«Биология, география және химия» ббб



бет29/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   107
Ac қорыту жүйесі ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы ұшында орналасып, көпшілік жағдайда ерекше өсінділер - еріндермен қоршалған: арқа және екі бүйірлік. Ауыз тесігі ауыз қуысымен (стома) жалғасады. Ауыз қуысының құрылысы әр түрлі. Нематодтардың жануарлар паразиті болып келетін (зоопаразит) өкілдерінің ауыз қуысында кутикулярлы тіс өсінділері болады, ал өсімдік паразиттерінің (фитопаразит) ауыз қуысы сорғыш мүшеге - стилетке айналған. Стилет ауыз қуысында арнайы бұлшықет - протракторлар арқылы қозғала алады. Топырақта және суда тіршілік ететін жыртқыш нематодтарда стомалық қуыс найзамен немесе қозғалмайтын өсінділер - онхамен қаруланған.
Ауыз қуысы өңешке ұласады. Өңеш үш қырлы, алдыңғы бөлімі қалың, бұлшыкетті, артқысы - безді. Өңештің кеңейген бөлімі бульбус деп аталады. Көпшілігінде бульбусы екеу: ортаңғы (метакорпальды) және артқы (кардиальды). Кардиальды бульбустың үккіш аппараты жақсы дамыған.
Жыныс жүйесі түтік пішінді, дене қуысында орналасқан, аналығында жұп күйінде сақталса, аталығында түтіктерінің біреуі редукцияға ұшырап тақ болады.
Аскарида аналықтарының жыныс мүшесі өте жіңішке, жіпше тәрізді, жұп жұмыртқа безінен басталады. Оның қабырғасы бір қабатты эпителий клеткаларынан, ортасында ерекше рахис деп аталатын кіндік желі немесе овоциттердің (жұмыртқалардың) өсу аймағы орналасқан. Рахистың төңірегінде жыныс клеткалары қалыптасады. Жұмыртқа безі біршама жуандау, екі жұмыртқа жолына ауысып, олар одан да жуан екі жатынға жалғасады. Екі жатын қосылып жіңішке қынапқа айналады да, ол дененің алдыңғы құрсақ жақ бөлімінде жыныс тесігімен аяқталады.
Классификациясы. Нематодтардың систематикасы сезім мүшелерінің және зәр шығару жүйесінің ерекшелігіне негізделген. Нематодтар класы екі класс тармағына бөлінеді: аденофореа - Adenophorea және сецерненттер - Secernentea.

4 лекция. Төрт қабатты жалпылай қуысты жануарлар тобына сипаттама.


ANNELІDA-Буылтық құрттар
1.1.Буылтық құрттар типінің жалпы сипаттамасы. 1.2.Типтің систематикасы. 1.3.Экологиясы. 1.4.Құрылысы мен дамуының ерекшеліктері. 1.5.Маңызы.

Аннелидтер (латынша "annulus" - сақина) немесе буылтық құрттар типі - жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты (Coelomata) жануарлар. Буылтық құрттар төменгі сатыдағы құрттардан - морфологиялық жағынан да, биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардың денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе метамерлерден (сақина тәрізді буындардан) құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзіндік қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның (қуыстың) қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.


Ac қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құралған.
Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған.
Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Жұмыртқалары спиральды және детерминативті жолымен бөлінеді. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Личинкасы трохофора.
Буылтық құрттардың денесі арқа-құрсақ (дорза-вентральді) бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін.
Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі.
Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер - Aclіtellata және белдеулілер - Clіtellata.

  • БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - ANNELІDA

  • БЕЛДЕУСІЗДЕР ТИП ТАРМАҒЫ - ACLІTELLATA.

  • КӨПҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - POLYCHAETA

  • КЕЗБЕШІЛЕР НЕМЕСЕ ЕРКІН ЖҮЗУШІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ERRANTІA

  • ОТЫРҒЫШТАР НЕМЕСЕ БЕКІНІП ТІРШІЛІК ЕТЕТІНДЕР

  • КЛАСС ТАРМАҒЫ - SEDENTARІA

  • БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - CLІTELLATA

  • АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - OLІGOCHAETA

  • Найдоморфа отряды - Naіdomorpha

  • Люмбрикоморфа отряды - Lumbrіcomorpha

  • СҮЛІКТЕР КЛАСЫ - HІRUDІNEA

  • ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ARCHІ-HІRUDІNEA

  • Қылтанды сүліктер отряды - Acanthobdellіda

  • НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - EUHІRUDІNEA

  • Тұмсықты сүліктер отряды - Rhynchobdellіda

  • Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellіda





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет