«Биология, география және химия» ббб


Класс тармағы: ІNSECTA-Насекомдар



бет37/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

Класс тармағы: ІNSECTA-Насекомдар


1.1.Насекомдар жалпы сипаттамасы. 1.2.Класс тармағының систематикасы. 1.3.Экологиясы.1.4.Құрылысы мен дамуының ерекшеліктері.1.5.Маңызы.
Сыртқы құрылысы: ересек насекомдардың денесі үш бөлімнен тұрады: бас, кеуде, құрсақ. Басында қос буынды әртүрлі антенналары (мұртшалары), қарапайым немесе күрделі көздері және ауыз аппараттары орналасады. Ауыз аппараттарының типіне қарай насекомдарды екі үлкен топқа бөледі: кемірушілер (мондибулярлы) және сорушылар (тұмсықтылар). Байқалатын айырмашылықтарына қарамастан бұл насекомдар топтарының ауыз аппараттары гомологты. Кеміргіш ауыз аппараты ең қарапайым. Ересек насекомдарда кеміргіш ауыз аппараты үш қос жақ аппаратынан құралады: мандибулялардан, буынды сезгіш мұртшалы бірінші максиллалардан және астыңғы ерінге айналған екінші максиллалардан.
Кеуде бөлімі үш сегменттен тұрады: алдыңғы кеуде, ортаңғы кеуде, артқы кеуде. Ортаңғы және артқы кеуде сегменттерінде қос тыныс тесіктер орналасқан. Үш сегменттің әрқайсысында бір-бір жұп буындалған аяқтары болады. Аяқтары жүруге, жүгіруге, секіруге, жүзуге, қоректі ұстауға және дыбыс дабылын беруге де ыңғайлануы мүмкін. Көптеген насекомдардың қанаттары болады, бірақ кейбір отрядтардың өкілдері қанатсыз болып келеді, мысалы, Thysanura (қылтанқұйрықтылар) және Collembola (аяққұйрықтылар). Екі жұп қанаттары бір-бірден ортаңғы және артқы кеуде сегменттерінде орналасқан. Ең қарапайым болып Hymenoptera (жарғаққанаттылар) және Dіptera (қосқанаттылар) отрядтар өкілдерінің жарғақ қанаттары есептеледі. Осы типті қанаттардың эволюциясы нәтижесінде түктермен жабылған ручейниктердің (Trіchoptera) қанаттары, көбелектердің қабыршақты қанаттары (Lepіdoptera), тікқанаттылардың қабықшалы үстіңгі қанаттары (Ortloptera) және қоңыздардың мүйізді үстіңгі қанаттары (Coleoptera) пайда болды. Қосқанаттылардың екінші қанаттар жұбы ызылдауыққа айналған.
Құрсақ сегменттерінің саны 3 пен 11 аралығында болады. Оларда өсінділер болмайды. Тек 8-ші және 9-шы сегменттерінде жыныс өсінділері болады. Кейбір түрлерінің 11 сегментінде церкилер болады. Тыныс тесіктері 1-8 құрсақ сегменттерінде орналасады.
Ішкі құрылысы. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, жемсау, ортаңғы және артқы ішектерден тұрады. Әр түрлерде бұл бөлімдердің көлемі насекомдардың қорек сипатына қарай ерекшеленеді.
Насекомдардың қан айналу жүйесі жүрек пен арқа қолқасынан құралған. Денесінің үстіңгі жағында орналасқан түтік тәрізді жүрегінің артқы ұшы тұйық, ал алдыңғысы бас қуысына ашылатын арқа қолқасына жалғасады. Жүрек камераларының бүйірінде остиялар деп аталатын саңылаулары бар. Жүрек қабырғасына біткен, қанат тәрізді бұлшық еттерінің әсерінен жүректің камералары бір бағытта жиырылып қанды артқы жағынан алға қарай қолқаға сырғытады. Қолқадан шыққан гемолимофа бас қуысына құйылып, одан кеуде және құрсақ бөлігіне қарай ағып, ондағы ішкі мүшелерді аралап, қайтадан жүрекке құйылады.
Насекомдардың нерв жүйесі жұтқыншақ үсті немесе бас миы, жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Насекомдарда жақсы дамыған антенналар мен көздің бар болғандығына байланысты, цефализация айқын байқалады.
Насекомдардың газ алмасуы денесін толық қамтитын бұталанған ауа түтікшелерінен тұратын трахея немесе кеңірдек жүйесі арқылы іске асады. Трахеялар стигма деп аталатын тыныс тесіктерінен басталады.
Метаболизм нәтижесінде түзілген азотты заттардың экскрециясы, насекомдарда түтікшелер арқылы іске асады. Бұл заттар несеп жолы арқылы шығарылады. Олар артқы ішекке түсіп, нәжіспен бірге аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Насекомдар дара жыныстылар. Аналық жыныс жүйесі екі аналық безінен, екі аналық жолынан, қынаптан, тұқымқабылдағыш қапшығынан және қосалқы бездерінен тұрады. Аталық жыныс жүйесі екі аталық безінен, екі аталық жолынан, тұқымшашқыш түтікшеден, шағылыс мүшесінен және қосалқы бездерінен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет