Дала агамасының ішкі құрылысы. Асқорыту жүйесі: Ауыз қуысында ұшы екі айыр қозғалмалы тіл, майда тістері, сілекей бездері болады. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ айқынырақ бөлінген. Салыстырмалы ұзын өңеш, кең етті қарынға ұласып, одан әрі, он екі елі ішек, жіңішке ішек, жуан ішек, осы екеуінің шекарасында бастама түрінде соқыр ішек өсіндісі болады. Жуан ішек, тік ішек арқылы клоакаға ашылады. Жақсы жетілген бөлікті бауыры, өт қабы, өт жолы, ұйқы безі болып, олардың өзектері он екі елі ішекке ашылады. Қарынның төменгі жағында көкбауыр орналасады. (58-сурет).
58-сурет. Дала ағамасының ішкі мүшелерінің жалпы орналасу жағдайы:
1-оң құлақша, 2-сол құлақша, 3-қарынша, 4-кеңірдек, 5-өкпе, 6-өңеш, 7-қарын, 8-он екі елі ішек, 9-жіңішке ішек, 10-жуан ішек, 11-бастама соқыр ішек өсіндісі, 12-тік ішек, 13-клоака қуысы, 14-ұйқы безі, 15-көкбауыр (талақ), 16-бауыр, 17-өт қабы, 18-өт жолы, 19-жұмыртқа безі, 20-жұмыртқа өткізгіш, 21-бүйрек, 22-қуық.
Қан айналу жүйесі: жүрегі үш камералы-қарыншалар арасында толық емес перделер болады. Қан айналу шеңбері екеу. Жүректен қан тамырлар жеке-жеке басталады.
Үлкен шеңбер қан тамырлар жүйесі: қарыншаның (3) сол жақ бөлігінен оң жақ қолқа доғасы (6), ал перде тұсынан сол жақ қолқа доғасы (7) басталып, олар өзара қосылып арқа қолқасын (8) құрайды. Ол ішкі мүшелерге (ішек (29), қарын (30), бүйрек (27), бауыр (28), тұқым безі, т.б.) бұтақтар беріп, жамбас (9) және құйрық (10) артерияларымен аяқталады. Оң жақ қолқа доғасынан жалпы ұйқы артериялары (11) және бұғана асты (15) венасы бөлінеді.
Оң жақ қолқа доғасы қарыншаның сол жақ бөлігінен басталатындықтан, жартылай перденің жабылуына байланысты оған таза артериялық қан айдалады. Сондықтанда оң қолқа доғасынан басталатын ұйқы, бұғана асты артерияларына (13) таза артерия, ал артқы бөлігі аралас қанмен қоректенеді.
Дененің бас бөлімінен веналық қан жұп ярем (14), бұғана асты (15) веналар бірігуінен пайда болған жұп жоғарғы қуыс венаға (16) жиналып, веналық синус арқылы оң құлақшаға (1) ашылады. Дененің артқы жағынан веналық қан құйрық, жамбас веналарына (20) жиналып олар екі бұтақ береді. Біріншісі бүйректің қақпа веналары, олар бүйректе оның қақпа жүйесін құрап бүйрек веналары (23) өзара қосылып, төменгі қуыс венаны құрап, ол оң құлақшаға ашылады. Екінші бұтағы өзара қосылып құрсақ венасын (21) құрап өз жолында ас қорыту жолдарынан сәйкес веналарды қосып алып бауырдың қақпа жүйесін құрап (22), бауыр венасы арқылы (25) төменгі қуыс венаға (24) ашылады.
Кіші шеңбер: қарыншаның оң жақ бөлігінен өкпе (26) арнасы басталып, екі өкпе артерияларына бөлініп, өкпе арқылы өкпе веналары (5) (2) сол жақ құлақша ашады. Қарыншадағы перде жиырылған кезде уақытша болса да қарыншаны бөлетіндіктен, дененің бас бөліміне оң қолқа арқылы тазарақ артерия қаны кетеді. (62-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |