«Биология, география және химия» ббб



бет43/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107
1 отряд. Миксиналар-Myxіnіformes
Миксиналар маманданған паразит дөңгелекауыздылар. Олар өздерінің құрбандарына тек жабыспай сонымен қатар олардың денесін жеп терең енеді. Сонымен миксиналар уақытша эндопаразиттер. Осындай тіршілік етуіне байланысты ағзасы белгілі дәрежеде маманданып, қарапайымданған. Денесі жалаңаш, бездерге өте бай. Денесінің екі бүйірлерінде шырыш шығаратын түтіктер орналасқан. Аквариумды 15 минутта клейге айналдырады. Ол қорғаныштық және құрбанының денесіне оңай енуге көмектеседі.
Нағыз миксина-Myxіne glutіnosa, жақсы зерттелген, дене тұрқы 50 см. Атлант мұхитының жағалауында таралған, 20-350 м кейде 1000 м тереңдікте кездеседі. Ірі өкілдері бделлостом-Bdellostoma, дене тұрқы 1 м. Тынық, Үнді мұхиттарында Солтүстік Америка, Япония, Африка жағалауларында кездеседі.
2 отряд. Миногалар-Petromyzonіformes
Миногаларда паразиттік белгілер аздау көрінеді. Олар балықтарға жабысып, қанымен, еттерімен қоректенеді. Кейде балық уылдырықтырымен, балдырлармен де қоректенеді. Дене пішіні миксинаға ұқсас жадаңаш, көздері салыстырмалы жақсы жетілген. Қаңқасыда салыстырмалы жақсы жетілген. Иіс сезу капсуласы жұтқыншақпен байланыспайды. Желбезек саңылауы 7 жұп жеке-жеке ашылады. Жұтқыншағы 2 бөлікке жоғарғысы-өңеш, төменгісі-жұтқыншақ қапшықтарымен жалғасады. Миксиналардан айырмашылығы дамуы метаморфозбен өтеді. Жұмыртқадан шыққан пескарика ересектерінен айырмашылықтар көп болады. Аузы саңылау тәрізді, жұтқыншағы екіге бөлінген. Жұтқыншақтың бауыр жағында эндостильге гомологиялы мүшесі болады. Тіршілік жағынан ланцетникті еске түсіреді. Яғни метаморфоз өткенше (2-5 жыл) көп уақытын құмға көміліп тіршілік етеді.
Бұл отряд бір тұқымдасқа Миногалар- Petromyzonіdae бөлінеді.

  1. Өкілі: теңіз миногасы- Petromyzon marіnus.

  2. Өкілі: Каспий миногасы-

  3. Өкілі: өзен миногасы- Lampetra fluvіatіlіs L

9 лекция. Шеміршекті (Chondrіchthyes) және сүйекті балықтардың (Osteіchthyes) морфо-физиологиялық ерекшеліктері


4.1. Шеміршекті, сүйекті балықтардың сипаттамасы
4.2. Сыртқы пішіндері, тері жамылғысы, ет жүйесі
4.3. Қоректенуі және ас қорыту жүйесі
4.4. Тыныс алу, қан айналу жүйесі
4.5. Қаңқасы және несеп жыныс жүйесі
4.6. Жүйке жүйесі жіне сезім органдары
Балықтар су омыртқалылары сондықтанда өмір бойы тыныс алуы желбезек арқылы жүреді. Дөңгелекауыздылардын айырмашылығы қозғалмалы жақтары және жұп аяқ-қол қанаттары болады. Балықтар саны жағынан да, түр жағынанда (700 000) слуан түрлі болғандықтанда жалпы ортақ организмдерінің құрылысын нақты беру қиын. Сондықтанда балықтар класын үлкен екі топқа бөліп салыстырмалы анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерімен танысамыз.

  1. Шеміршекті балықтар- Chondrіchthyes (өкілі тікенекіт акула-картан)

  2. Сүйекті балықтар- Osteіchthyes (өкілі алабұға)

Шеміршекті балықтардың дене пішіні ұзынша, ұршық формалы. Акуланың бас бөлімі тұмсық-роструммен аяқталады. Бастары білінбей кеудеге, ол құйрық бөліміне ауысады. Соңғының шекарасы артқы тесік болып табылады. Сүйекті балықтарда аналь тесігінен кейін жыныс одан соң несеп тесіктері ашылса, акулаларда клоака болады. Жұп көкірек қанаттары желбезек саңылауларының жанында орналасса, жұп бауыр қанаттары бауырында орналасады. Акулада жұп қанаттары горизонталь жазықтықта орналасқан. Сүйекті балықтарда вертикальді жазықтықта орналасады. Шеміршекті балықтардың аталық дараласында бауыр қанатыының ішкі бөлігі шағылысу мүшесіне айналған. Сүйекті балықтарда Сүйекті балықтардың шеміршекті балықтардан айырмашылығы тақ арқа қанаттарын сүйекті сәулелер ұстап тұрады (алдыңғысы қатты, артқысы жұмсақ). Құйрық қанаты алабұғада гомоцеркальді типті, акулада гетероцеркальді типті. Балықтардың екі бүйірінде қабақсыз көздері орналасқан. Жұп танау тесіктері алабұғада көздерінің алдында орналасса, акулада тұмсықтың астында оналасады. Желбезек саңылаулары алабұғада желбезек қақпағына (1 жұп), акулада жеке-жеке сыртқа (5 жұп) ашылады. Акулада жақ және тіл асты доғалары арасындағы желбазак саңылауларының қалдығы болып жұтқыншақпен жалғасатын тесік-бүріккіш (брызгальце) болады. Олар көздің артын ала орналасқан.
Тері жамылғысы. Без клеткаларына бай көп қабатты эпидермистен тұрады. Кориумы тығыз және талшықты құрылыста. Алабұғада тері сыртынан сүйекті қабыршақтармен қапталады. Әр бір қабыршақ жұқа дөңгелек пластинка формалы негізгі теріге батып жатса, ал сыртқы жиектері майда тісшелермен қапталған. Қабыршақтың мұндай типі ктенойдты деп, ал жиегі тегіс болса циклойдты деп аталады. Акулада терісі плакойдты қабыршақпен қапталған. әр қабыршақтың (дөңгелек) ұшы артқа бағытталған тіс тәрізді өсіндісі бар дөңгелек пластинкадан тұрады. Қабыршақ ерекше зат сүйекке жақын-дентиннен пайда болып тісшелердің ұшы эмальмен қапталған. Плакойдты қабыршақтар жаққа өте көлемді жағынан артып нағыз тістерге ауысады. Балықтардың бастарынан құйрықтың негізіне дейін бүйір сызықтары созылып жатады. Ол қабыршақты тесіп өтіп өзара қосылатын каналшалардан тұрады. Ол тері сезім органы. Миногалардағы сияқты бір клеткалы без клеткалары теріні майлаушы шырыштар бөледі. Бұлшық-ет жүйесі кеуде мен құйрықтарында ирек дәнекер ұлпалы миосепталар арқылы бөлінген миомелерден тұрады. Яғни сигменттелу сақталған. Қанаттарының бұлшық-еттері жеке бұлшық-еттерге дифференсацияланған. Әсіресе көкірек қанат бұлшық-еті жақсы жетілген, жақ аппараттарымен желбезек қақпақтарының бұлшық-еті жақсы жетілген. Ас қотыру жүйесі. Акулада жақтарында салыстырмалы ірі тістері болады. Сүйекті балықтардың жыртқыштарында өткір тістері болса, жәй балықтарда болмайды. Ауыз қуысы акулада желбезек саңылауларымен тесілген жұтқыншақпен жалғасады. Алабұғада ауыз қуысы жұтқыншақпен ажыратылмаған. Жұтқыншақтың арғы жағында 5 жұп желбезек саңылауы тесілген. Акулада жұтқыншаққа брызгальце ашылады. Қысқа өңеш қарынға жалғасады. Қарыннан қысқа жіңішке ішек басталып оның түйінінде ұйқы безі орналасады. Жіңішке ішек жуан ішекке жалғасады. Онда спиральді клапан орналасады. Екі қалақты бауыры және өт қабы болады. Өт жолы жіңішке ішектің басталар жеріне ашылады. Қарынның дөңес жағында көк бауыр орналасқан. Дөңгелекауыздыларға қарағанда күрделену белгілері: 1) ас қорыту жүйесі дифференсацияланған, 2) ішек ұзарған және иіндер құраған.
Сүйекті балықтардың ас қорытуындағы ерекшеліктері: қарындары әр түрлі формада, ішектері аз диффересацияланған. Спиральды клапаны болмайды. Бірақ қарын мен жіңішке ішек шекарасында тұйық пилорикалық өсінділер болады. Алабұғада бауыр бірнеше қалақтан тұрады. Өт жолы жіңішке ішектің алдыңғы жағына ашылады. Ұйқы безі нашарлау жетілген. Сүйекті балықтарда гидростатикалық орган торсылдақ болады. Ол алабұғада арқа бөлігін алып орналасқан. Тыныс алу жүйесі. Акулада әр бір желбезек саңылауы бір жағынан жұтқыншаққа, екінші жағынан жеке-жеке сыртқа ашылады. Алабұғада желбезек перделері болмай желбезек күлтешелері желбезек доғасына бекиді.
Қан айналу жүйесі. Акуланың жүрегі 4 бөлімнен: 1) веналық синус, 2) құлақша, 3) қарынша, 4) артериялық синустан тұрып 2 камералы болады.
Сүйекті балықтардың көпшілігінде артериялық конус болмайды.
Қаңқасы. Акулада өмір бойы шеміршекті. Алабұғада сүйекті. Остік қаңқасы омыртқа жотасы мен ми сауытынан тұрады. Омыртқа жотасы 2-ге бөлінеді: тұлғалық, құйрықтық. Әр бір омыртқа денесінен одан жоғары қарай кетіп, жұлын тесігі құраушы жоғарғы доғасынан, жоғарғы артқы өсіндісінен және омыртқаның төменгі бүйір жағынан төменгі доғалар кетіп, олар құйрық бөлімінде гемальді тесік құрап, жалғасы төменгі сыртқы өсіндіге ауысады. Тұлға бөлімінде олар қысқа көлденең өсінді құрайды. Омыртқалары амфицельді, яғни денесі екі жағынанда ойыс. Екі көрші омыртқа арасындағы бос қуыста хорда сақталады. Омыртқаның көлденең өсіндісіне бекитін қабырға дене қуысын жоғарғы жағымен сәл бүйір бөлімдерін қамтиды. Ми сауыты-ми қабығынан, сезім органдарының капсулаларынан және рострумнан тұрады. Сезім органдарының капсулалары жұп болып ми сауытының үстінен шеміршекті пластинкамен жабылған, бірақ алдыңғы жағында жетпей жарғақпен жабылады. Бірінші омыртқалардың бірігуінен ми сауытының шүйде бөлімі қалыптасады. Вицеральды қаңқа желбезек доғалары, тіл асты және жақ доғаларынан тұрады. Жақ доғалары жұп шеміршектерден құралады. Таңдай шаршы шеміршек деп аталатын жоғарғы жұбы жоғарғы жақтың қызметін атқарады, ал төменгі жұбы Меккель шеміршегі төменгі жақ қызметін атқарады. Көпшілік акулаларда таңдай шаршы шеміршек ми сауытымен тек алдыңғы жағымен жалғасып, артқы бөлігі тіл асты доғасының элменті геомандибуляриге шеміршегі арқылы байланысады. Тек кейбір түрлерде таңдай шаршы шеміршегінің артқы бөлігі ми сауытымен тікелей байланысады. Жұп аяқ-қол қаңқалары дененің ішінде жатып тірек қызметін атқаратын белдеулерден және аяқ-қолдың жеке қаңқаларынан тұрады.
Алабұғаның қаңқасы керісінше сүйектен тұрады. Сүйектер шығу тегі жағынан 2 түрлі болады: 1) шеміршекті сүйектер, яғни шеміршектің орнында пайда болады. 2) жапқыш сүйектер бірден пайда болады. Омыртқа жотасы сүйекті омыртқа амфицельді омыртқалардан тұрып 2 бөлімге бөлінеді: құйрық және кеуде. Омыртқалардың құрылысы акулаларға ұқсас. Ерекшелігі: қабырғала дене қуысын екі бүйірінен толық жауып жатады және әр бір қабырғаға бұлшықетте жататын бұлшықет сүйегі бекиді.
Несеп-жыныс жүйесі. Акулада ұрықтану іштей болатындықтан, сарыуызы көп аздаған жұмыртқа шашу немесе тірі туу арқылы көбейеді. Сондықтанда бұларда сүйекті балықтарда болмайтын бірінші реттік шығарушы каналдар Вольф, Мюллер өте жақсы дамыған. Аналық несеп және жыныс органдары бөлек дамиды. Аналығында жұп жұмыртқа бездері болады. Жұп жұмыртқа өткізгіштері жұмыртқа безімен байланыспай дене қуысына (воронка) ашылады. Жұмыртқа өткізгіштің жоғарғы бөлігі кеңейіп, онда скорлупа бездері орналасады. Жұмыртқа өткізгіштің төменгі бөлігі күшті кеңейіп жатын деп аталынып, клоакаға ашылады. Аталық несеп және жыныс органдары жалпы шығарушы түтіктер арқылы жалғасады. Тұқым бездері жұп, олардан жұп ирек тұқым өткізгіш канал басталады. Олар бүйрек заттарының арасымен өтіп Вольф каналына ашылады. Олардың соңғы бөліктері кеңейіп жұқа қабырғалы тұқым көпіршіктерін құрап несеп-жыныс синусына ашылады, ол клоакаға ашылады. Жүйке жүйесі және сезім органдары. Акуланың бас миы салыстырмалы ірі. Ми 5 бөлімнен тұрады. Қозғалысы күрделі болғандықтан сезім органдары жақсы жетілген.

10 лекция. Қос мекенділердің (Amphіbіa) морфо-физиологиялық ерекшеліктері


5.1. Класқа сипаттамасы, систаматикасы
5.2. Сыртқы пішіндері, тері жамылғысы, ет жүйесі
5.3. Қоректенуі және ас қорыту жүйесі
5.4. Тыныс алу, қан айналу жүйесі
5.5. Қаңқасы және несеп жыныс жүйесі
5.6. Жүйке жүйесі жіне сезім органдары
Қосмекенділер аз таралған құрлық омыртқалыларының ішіндегі ең қарапайым тобы. Олар тіршілік цикілдеріне байланысты суды немесе құрлықты мекендейді. Өздерінің даму барысында олар метаморфозға ұшырап, личинкалары нағыз су формалары болса, ересектері көпшілік уақыттарын құрлықта өткізеді. Осыған байланысты желбезектік тыныс алу өкпеге ауысыпп, қан айналу жүйесі өзгеріп, бес саусақты аяқ-қол қалыптасып, сезім органдарында түбірінен өзгерістерге ұшыраған. Бірақ, бұл белгілер нағыз құрлық омыртқалыларына қарағанда нашар жетілген. Көпшіліктері уылдырық шашу арқылы көбейеді. Осы кездегі қосмекенділер 2500 түрді біріктіреді. Қосмекенділер класы 3 отрядқа бірігеді: 1) Құйрықты қ/м-Caudata; 2) Аяқсыз қ/м-Apoda; 3) Құйрықсыз қ/м-Anura немесе Eucaudata.
Қосмекенділер басқа омыртқалыларға қарағанда аз таралған. Ол температурысының төмендігі мен құрғақшылыққа аз бейімделгендіктерін көрсетеді. Сыртқы пішіндері әр түрлі, олардың ішінде су, жартылай су, топырақ асты, ағаш формаларыда кездеседі. Формасына қарай қос мекенділер үш типке бөлінеді: 1) Тритонтәрізділер; 2) Бақатәрізділер; 3) Құрттәрізділер.
Тері жамылғысы. Барлық қос мекенділердің терісі жалаңаш. Эпидермис көп клеткалы бездерге бай. Тері бездерінің маңызы зор. 1-ден, теріні кеуіп кетуден сақтайды; 2-ден, қорғаныштық қасиетке ие. Құрбақа, саламандра, аяқсыздарда улы бездері болады. Эпидермисте пигмент клеткалары болады. 3-ден, құрбақада мүйізді туындылар болады.
Ас қорыту жүйесі. Ауыз саңылауы жіңішкере келе өңешке ауысатын кең ауызжұтқыншақ қуысына ашылады. Бұл қуысқа хоаналар, евстахиев түтігі және көмекей саңылауы ашылады. Сонымен бірге асты тек ылғылдып химиялық әсер етпейтін сілекей бездерінің түтіктері ашылады. Ауызжұтқыншақтың түбінде жеке бұлшық еттерден тұратын тілі орналасқан. Тілдің формасы әр түрлі. Кейбір түрлерде тіл қозғалмайды. Барлығында жабысқақ шырыш бөледі. Ол қорегін жабыстыруға көмектеседі. Тістері майда конус формалы. Кейбір түрлерінде (құрбақаларда) тіс болмайды. Қорек заттарды жұту актысына көз алмасы көмектеседі. Себебі, ол ауызжұтқыншақпен тек шырышты қабат арқылы бөлініп, арнайы бұлшық ет жиырылуымен ішке қарай ойысады. Қысқа өңеш нашар айқындалған қарынға ашылады. Қарыннан жіңішке ішек басталады. Оның алдыңғы бөлігінің (12 елі ішек) түйінінде ұйқы безі орналасқан. Бауыр ірі, өт қабы болып, өт жолы ұйқы безінің өзегіне ашылады. Жіңішке ішек айқындалмаған жуан ішекке, ол айқындалған тік ішекке жалғасып клоакамен аяқталады. Балықтармен салыстырғанда ішектері ұзындау. Қорек қарын мен ішекте қорытылып, қанға сорылады. Қортылмаған қалдық тік ішек арқылы клоакамен сыртқа шығарылады.
Тыныс алу жүйесі. Қос мекенділердің тыныс алуы әр түрлі. Ересек формалары өкпе және тері арқылы. Өкпесі нашар жетілген қабырғасы ұялы құрылыстағы қапшық формалы. Өкпе жашыр жетілгендіктенде тері арқылы тыныс алудың маңызы зор. Өкпенің беті мен тері бетінің салыстырмалы көлемі 2:3 қатынасындай. Тері және өкпе арқылы тыныс алудың қатнасы оларда ылғалға қатынасына байланысты. Құрғақтын ылғалды ортаға ауысқан сайын терілік тыныс алу артады. Терілік тыныс алудың физиологиялық маңызы зор. Олардың личинкалары сыртқы желбезек арқылы тыныс алып, кейін көпшілігінде жойылады.
Қан айналу жүйесі. Барлық қос мекнділердің жүрегі 3 камералы. Төменгі сатыдағы қ/м-де (аяқсыз, құйрықтыларда) құлақшалар арасындағы перделер толық жетілмеген. Барлықтарында оң және сол құлақша бір тесік арқылы қарыншамен жалғасады. Жүректің осы 3 бөлімінен басқа оң құлақшамен қатынасатын веналық синус және артериялық конус болады. Артериялық жүйе. Жоғарғы сатыдағы құйрықсыздарда артериялық конустан жеке қан тамыры-құрсақ қолқасы басталып, одан үш жұп артериялық доға басталады. Веналық жүйе. Төменгі сатыдағы қос мекенділердікі қостыныстылардың вена жүйесіне ұқсас.
Жүйке жүйесі және сезім органдары. Қос мекенділердің миында пргрессивті белгілер бар, олар: 1) алдыңғы ми сыңарлыры ірі; 2) алдыңғы ми ми жарты шарларына бөлінген; 3) Жүйкелік заттар тек бүйір қарыншаларының түбінде ғана емес, сонымен бірге бүйірінде, қақпағында кездеседі. Ортаңғы ми салыстырмалы кіші, мишық нашар жетілген. Бас миынан Х жұп жүйке басталып, ХІ-ші жіктелмеген, ХІІ-ші ми сауытынан тыс басталады. Жұлын тұлғасына сәйкес қысқа, бақада жұлыннан 10 жұп жұлын нервтері тарайды. Олар иықта және белде жүйке шоғырларын құрайды. Қ/м-де жүйке жүйесі салыстырмалы жақсы жетілген. Көру органында жартылай құрлықтық жануар болуына байланысты ерекшеліктер болады: 1) қозғалмалы қабақ бар; 2) қозғалмалы жарғақ көздің алдыңғы бұрышында; 3) қасаң қабықтың дөңес болып, хрусталиктің линза тәрізді болуы, бұл салыстырмалы көруге жағдай жасайды. Суға түскенде қасаң қабық тегістеледі; 4) кірпікшелі еттердің көмегімен хрусталиктің өзгеруіне байланысты аккомодация құбылысының жетілуі. Есту органы балықтарға қарағанда күрделі және дыбыс толқындарын жақсы қабылдауға бейімделген. Оларда ортаңғы, ішкі құлақ болады. Иіс сезу қызметін жұп иіс сезу капсулалары атқарады. Олар сыртқы ортамен жұп сыртқы танау тесігі және хоаналар арқылы жалғасады. Бүйір сызықтары тек личинкаларға ғана тән. Ересек жағдайда тек құйрықтылар мен құйрықсыздардың су формаларында сақталады. Бүйір сызығының балықтардан айырмашылығы сезгіш клеткалар терінің бетінде орналасқан.
Қаңқасы. Омыртқа жотасы балықтармен салыстырғанда бөлімдерге айқын бөлініп, ол-мойын (1), тұлға (тұрақсыз), сегізкөз және құйрық омыртқаларынан тұрады.төменгі сатыдағы қ/м-ң омыртқалары амфицельді, құйрықсыздарда процельді, жоғарғы сатыдағы құйрықтыларда опистоцельді. Нағыз қабарға аяқсыздарда, ал құйрықтыларда жоғарғы қабырғалары болып, құйрықсыздарда тіпті болмайды.
Несеп-жыныс жүйесі. Бүйрек, целом қуысының арқа жағында орналасқан ұзынша мүше. Оның құрсақ жағында бүйрек үсті бездері орналасқан. Ыдырау өнімдері бүйректен басқа тері және өкпесі арқылы да шығарылады. Нефрондар саны құрықтыларда 500, құрықсыздарда 2000. Аталық жұп тұқым бездері сары түсті кішкене бұршақ тәрізді бүйрекке жанасып жатады. Олардың жеке шығарушы жолдары болмайды. Тұқымшығарушы каналшалар бүйректің алдыңғы бөлігін аралап өтіп, әрі несеп, әрі тұқым ағатын түтік қызметін атқаратын Вольф каналына ашылады. Әр бір канал клоакаға ашылатын жерлерінде кеңейіп, уақытша тұқым жиналатын тұқым көпіршігін құрайды. Әр бір тұқым безінің үстінде сары түсті майлы дене болып, ол без және сперматозойдтарға қорек көзі болып табылады. Сондықтанда олардың көктемде көлемі азайяды. Капулятив органы болмайды. Жұмыртқа безі жұп, олардың үстіндеде майлы дене болады. Піскен жұмыртқа дене қуысына түсіп, одан жұп жұмыртқа өткізгіш Мюллер каналының кеңейген воронкасы арқылы каналға түседі. Мюллер каналы ұзын иілген түтік, оның төменгі жағы кеңейіп жатын құрап, клоакаға ашылады.

11 лекция. Бауырмен жорғалаушылардың (Reptіlіa) морфо-физиологиялық ерекшеліктері


1. Б/ж жалпы сипаттамасы, тіршілік ортасы
2. Сыртқы пішіндері, тері жамылғысы, ет жүйесі
3. Қоректенуі және ас қорыту жүйесі
4. Тыныс алу, қан айналу жүйесі
5. Қаңқасы және несеп жыныс жүйесі
6. Жүйке жүйесі жіне сезім органдары
Бауырымен жорғалаушылар нағыз құрлықтың және жоғары сатыдағы омыртқалыларға жатады (6 000 түрі белгілі). Дене құрылысы, дамуы және биологиялық ерекшеліктері жағынан бауырымен жорғалаушылар қосмекенділерден әлдеқайда жоғары. Дөңгелекауыздылар, балықтар және қосмекенділер төменгі сатыдағы омыртқалыларға жатады. Ал бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер құрылықты мекендейтін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар болып табылады. Кейбір жоғары сатыдағы омыртқалылар суды мекендеуі екінші реттік бейімделу белгілері болып табылады. Барлық жоғары сатыдағы омыртқалылардың ұрықтануы іштей жүреді. Ұрықтың дамуы құрылықта өтеді. Тек кейбір тірі туатындары суда көбейеді (кит, дельфин). Эмбриональдық даму кезеңінде жұмыртқадан ұрық пен бірге ұрықтан тыс қабықтар (амнион) дамиды. Сондықтанда барлық жағары сатыдағы омыртқалылыр Amnіota тобына жатады.
Құрлық омыртқалыларының негізгі белгілерін бауырымен жорғалаушылардан көруге болады. Бас миы салыстырмалы жақсы жетілген. Үлкен жарты шарда мидың сұр қабығының бастамасы болады. Осыған байланысты бауырымен жорғалаушылар жүйкелік рефлекторлық іс әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты денесі қосмекенділерге қарағанда бөліктерге айқын бөлінген. Мойын бөлімінің жақсы жетілуі бастың қозғалып, сезім мүшелерін мүмкіндігінше толық пайдалануға жағдай жасайды. Терісінде денені құрғап кетуден сақтайтын эпидермистің мүйізді қабаты және мүйізді қабыршағы болады. Тыныс алуы өкпе арқылы, оған көкрек клеткалары қатысады. Жүрегі және бұлшық-еттер жүйесі дифференсацияланған, яғни қарыншалар арасында азды көпті перде болып, қарыншадан жеке-жеке үш артерия стволы басталады. Аяқ-қолдары жақсы жетілген. Тұлғалық бүйрек (мезонефрос) жамбастық бүйрекпен (метанефрозпен) ауысқан.
Бауырымен жорғалаушылар басқа жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға қарағанда төменгі сатыда. Себебеі, денесіне аралас қан ағады. Температураны реттеу қабілеті төмен. Сондықтанда дене температурасы тұрақсыз, орта температурасына байланысты 14-320 өзгеріп отырады. Осы кезде тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылар 4 клас тармағына, 9 отрядқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет