9. Зертқаналық жұмыс. Құстар-Aves-класы ҚҰСТАРДЫҢ ҚАҢҚАСЫ Мақсаты: Құстардың қаңқасы-құстың тұтас қаңқасы және таратылып берілетін қаңқаның жеке бөліктері және графикалық таблицалар негізінде қарастырылады.
Тапсырма Құстар қаңқасының ұшуға бейімдеушілік ерекшеліктерін анықтап, төмендегі суреттерді салу:
1. Мойын омыртқалары.
2. Тұлға қаңқасы.
3. Бас қаңқасы (бүйірінен, астынан көрінісі).
4. Иық белдеуі және қанат сүйектері.
5. Жамбас белдеуі және артқы аяқ сүйектері.
VІІ. Қорытынды.
VІІІ. Тест.
Жұмыс барысы Студенттерге таратылып берілген құстардың қаңқасына байланысты материалдарды әдістемелік оқу құралдары көмегімен оқып, көріп, біліп, танысып жұмыс жасайды.
Құстар қаңқасында ұшуға байланысты бейімдеушілік белгілері айқын байқалады. Жалпақ сүйектер өте жұқа және кеуекті құрылыста ұзын сүйектердің қуыстары жақсы жетіліп көбіне ауамен толы болады. Бұл аталғандар құс сүйегінің мықтылығын, жеңілдігін қамтамасыз етеді. Басқа омыртқалыларға қарағанда құстардың аяқ-қолдары мен басқа да сүйектері дене тұрқымен салыстырғанда ұзындау болады.
Барлық төрт аяқтылар сияқты құстардың да қаңқасы: біліктік қаңқа, көкірек торы, бас қаңқасы, аяқ-қол қаңқалары мен белдеулерге бөлінеді. Құстың толық қаңқасмен танысу үшін 84-суретті қарастырамыз.
84-сурет. Кептердің қанқңқасы. (Наумовтан алынған): 1-мойын омыртқалары: 2-кеуде омыртқалары; 3-құйрық омырт-қалары; 4-құймышак сүйек; 5-қабырғаның ілмектәрізді өсіндісі бар арқа бөлімі; 6-қабырғаның құрсақ бөлімі: 7-төс; 8-төс қыры; 9-жауырын; 10-коракоид; 11 -бұғана; І 2-тоқпан жілік; 13-шыбық сүйек; 14-шынтақ сүйек; 15-алақан; 16-П саусақ; 17-111 саусақ: 18-ІV сау-сақ;19-мықын сүйек: 20-шонданай сүйек; 21-қасаға (шат) сүйек; 22-сан (ортан жілік); 23-сирақ (асықты жілік); 24-жіліншік; 25-1 башпай; 26-1V башпай.
Біліктік қаңқаға омыртқа жотасы оның туындылары мен бас қаңқасы кіреді.
Омыртқа жотасы бауырымен жорғалаушылар сияқты мойын, көкірек, бел, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінеді.
Мойын бөлімі өте қозғалмалы (мойынын 180қ, кейбіреулері 270қ бұра алады). Омыртқа саны 11 (тоты құс) -23-25 (аққу) аралығында ауытқиды. Кептерде-14. Бірінші, екінші мойын омыртқалары барлық амниоттарда жалпы құрылысы жағынан ұқсас-атлант және эпистрофей деп аталынады.
Атлант денесі болмайды (ол эмбрионалдық даму кезінде эпистрофейге ауысып оның ңтісң өсіндісін құраған) алдыңғы артқы доғалары жұлын каналын (2) құрайды. Шүйде ілмешегінің біреу болуына байланысты, буын шұқыры да (1) біреу болады. Сақинаның астыңғы бетінде эпистрофей денесімен буындасатын жазық булы беті.
Эпистрофейдің ерекшелігі жоғарыда айтқандай денесіне (3) біріккен тіс өсіндісі (4) болады, омыртқа доғаларының (5) қосылуынан артқы өсіндісі (6) және төменгі омыртқамен байланысатын артқы буын өсінділері (8) болады.
Қалған мойын омыртқаларының құрылысы өзара ұқсас. Құрылысы: Дене (3), жоғарғы доға (5), жұлын тесігі (2), артқы өсіндісі (6), көлденең (9), қабыртқалық (10) өсінді шегарасында омыртқа жоталық артерия өтетін тесік (11) және жоғарғы, төменгі омыртқалармен буындасатын алдыңғы (7), артқы (8) буын өсінділері болады. (85-сурет).