«Биология, география және химия» ббб


КІРПІКШЕЛІ ИНФУЗОРИЯЛАР КЛАСЫ



бет21/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   107
КІРПІКШЕЛІ ИНФУЗОРИЯЛАР КЛАСЫ - CІLІATA
Кірпікшелі инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында (псаммофильді түрлері) тіршілік етеді.
Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30 - 40 мкм-нан 1 мм-ге дейін.
Кірпікшелі инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптап тұрады. Кірпікшенің құрылысы талшықтың құрылысына өте ұқсас. Кірпікшенің ортасында қалың орталық 2 фибрилла, ал қалған 9 фибриллалар екеуінің айналасында орналасқан.
Фибрилдер кинетосомаға жалғасады. Кірпікшелілер жыныссыз және жынысты - конъюгация жолымен көбейеді.

2 лекция Метазоаның шығу тегі. Көп клеткалы жануарлар деңгейіне сипаттама. Phagocytellozoa және Parazoa. Тип:Spongіa-Губкалар


1.1.Губкалар типінің жалпы сипаттамасы. 1.2.Типтің систематикасы. 1.3.Экологиясы.
1.4.Құрылысы мен дамуының ерекшеліктері


Жануарлар дүниесі - Zoa немесе Anіmalіa - бір клеткалылар - Protozoa және көп клеткалылар - Metazoa деп аталатын екі тармаққа бөлінеді.
Көп клеткалылардың (Metazoa) негізгі сипаты: денесі дифференцияланған көп клеткалардан және үш ұрық жапырақшаларынан - эктодерма, энтодерма, мезодермадан тұратындығы. Осындай үш жапырақшалар көп клеткалылардың ұрығы дамыған кезінде қалыптасады. Ұрықтың дамуы барлық көп клеткалы жануарларға тән. Ұрықтану кезінде аталық және аналық екі гаметалар қосылып зиготаны түзейді, содан кейін организмнің жеке дамуы - онтогенезі басталады. Зигота бөлшектеніп бір-біріне тығыз жанасқан бластомерлер деп аталатын клеткалар тобын құрайды, ал осылардан бластула деген бір қабатты ұрық түзіледі. Бластула шар тәрізді, ішкі қуысы бластоцель деп аталады, бұл бірінші қуыс. Бластула түзіліп болғаннан кейін дамудың екінші кезеңі - гаструляция немесе екі қабатты ұрықтың дамуы басталады. Ұрықтың екінші қабаты, бластула клеткаларының ішкі бластоцель қуысына ауысуы нәтижесінде пайда болады. Гаструляция әр түрлі әдіспен жүре алады: инвагинация (бластуланың бір жақ қабырғасы ішкі бластоцель қуысына жиырылу аркылы екінші қабат түзіледі); иммиграция (бластула кабырғасындағы клеткаларының біразы өз орнынан бластоцель қуысына ауысып, екінші қабатгы құрайды); эпиболия т. б. Гаструланың екі ұрық жапырақшасының біреуі - эктодерма сыртқы қабат, екіншісі - энтодерма ішкі қабат. Осыдан кейін эктодерма және энтодерманың аралығынан клеткалардың үшінші мезодерма қабаты түзіледі де, мүшелер құрала бастайды.
ФАГОЦИТЕЛЛОЗОА - PHAGOCYTELLOZOA - алғашқы қарапайым құрылысты көп клеткалылар. Бұларға жаңадан ашылған тақталылар - Placozoa типі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет