Сабақтың тақырыбы: Паразитизм биологиясы. Медициналық паразитология негіздері. Паразитизм ұғымы



Дата22.06.2023
өлшемі14,27 Kb.
#102938
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Паразитизм биологиясы. Медициналық паразитология негіздері.


1. Паразитизм ұғымы.
Тірі ағзалар өлі табиғат элементтерімен ғана емес, сонымен қатар басқа тірі ағзалармен қарым - қатынаста болады. Кейбір жағдайда екі түр өзара пайдалы қарым - қатынаста болады. Мұндай қарым-қатынасты мутуализм немесе симбиоз деп атайды. Мутуализмге мысалға: адамның тоқ ішегінде мекендейтін бактериялардың селбесіп тіршілік етуі жатады. Бактериялар адам ішегін тамақтану ортасы ретінде пайдаланып, дәруменнің сіңірілуіне, тамақтың қортылуына көмектеседі және пайдасыз микроағзалардың белсенділігін басады.
Комменсализм – деп екі ағзаның біреуі екіншісін оған зиянды әсерін тигізбей тамақтану ортасы ретінде пайдалануын айтамыз. Мысалы: адамның аш ішігінде мекендейтін ішек амебасы жатады.
Жыртқыштық - бір түрдің екіншісін өлтіріп, қоректену ортасы ретінде пайдалану.
Паразитизм - бір ағза екіншісін қоректену және мекен ету ортасы ретінде пайдаланып,оған зиянын тигізеді,бірақ өлтірмейді.
Паразитология ғылымы - паразитизм құбылысын, паразитизм биологиясын, паразиттер тудыратын ауруларды және олармен күрес жолдарын зерттейтін ғылым.

2. Медициналық паразитология негіздері.


Паразитология – паразитизм құбылысын, паразиттердің биологиясын, олар тудыратын ауруларды және олармен күрес жолдарын зерттейтін ғылым. Медициналық паразитология паразиттердің биологиясы мен экологиясын және адамдардың әр түрлі жұқпалы және паразитарлық ауруларын тасымалдаушыларын, олар тудыратын жұқпалы ауруларды анықтау, емдеу, алдын алу әдістерін зерттейді. Адам паразиттерін бірнеше типтерге бөледі: қарапайымдылар типі (Рrotozoa), жалпақ құрттар (Plathelminthes), жұмыр құрттар (Nemathelminthes), буынаяқтылар (Arthropoda), сондықтан медициналық паразитология келесі үш бөлімнен тұрады: медициналық протозоология, қарапайым паразиттерді зерттейді, медициналық гельминтология, паразит құрттарды (гельминттарды) зерттейді, медициналық арахноэнтомология, паразит насекомдар мен буынаяқтыларды зерттейді.
Медициналық паразитологияның негізгі міндеттері болып: паразиттердің жануарлар әлеміндегі жүйелік орнын, олардың құрылысын, тіршілік және даму циклінің ерекшеліктерін, паразит – қожайын жүйесіндегі қарым – қатынасын, паразитарлық аурулардың диагностикалау, емдеу және алдын алу жолдарын оқып үйрену табылады.


3. Паразиттерді жіктеу.
Паразиттер келесі критерийлеріне байланысты жіктеледі:
Паразиттік тіршілік ету қажеттілігіне байланысты: факультативті және облигатты паразиттері ерекшелейді. Факультативтік паразиттер дегеніміз - өз бетінше тіршілік ететін, бірақ басқа түр ағзаларына кездейсоқ түскен кезде паразиттік тіршілік етуге көшетін ағзаларды айтады.
Облигатты паразиттер міндетті түрде паразитті тіршілік ететін ағзалар.
Паразиттер мен қожалар арасындағы байланыстың уақытына байланысты уақытша және тұрақты паразиттерді ажыратады.
Уақытша паразиттер өз өмірінің бір бөлігін ғана қожалар мен байланыста өткізеді. Тұрақты паразиттер сыртқы ортада өмір сүре алмайды, қожаның денесінде немесе сыртқы жабын қабатында тіршілік етеді.
Паразит пен қожаның кеңістіктегі қарым-қатысына негізделетін экто және эндопаразиттерді ажыратады. Эктопаразиттер қожаның жабын қабатында тіршілік етеді. Эндопаразиттер қожаның ұлпалары мен ішкі қуысты мүшелерінде тіршілік етеді.
Қуысты паразиттерге: өкпесорғыш, аскарида, лямблия жатады. Ішкі орта паразиттеріне: токсоплазма, трихинелла, эхинококк жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет