«Биология, география және химия» ббб


-сурет. Құстар қауырсынының құрылысы



бет92/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107
Байланысты:
umkd zoologiya (om rtkas zdar zhane om rtkal lar) hb-22-1.

75-сурет. Құстар қауырсынының құрылысы: А-жалпы көрінісі, Б-қауырсын құрылысы. 1-қалам, 2-білік, 3-мұрттар, 4-мұртшалар, 5-ілмешектер, 6-сыртқы қауырсын, 7-ішкі қауырсын, 8-қауырсын мамығы.



76-сурет. Специализированные типы пера. А — нитевидное перо; Б — пуховое перо

Құрылысына қарай қауырсындар жартылай мамық (мұртшалар болмайды); мамық (білік болмайды, түбірден мұрттар тарайды) және қылшық тәрізді (мұрттар редукцияға ұшыраған) болып бөлінеді. Аталған қауырсын түрлерінің қызметінде құрылысына қарай бөлінеді. Контурлі қауырсындар құстың ұшу кезінде аққыш қасиетін қамтамасыз етіп, теріні механикалық жарақаттардан сақтайды. Жартылай және мамық қауырсындар жылу сақтауды, ол қылшық қауырсындар сезім қызметін атқарады.


Құстардың денесі қауырсындармен толық жабылмайды (тек ұшпайтын құстардан басқа). Жақсы ұшатын, жүзетін құстарда қауырсынмен қапталған бөлігі-птерилий мен қауырсынсыз бөлігі-аптерий айқын байқалады. Нашар ұшатын құстарда аптерий нашар. (Сою алдында ұйықтатылған құстан анықтап көреді).
Қанаттағы қағу қауырсындарын І-реттік-қолдың басында; ІІ-реттік-білекке; ІІІ-реттік-иыққа бекіген қауырсын топтарын атайды. І,ІІ және ІІІ реттік қауырсындар өзара бұрыш құрайды (77 сурет).





77 сурет. Құстардың қағу қауырсындарының құрылысы: 1. І-реттік қағу қауырсындары. 2. ІІ-реттік қағу қауырсындары. 3. ІІІ-реттік қағу қауырсындары. 4-қанатша. 5-қағу қауырсындар негіздерін бекітуші тарамыс. 6-терілі жарғақ. 7-иық сүйегі. 8-шыбық сүйегі. 9-шынтақ сүйегі. 10-қол басы. 11-І саусақ фалангасы.

Құйрығы ірі бағыттаушы қауырсындардан құралып, олардың негізі


жоғарғы және төменгі жабушы қауырсындармен жабылған.
Тығыз мүйізді қабықпен қапталған, созылыңқы жоғарғы, төменгі жақтары тұмсық құрайды. Жоғарғы тұмсық-эпитека; төменгі тұмсық-гипотека-деп аталынады. Тұмсықтар пішіні құстардың қоректенуі сипатына қарай әр түрлі бейімделген. Эпитекада сыртқы танау тесіктері орналасқан.
Басының екі жанында салыстырмалы үлкен (басқа омыртқалылармен салыстырғанда) көздері орналасқан. Құстарда жоғарғы, төменгі қозғалмалы қабақтарынан басқа, үшінші қабағы болады. Көздің артын ала, сәл төмендеу, сыртынан онша байқалмайтын сыртқы құлақ тесігі орналасады.
Құйрығы негізінде көлденең саңлау түрінде (айналасы жалаңаш) клоака тесігі орналасқан. Құйрықтың үстіңгі май бөлетін екі құйыршық бездері орналасып, олардың тесіктері ашылады.
Кептерлердің (көпшілік құстардың) саны мен сирағы қауырсынмен жабылып, жіліншігі мен саусақтары мүйізді пластинкалар не қабыршақтармен қапталған. Саусақтары төртеу, үшеуі алға, біреуі артқа бағытталып бос орналасқан.
Құстарды сою наркозбен ұйықтатылған құсты сою кезінде қанша ұқыпты болғанмен де, қан тамырлары кесіліп қан ағып, ішкі мүшелерді ажыратуды қиындатады. Сол себепті құсты оның сыртқы құрылысымен танысу алдында кеудесін қолмен қысып (тыныс қозғалыстарын тоқтататын) тұншықтырып өлтіреді. Сыртқы құрылысымен танысу уақытында (25-30 мин) қан тамырларында ұйып қалады да, сою кезінде ақпайды.


Сою
1. Құсты ыдысқа не картонға шалқасынан жатқызып, ылғал мақтамен клоакадан алқымына дейін сулап, қауырсын жамылғысын ине т.б. екі айырып жатқызады. Қайшымен клоака жанынан теріні кесіп, қайшының доғал ұшымен тілікті алқымына дейін жеткізеді.
2. Теріні қанат, аяқ тұсында көлденең кеседі. Теріні еттен ажыратады. Теріні кесіп алып тастаған дұрыс.
3. Құрсақтағы көк етті (клоака жанынан) көлденең кесіп, қайшының доғал ұшын ішке қаратып, бүйірлетіп қабыртқаларды шеміршекті шегарасынан кесіп, каракойдқа барғанда оны да кеседі. Осы ретпен екінші жағыда орындалады. Төс сүйегі еттерімен қоса алынып тасталынады.
4. Жұқа мойын терісі астында өңеш, жемсау, кеңірдек ажыратылады. Ішкі мүшелерді ажыратып қарап көруге мүмкіндік туды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет