Қарапайымдылардың жалпы сипаттамасы, құрылысының ерекшеліктері.1.Тип:SARCOMASTІGOPHORA-Саркомастигофалар 1.1. Саркомастифолар типінің жалпы сипаттамасы. 1.2. Типтің систематикасы. 1.3.Экологиясы. 1.4.Құрылысы мен дамуының ерекшеліктері. 1.5.Маңызы.
Қарапайымдылар- бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір клеткалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады.
Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1,5 мм.