62-сурет. Дала ағамасының қан айналу жүйесінің сызба нұсқасы: А-артерия жүйесі, Ә-вена жүйесі (ақ түс-артерия қаны, қара түс-вена қаны, ал штрих-аралас қан белгіленген). 1-оң құлақша, 2-сол құлақша, 3-қарынша, 4-өкпе артериясы, 5-өкпе венасы, 6-оң қолқа доғасы, 7-сол қолқа доғасы, 8-арқа қолқасы, 9-мықын артериясы, 10-құйрық артериясы, 11-ұйқы артериясы, 12-ұйқы өзегі, 13-бұғана асты артериясы, 14-ярем венасы (а-ішкі, ә-сыртқы), 15-бұғана асты венасы, 16-алдыңғы қуыс вена (а-оң, ә-сол), 17-веналық қабық, 18-бауырдың қақпа венасы, 19-құйрық венасы, 20-жамбас венасы, 21-құрсақ венасы, 22-бауырдың қақпа венасы, 23-бүйрек венасы, 24-артқы қуыс вена, 25-бауыр венасы, 26-өкпе, 27-бүйрек, 28-бауыр, 29-ішек, 30-қарын.
Қаңқасы: бас қаңқасы қосмекенділерге қарағанда толық сүйектелген. Шүйде бөлімі жоғарғы төменгі және жұп бүйір шүйде сүйектерінен тұрып, қарақұс тесігін және бір ілмешек құрайды. Есіту бөлімінде тек алдынғы құлақ сүйегі сақталған. Көз шарасының пердесін көзсына тәрізді сүйек құрайды. Ми сауытының негізін құрайтын сүйектер: сына тәрізді және жұп кеңсірік сүйектері. Ми сауытының қақпағын жеке төбе аралық, жұп төбе, жеке мұрын, жұп маңдай алды, көзалды жұп жас сүйектер құрайды.
Жоғарғы самай доғасы артқы маңдай және қабыршақты сүйектерден құралса, төменгі самай доғасы бет және бет шаршы сүйектерінен құралған.
Жоғарғы жақ - жақ алды және сүйектерінен тұрады. Төменгі жақ-тіс, бұрыш, бұрыш үсті, байланыстырушы және тәж сүектерінен (меккель шеміршегі) тұрады.
Жоғарыда көрсетілген бас қаңқасы құрылымы барлық дерлік бауырыменжорғалаушыларға тән. Жыландарда өте қозғалмалы тек шаршы сүйек емес сонымен қатар онымен байланысатын қабыршақты сүйекте, сол сияқты қанат және таңдай сүйектері де қозғалмалы байланысқан көлденең сүйектер қанат тәрізді сүйектердің қозғалысын жоғарғы жаққа беретін рычаг қызметін атқарады. Осы сүйектердің өзара қозғалмалы байланыстары тек ауызды кең ашуды ғана емес, сонымен қатар жұту актісінде төменгі жақтың оң және сол бөлігі аппараттарының тәуелсіз қозғалуын қамтамасыз етеді. Улы жыландарда таңдай, қабыршақты және тісті сүйектерге орналасқан тістерінен басқа жоғарғы жағында артқа иілген у өтетін түтігі не алдыңғы бетінде жұлғасы бар улы тістері болады. (63, 64, 65 суреттер).
Достарыңызбен бөлісу: |