«Биология және биохимия» кафедрасы БӨж тақырыбы: Суда еритін витаминдер және олардың биологиялық рөлі



бет2/8
Дата13.10.2022
өлшемі153,36 Kb.
#42843
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Абдумалик Сымбат биохим 2

Ақуыздар

  • Ақуыз – адам ағзасы үшін маңызды органикалық зат. Адам ағзасының 15-20%-і ақуыздан тұрады. Ол жетіспегенде бұлшықет жұмысы нашарлап, терінің қайта қалпына келу қабілеті төмендейді. Мына белгілерге қарап, ағзаға ақуыз жетіспейтінін біліп, дәрігерге қаралу керегін түсінуге болады.
  • Ақуыздартамақтану физиологиясында энергетикалық маңызға ие, олар организмде тотығып 16,7 кДж/г жылу бөледі. Адамға тәулігіне 80-100 г ақуыз қажет. Олар организмдегі тканьдерді қайта қалпына келтіретін құрылыс материалы болып табылады. Ең құнды ақуыздарға құрамында ауыстырылмайтын аминқышқылдары бар ақуыздар жатады. Өйткені, адам организмінде синтезделмейтін болғандықтан, оларды үнемі сырттан дайын күйінде қабылдап отыруымыз керек. Оларға мына аминқышқылдары жатады: триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин, фенилаланин. Құрамында осындай аминқышқылдары бар толыққұнды ақуыздар жануар текті шикізаттарда кездеседі.

Ақуыздардың адам организміндегі рөлі өте үлкен, себебі олардың атқаратын функциялары да сан алуан.Ақуыздар ядроның, протоплазманың, клетканың мембранасының құрамына кіреді, яғни ақуыздардың негізгі функциясы- иілімділік, созылымдылық болып табылады. Ақуыздар тірі материяны ұдайы өндіру процессіне қатысады, себебі нуклеопротейндердің құрамына ақуыздар кіреді. Сүйектердің ақуыздары тіреу,сүйеніш функциясын атқарады. Актин мен миозин бұлшық еттердің жиырылуын қамтамасыз етеді. Ақуыздар каталитикалық активті, барлық ферменттер ақуыздар болып табылады.

  • Ақуыздардың адам организміндегі рөлі өте үлкен, себебі олардың атқаратын функциялары да сан алуан.Ақуыздар ядроның, протоплазманың, клетканың мембранасының құрамына кіреді, яғни ақуыздардың негізгі функциясы- иілімділік, созылымдылық болып табылады. Ақуыздар тірі материяны ұдайы өндіру процессіне қатысады, себебі нуклеопротейндердің құрамына ақуыздар кіреді. Сүйектердің ақуыздары тіреу,сүйеніш функциясын атқарады. Актин мен миозин бұлшық еттердің жиырылуын қамтамасыз етеді. Ақуыздар каталитикалық активті, барлық ферменттер ақуыздар болып табылады.
  • Организмнің қорғану реакциясы да ақуыздармен байланысты, соның ішінде организмге бөтен заттар түскен кезде түзілетін антителдер протеиндер болып табылады. Ақуыздар токсиндермен активтілігі төмен комплекстер түзеді. Олар организмнен шығарылады, яғни ақуыздар токсиндерге қарсы .күресу функциясын да орындайды. Плазма ақуыздарының қатысуымен қанның ұйуы жүзеге асады. Бұл үлкен қан кетуден сақтайды. Қан плазмасының кейбір ақуыздары оттекті, тамақтық заттарды, зат алмасу өнімдерін тасымалдайды, яғни тасымалдау функциясын да атқарады. Тамақтағы ақуыздар мидағы қозу және кідіру процесстеріне әсер етеді. Көптеген гормондар және олардың туындылары- протеиндер болып табылады. Сол себепті, ақуыздар реттеу(регуляция) функциясын атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет