«Биология, география және химия» ббб


Ішкі мүшелердің жалпы орналасу тәртібімен танысу



бет93/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   107
Ішкі мүшелердің жалпы орналасу тәртібімен танысу. Ауыз қуысы арқылы кеңірдегіне шыны түтікшені енгізіп, ептеп үрлейді, сонда жылтыраған қабықшалар көтеріледі. Бұл көтерілгендер ауа қапшықтары. Оларды түгелдей көру мүмкіндігі аз, себебі сою кезінде олардың көпшілігінің жұқа қабырғалары кесіліп кетеді. Ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінен төмендегілерді көруге болады. Кесілген үлкен төс бұлшықеті (1), бұғана асты бұлшықеті (2), ауа қапшықтары (3), жүрек (4), атсыз артериялар (5), кеңірдек (6), өңеш (7), жемсау (8), етті қарын (9), бауыр (10), көкбауыр (11), ішек түйіндері (12) (78 сурет)



78-сурет. Сұр кептердің ішкі мүшелерінің жалпы орналасуы: 1-үлкен төс бұлшық еті, 2-бұғана асты бұлшық еті, 3-ауа қапшықтары, 4-жүрек, 5-атсыз артерия, 6-кеңірдек, 7-өңеш, 8-жемсау, 9-етті қарын, 10-бауыр, 11-көкбауыр, 12-ішек түйіндері.

Қан айналу жүйесі: Жүрегі төрт камералы, екі құлақша, екі қарынша, қан айналыс шеңбері үлкен (денелік) және кіші (өкпелік) екеу. Ұйыған қаны бар ірі қантамырларын қолқа доғасы, атсыз артериялар, бұғана асты, ұйқы артериялары мен жоғарғы, төменгі қуыс веналарды ажыратып көруге болады. Негізінен қан айналыс жүйесін сызба нұсқа түрінде танысқан қолайлы (79-сурет).



79-сурет. Кептердің қан айналу жүйесі: А-жалпы көрініс, Б-жарылған жүрек. 1-оң құлақша, 2-сол құлақша, 3-сол қарынша, 4-оң қарынша, 5-өкпе артериясы, 6-өкпе венасы, 7-оң қолқа доғасы, 8-оң атсыз артерия, 9-сол атсыз артерия, 10-арқа қолқасы, 11-жалпы ұйқы артериясы, 12-бұғанаасты артерия, 13-иық артериясы, 14-төс артериясы, 15-ішкі артерия, 16-шажырқай артериясы, 17-бүйрек артериясы, 18-сан артерия, 181-шонданай артериясы, 19-мықын артериясы, 20-құйрық артериясы, 21-ярем венасы, 22-иық венасы, 23-төс венасы, 24-оң жоғарғы қуыс вена, 25-сол жоғарғы қуыс вена, 26-құйрық венасы, 27-ішкі мықын венасы, 28-құйыршық-шажырқай венасы, 29-бүйректің қақпа венасы, 30-жалпы мықын венасы, 31- сан венасы, 311-шонданай венасы, 32-төменгі қуыс вена, 33-бүйрек венасы, 34-бауырдың қақпа венасы, 35-асқорыту тракт веналары, 36-жүректің үш жақтаулы қақпасы, 37-жүректің қос жақтаулы қақпасы, 38-төс бұлшық еттері, 39-өкпе, 40-бауыр, 41-тұқым безі, 42-бүйрек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет