«Биология, география және химия» ббб


-сурет. Сүтқоректілердің ішкі мүшелер жүйелерінің жалпы орналасуы (аналық)



бет100/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107
93-сурет. Сүтқоректілердің ішкі мүшелер жүйелерінің жалпы орналасуы (аналық): 1-жүрек, 2-сол қолқа доғасы, 3-көмекей, 4-кеңірдек, 5-өкпе, 6-диафрагма, 7-шықшыт безі, 8-өңеш, 9-қарын, 10-онекі елі ішек, 11-ұйқы безі, 12-жіңішке ішек, 13-жуан ішек, 14-соқыр ішек, 15-тік ішек, 16-аналь тесігі, 17-бауыр, 18-көкбауыр-талақ, 19-бүйрек, 20-несепағар, 21-қуық, 22-жұмыртқа безі, 23-жұмыртқа өткізгіш, 24-жатын мүйізі, 25-жатын, 26-қынап, 27-жыныс тесігі, 28-көкірек қуысы, 29-құрсақ қуысы.

Тыныс алу жүйесі сүтқоректілердің күрделенген ол өкпенің толық көпіршікті, құрылыста болып бронхиолалардың өкпенің ауамен жанасу бетін арттыратын-өкпе көпіршіктері-ацинустармен аяқталуымен сипатталады. Сонымен бірге көмекей шеміршегі көбейген олар: көмекей қақпағы, қалқан шеміршегі, жүзік тәрізді және жұп шөміштәрізді шеміршектер. Көмекей қақпағы қорғаныш, жүзік шеміршек негізін құрса, қалқан мен шөміштәрізді шеміршектер асадында дыбыс тарамыстары тартылып жатады.


Сыртқы танау тесігі арқылы ауа мұрын қалқандары және иіс сезу нервтеріне және қан тамырға бай мұрын қуысына өтеді. Мұрын қуысында ауа жылынып, ірі қылшықтар және шырышты қабықтың безді эпителиі арқылы тазарып, ішкі танау тесігі-хоана арқылы ауыз қуысына одан әрі көмекей өтеді. Көмекей саңлауы арқылы ауа ұзын серпімді жартылай шеміршекті сақиналардан тұратын кеңірдекке өтіп, оң, сол аңқалар арқылы өкпеге барады. Аңқалар бірнеше реттік бөлініп ең соңы ацинустармен аяқталады. Олардың саны млн есептелініп жалпы беті дене бетінен 40-50 есе артық болады

Жүйке жүйесі. Сүтқоректілердің жүйке жүйесі басқа омыртқалыларға қарағанда күрделірек құрылыста алдыңғы ми сыңарлары жақсы жетілген. Сұр зат тек мидың негізінде ғана емес, оның жоғарғы бөлігінде қаптап ІІ-реттік қабық-неополиумды (8) құраған. Алдыңғы мида қабықтың беттік көлемін арттыратын алғаш рет тұлғалар, соған сәйкес иректер қалыптасқан. Сүтқоректілердің бас миымен танысу үшін ми сауытын құстардағы сияқты ашады. Екі жолымен де, қайсысы қолайлы оны студенттер мен оқытушы қалайды.
Бас миы бес бөлімнен тұрады. Алдыңғы ми сыңарлары (1) жақсы жетілген, ол айқын көрінеді. Төменгі сатыдағы сүтқоректілердің алдыңғы ми сыңарларының беті тегіс (кемірушілерде) ол жұлға иректер жоғарыдағы аңдардан бастап білінеді. (жыртқыштар) Алдыңғы ми сыңарлары алдында иіс сезу бөлімі (7) айқынырақ көрінеді. Салыстыру үшін ылғал препараттарды пайдалану керек. Аралық миды (2) алдыңғы ми сыңарлары үстінен жабылып жатады. Тек ми сыңарларының артқы бөлігін көтерсе аралық ми үстінде орналасқан бұршақ тәрізді кішкене өсінді-эпифизді (10) көруге болады.
Орта ми (3) төрт төмпешік (11) түрінде көрінеді. Бұл төмпешіктердің алдыңғысында көрудің, артқы жұбында есітудің алғашқы орталықтары орналасқан. Осы төмпешіктерді тітіркендірсе жарыққа не дыбысқа бағдарлаушы рефлекстер пайда болады. Мишық (4) жақсы жетілген орталық және екі бүйір бөлімдерінен тұрып беті жұлғалармен тілімделген. Мишық астында сопақша ми (5) жатады, ондағы ІV қарыншаның ромба тәрізді шұқырын байқауға болады. Сопақша ми жұлынға ауысады.
Мидың астыңғы жағынан қарау үшін абайлап оның астыңғы жағынан басталатын бас ми нервтерін кесіп (жоғарыдан төмен қарай) мидың алдынан артына қарай аударады. Мидың астыңғы жағынан көру қиынға соғады (ми жұмсақ) сондықтан да екінші әдіс қолайлылау. (95-сурет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет