Тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрі «Бесікке салу»



Дата22.05.2023
өлшемі20,76 Kb.
#95906
Байланысты:
Тәрбие сағаты Бесікке салу


Тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрі «Бесікке салу»

Мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу, дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының маңызын ұғындыру.
Салт – дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрініс. Бесікке салу.
Музыка залында төрде қазақ үй, оның іші әсем безендірілген.
Төрде төсек, сандық, сандық үстінде көрпешелер жинаулы, шымылдығы көмкерілген дөңгелек үстел. Үйдің керегесінде домбыра, аяқ қап, қоржын ілулі тұр. Дөңгеленген үстел айналасында көрпешелер жайылған.
Киіз үйдің ішінде бесік жанында ене отыр, қолына құшақтаған баласы бар келіні отыр.
Осы сәтте ауылдағы ең үлкен әже шашу шаша кіреді.
Келгендер: - Сәбидің бауы берік болсын!
Үйдегілер: - Төрлетіңдер, төрлетіңдер!
Ене:
Төрге шығыңдар құрметті қонақтар!
Жасы үлкен әже: Шашу! Шашу! Шашу! тойларыңыз құтты болсын!
Нәрестенің өмірі ұзақ, бақытты болсын! Дүниеге келген нәресте бір үйдің ғана емес, бүкіл ауыл қуанышы болсын..
Ене: Бесік тойға ырым етіп, ауылымыздың ең жасы үлкен әжесін шақырдық, міне апа төрде отыр. Әжемізден баланы бесікке бөлеп беруін сұраймыз.
Әжей: Рахмет, қарақтарым, балаларың өмірлі, бақытты болсын, қазақ елінің айтулы бір азаматы болып өссін.
Жамал апа: Қане, бесікті әкел.
Бесік – өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы, мұны білген абзал.
Атам қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы, иіп кептірілген талдан жасалады. Екі басын қайың ағаштан да шауып жасайды, астына тақтай салып, дәрет жүретін жерін тесіп ойып қояды. Оған киізден түбек жасап кигізеді. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпеше жастықтар салады. Бесіктегі сәбидің дене бітімі түзу, қол-аяғы түзу, ширақ болады. Бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан қорғайды. 
Бесікке салу рәсімін көрсету
1. Бесікті аластау . .Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.

 Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Көш, көш, пәлесі,
Келді, міне, егесі.

2.Тыштырмай жасау
Шашуға әкелінген қант кәмпитті уыстап алып, бесіктің түбек қоятын тесігінен төмен өткізіп, «тыштыма тыштыма» ырымын жасайды. Шашуын отырған қонақтарына береді. Шашу үлестіріп болғансоң,
3.Бесік жабдықтарын салу.
Бесікке керекті жабдықтар – жөргек, жастық, қолбау, аяқбау, түбек, шүмек. Бесікке бөленген нәрестенің кіші дәреті шүмек, ал үлкен дәреті бесік тесігі арқылы түбекке жиналады. Түбек түбіне күл салып, жиі – жиі ауыстырылып отырады. Шүмек өте әдемі етіліп, қойдың асық жілігінен жасалады. Кейбіреулер айрықша аппақ болу үшін сүтке қайнатып та алады. Шүмек ұлға немесе қызға арналуына қарай екі түрлі болады.
4. Тіл – көз тимеске тұмар, үкі тағады. Шошымасын деп ер баланың жастығының астына бәкі салады, ал қыз бала көрікті болсын жастығының астына айна – тарақ салады.
5.Сәбиді бөлеу.
6. .Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.
Бала бөлеген бесікке жеті нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар.
Халықшыл болсын деп – тон, жасы ұзақ болсын деп – шапан, сыйлап өссін деп ата – әжесінің, әке – шешесінің бір – бір киімін жабады. Ат жалын тартып мінсін деп – қамшы, ұйқысы көп болсын деп – қапшық іледі. Киім санын жетіге толтырады

7.Бесік жыры.
Қолымыздан іс алып
Мойыныңа күш алып
Бізді бағар ма екенсің?
...Жаудан жылқы айырып
Жігіт болар ма екенсің?
...Ақыры жауға тиісіп
Батыр болар ма екенсің?
...Түрлі ою ойысып
Шебер болар ма екенсің?
...Сөйлегенде сөз бермей
Шешен болар ма екенсің?
...Ұлы топта күрескен
Палуан болар ма екенсің?
...Төрт құбылаң тең келген
Төре болар ма екенсің?
Бата:
Көтерейік білекті,
Нұрға бөлеп жүректі.
Бөбекке бата берейік,
Ағынан айтып тілекті:
Сәбиіміз сүйкімді болсын,
Өнер-білімге икемді болсын,
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өрен, өршіл, өркенді болсын!
Жақсы жолды таңдасын,
Жамандық тәлім алмасын!
Даналардың дәстүрін,
Жаңаласын, жалғасын,
Шұғылалы шуақты күн кешсін,
Басын сұр бұлт шалмасын,
Қос топшысы талмасын,
Қырандай биік самғасын!


Қорытынды бөлім: 

Төле би «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» десе, дана халқымызда «Туған жер – алтын бесік» деген даналық бар. Қазақ халқы бесікті киелі, қасиетті, құтты мүлік санаған. Туған жерді бесікке теңеу де бесікке деген құрметінен. «Сымбатыңа қарасам – асылдан таңдап кигендей» дегендегі Алпамыс батыр да, Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды ақылгөй даналар да, елді аузына қаратқан небір шешен билер, төрелер жатып өскен бесік ешқашан ескірмек емес. Бесікті аялайық, ағайын!!! Бесік жыры үзілмесін. Сәбилердің ұйқысы тыныш, аналар алаңсыз болсын! Халқымыз өсіп-өркендей, өрістей берсін!

«Бесік жыры» айтылады



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет