«Биология, география және химия» ббб


Бас сүйексіздер (Acranіa) мен личинка хордалылар (Urochordata) тип тармағы



бет40/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

Бас сүйексіздер (Acranіa) мен личинка хордалылар (Urochordata) тип тармағы
2.1. Тип тармақтарына жалпы сипаттама.
2.2. Ланцетниктің анатомо-морфологиялық құрылысы.
2.3. Хордалылардың шығу тегі және төменгі сатыдағы хордалылардың филогениясы.
Бассүйексіздер - Acranіa өте қарапайым, бірақ нағыз теңізде тіршілік ететін аз таралған жануарлар тобы. Хордалылардың негізгі белгілері өмір бойы сақталады. Осы қасиетіне байланысты бассүйексіздер басқа төменгі сатыдағы хордалылар тип тармағынан бөлінеді.
Бассүйекссіздердің дене құрылысы хордалылардың құрылыс схемасының қарапайым көшірмесі болып табылады. Жүйке түтігі бас миымен жұлынға дифференсацияланбаған, сезім мүшелері жетілмеген. Ми сауыты жоқ, қан айналысы тұйық. Қаңқасы хорда мен оны қоршаған қабық. Бассүйексіздердің дене құрлыстарының қарапайымдылығы тіршілік жағдайымен тіршілік әрекетіне байланысты. Қазіргі бассүйексіздер теңіздердің таяз жиектерінде құмға еніп тіршілік етеді, қозғалысы қарапайым. Қоректенуі, қорғанысы пассивті. Бассүйексіздер мен толық танысу үшін өкілі ланцетниктің (Branchіostoma Lanceolatum) анатомиялық-морфологиялық құрлысымен танысамыз.
Сыртқы пішіні. Ланцетник балық пішіндес, ұзындығы 5-8 см жартылай мөлдір майда жануарлар, денесі екі бүйірінен қысыңқы. Арқасының өн бойындағы қатпар арқа қанаты созылып құйрық бөлімінде найза сияқты құйрық қанатына ауысады. Денесінің астыңғы екі бүйірінде атриал тесігіне дейін созылып жатқан 2 метаплевральды қатпары болады. Денесінің алдыңғы бауыр жағында 10-20 жұп қармалауыштармен қармалған ауыз алды тесігі орналасқан.
Тері жамылғысы. Ланцетниктерде терісі 2 қабатты: беткісі - эпидермис, астыңғысы – кутис деп аталады. Басқа хордалыларға қарағанда эпидермис 1 қабаттан тұрып, жұқа қабат кутикуламен қапталған. Кутис нашар жетілген. Бұлшық-ет жүйесі. Ланцетникте бұлшық-ет жүйесі аз дифференцияланған, тек жүзу және құмға ену сияқты қарапайым қозғалыстарды қамтамасыз етеді. Миомерлер өзара миосепталар арқылы бөлінген. Қаңқасы - негзінен хорда және жүйке түтігімен хорданы қоса қоршап жатқан ұлпалы қабық болып табылады. Бұл қабықтың өсінділері қабырғқа миосепталармен тері асты дәнекер ұлпасымен байланысады. Желбезек саңылауларының жиектерінде тіректік қызметті клеткасыз талшықты заттардың торлары атқарады. Жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі невроцель қуысы бар жүйке түтігінен тұрады. Түтік арқа бөлігінде жиектері өзара қосылмай, невроцель жіңішке саңлау күйінде болады. Түтіктің алдыңғы жағында невроцель кеңейіп, бас миының 3-ші қарыншасына сәйкес келеді. Ұрық даму кезінде невроцель невропора арқылы сыртқы ортамен қатынасады. Ересектерінде ол болмайды. Невропораның сыртпен қатынасатын (бас бөлімі) теріде иіс сезу шұқыры қалыптасады. Жүйке түтігінің өн бойында невроцельдің екі жиегінде жарық сезгіш түзілістер - Гессе көзшелері орналасқан. Оның әр қайсысы 2 клеткадан: 1-ші жарық сезгіш: 2-ші пигмент клеткаларынан тұрады. Нәтижесінде ланцетниктің жүйке орталығы тұтасымен жарық сезгіш қабілетке ие болады. Сезім органдары өте қарапайым. Жарықты Гессе көзшелері қабылдап, иіс сезу шұқыры судың химиялық құрамын анықтауы мүмкін. Бүкіл денесінде шашыраңқы сезімтал клеткалар орналасқан. Қоректенуі және тыныс алуы пассивті. Ланцетник-ауыз алды воронкасындағы қармалауыштардың және эпителийдің қозғалуына байланысты су ағыны арқылы судағы майда микроорганизмдермен қоректенеді. Жұтқаншағы салыстырмалы үлкен екі бүйірінде 100 көлбеу орналасқан желбезек саңылаулары орналасқан. Желбезек саңылаулары сыртқа емес атриал қуысына ашылады. Атриал қуысы екі метаплевральды қатпарлардың өзара бірігуінен пайда болып, сыртқы ортамен атриал тесігі арқылы қатынасады. Сонымен су желбезек саңылаулары арқылы атриал қуысына одан атриал тесігі арқылы сыртқа шығады. Атриал қуысының болуы құм арасында тіршілік етуіне байланысты желбезек саңылауларын бітелуден сақтайды.
Жұтқыншақтың бауыр жағында толқынды эпителиймен астарланған ұзына бойы жұлға-эндостиль орналасқан. Ауыз тесігі алдында жұлға 2-ге бөлініп жұтқыншақтың үстіне қарай көтеріліп желбезек үсті жұлға деп аталынып, ішекке дейін созылады. Эндостильдің функциясы: без клеткалары шырыш бөліп оған судағы жүзетін қорек заттар жабысады.
Қан айналу жүйесі-қарапайым бірнеше қан тамырларынан тұрып, қаны түссіз келеді. Зәр шығару жүйесін - жұтқыншақ тұсында орналасқан көптеген (90 жұп) нефридиялар атқарады. Нефридиялық түтіктің бір ұшы атриал қуысына, екінші ұшы шығарушы түтіктерді дене қуысымен жалғастыратын тесіктермен аяқталады. Көбеюі және дамуы. Жыныс органдары сегментті орналасқан (26 жұп) жыныс бездері болып табылады. Ланцетниктер дара жынысты болғандарымен құрылысы формасы жағынан ұқсас, көпіршік формалы. Жұмыртқасы майда сарыуызы аз сондықтанда майдалану толық біркелкі жүреді. Гаструляция инвагинация жолымен пайда болады. Эктодермадан пайда болған жүйке түтігі алдында невропора арқылы сыртқы ортамен артында ішкі жүйке каналы арқылы І-рет ішек қуысымен жалғасады. Кейін соңғысы жойылып невропора орнына иіс сезу шұқыры пайда болады. Осылармен бір мезгілде эктодермадан хорда дамиды. Дәл осы кезде энтодермадан хорданың екі бүйірін ала метомерлі орналасқан целом қапшықтары мезодерма дамиды. Даму кезеңінде әр бір целомдық қапшық арқа бөлігі-сомит, бауыр бөлігі-бүйір пластинкаларға бөлінеді. Сомиттердің қуыстары өзара қосылмай жойылып кетсе бүйір пластинкалардың қуыстары қосылып 2-рет целом пайда болады.
Сомиттер даму барысында 3 бастаманы береді: 1) Склеротом (сомиттің төменгі ішкі бөлігі) хорда, миосепта бастамасы. 2) Миотом. 3) Дермотом.
Бассүйексіздер тип тармағына тек 1класс Басхордалылар - Cephalochordata жатып оның өкілдері 2 тұқымдасқа бөлінеді:
1 тұқымдасы: Branchіostomodae. Құрлысын жоғарғыда таныстық 20 түрі белгілі. Қара теңіз, Жерорта, Атлант мұхит жағалауында кездеседі.
2 тұқымдасы: Amphіoxіdae. 10 түрі белгілі, биологиясы нашар зерттелген. Үнді, Тынық мұхиттарының терең жерлерін мекендейтін бассүйексіздер. Ерекшеліктері: атриал қуысы болады. Бауыр өсіндісі болады, желбезек саңылаулары жеке ашылады. Ауыз сол жағына ауысқан.
Бассүйексіздердің практикалық маңызы шамалы. Теңіз жүлдыздары және теңіз түбінде тіршілік ететін балықтар қоректенеді. Қытай, Жапонияда тамақ есебінде пайдаланады.
Личинкахордалылар- Urochordata (1500) салыстырмалы көп таралған, теңіз жануарлары. Басқа хордалылардан ерекшеліктері көпшіліктерінің ересек кезеңдерінде хордасы мен жүйке түтіктері болады.
Дене пішіндері құмыра тәрізді, көпшіліктері сыртынан қорғаныштық қасиеті бар шеміршек тәрізді қабық туникамен қапталған. Бұл отырып тіршілік етуге бейімделушілік болып табылады. Тағы бір бейімделушілік белгілер олар жыныссыз жолмен бүршіктену арқылы көбейе алады. Гермофродиттер. Көпшіліктері отырып колониялы немесе жеке тіршілік етіп барлық теңіз, мұхиттарда кездеседі. Бізде Каспий, Азов теңіздерінде жоқ. 150 түрі бар. Личинкахордалылардың өкілі есебінде асцидияның (Ascіdіa mentula) құрлысымен танысамыз.
Ересек асцидияның құрылысы қосауызды құмыраға ұқсас. Табанымен субстратқа бекініп отырады. Денесінің жоғарғы жағында түтік тәрізді өсінділер оналасқан. Өсіндінің жоғарғысы үлкен қап тәрізді жұтқыншақ ауыз сифонымен жалғасады. Жұтқыншақ көптеген су айналып тұратын тесік сигмаларымен тесілген. Жұтқыншақты қысқа өңеш қап тәрізді қарынмен жалғастырады. Қарыннан басталатын қысқа ішек екінші клоакалық сифонда орналасқан сыртқы ортамен байланыстыратын қуысқа ашылады. Қоректенуі пассивті. Сумен келген қорек заттар эндостилге ұсталады. Эндостил жұтқыншақ түбінен басталып оның бауыр жағымен ауыз тесігіне қарай көтеріледі. Осы жерде эндостиль екіге бөлінеді, арқа пластинкаларына ауысады. Ас түйірлері жұтқыншақ жаны сақинаға итеріліп одан арқа пластинкалары арқылы өңешке бағытталады.
Қан айналуы: ашық. Жүйке жүйесі: арасында қуысы жоқ екі сифон арасында орналасқан ганглий болып табылады. Көбеюі, дамуы: Жыныссыз жолмен көбейгенде аналық даралардың бауыр жағынан колба тәрізді өсінді өсіп шығып, онда біртіндеп органдар дами бастайды. Жеке асцидияларда аналығынан бөлініп кетсе колониялы формалары бөлінбейді. Жыныстық көбеюі ұрықтанған жұмыртқадан ересектеріне ұқсамайтын личинка шығады. Личинка жұтқыншағы кіші, желбезек саңылауы аз. Личинканың ерте стадияларында хордалыларға тән жүйке түтігі қалыптасады. Энтодерманың арқа бөлігінен хорда дамиды. Ішек түтігінің бүйір қабырғаларынан мезодерма қалыптасады.
Личинкахордалылар - Urochordata тип тармағы үш класқа бөлінеді.
1 класс-Ascіdіae.
2 класс-Appendіcularіae.
3 класс-Salpae.
Appendіcularіae- ерекшеліктері хордалары, жүйке түтігі өмір бойы сақталады. Жүйке түтігінің алдында невроцель қалдығы сақталады. Туникалары нашар жетілген. Ол аппендикулярия әр бір өз үйінен шыққанда бұзылып жаңа үй без клеткалары секреттерінен қалыптасады. Мөлшері кіші 1 см, бос қалқып өмір сүреді. Көбеюі жынысты жолмен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет