Бруцеллез сирек кездеседі. Қоздырғышы таяқша формалы бруцелла. Өте жұқпалы ауру. Адамдарға сырқат малдан жұғады (оның ішінде төлден де). Аурудың қоздырғышы өте тиімді, суыққа шыдамды. Несеп пен сүт азықтарында 10-45 күн, су мен дымқыл топырақта 70 күнге дейін сақталады. Жасырын кезеңі 1 аптадан 3 аптаға дейін Ауру таңертеңгі мезгілде температураның 38-39° дейін көтерілуінен басталады, ал кешке қарай ол қалыпты жағдайға дейін төмендейді. Қанда қоздырғыштар байқалса ғана диагноз анықталады.
Ауырған адам міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, толық сауыққанша емделеді. Сақтық шараларды малға мұқият мал дәрігерлік бақылау қою; ауруды анықтау және сауықтыру, тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу. Ферма жұмысшылары мен мал дәрігерлік қызметкерлер арнаулы киімдерді пайдалануға, ауру малды күткен соң қолын мұқият жууға және дизенфекциялауға міндетті. Арнайы сақтық шарасы — егу ферманың барлық жұмысшыларына жасалады. Балалар ауру малдарға жіберілмейді.
Туляремия — балаларға да, ересектерге де жұғатын ауру. Қоздырғышы таяқша тәрізді жабайы кеміргіштерде (көр тышқан, сарышұнақ, сутышқандары және үй қояны) мекендейді.
Инфекция жануарларға ауадағы ылғалды тамшылар арқылы, адамдар арасында қарым-қатнас (өлі аңның терісін сыпыру) және ауадағы ылғалды тамшылар арқылы жұғады. Инфекция көбіне тыныс жолдары, кейде асқорыту жолдары арқылы жұғады.
Аурудың жасырын кезеңі — 6—21, көбіне 1—14 күнге дейін созылады. Туляремия ауруы бірден қалтыраудан және температураның 38—39° көтерілуінен басталып, бас ауруына, буындардың қақсауына, кейде лоқсуға ұласады. Мойындағы лимфатикалық бездер ісіп, өкпе, ас қорыту жолдары закымданады.
Аурудың сақтық шаралары: кеміргіштерді барлық тәсілдермен жою, азық-түліктер мен су көздерін кеміргіштерден қорғау, маяланған егінді және зығырды дала тышқандарынан сақтау.
Туляремия анағұрлым өршіген жерлерде зығыр өңдеу мен егін бастыруға оқушыларды жіберуге рұқсат етілмейді. Балалардың жабайы кеміргіштерді кәсіби мақсатта аулауына тыйым салынады.
Аусыл— қоздырғышы сыртқы ортаға (сабан мен пішенде бір айға дейін сақталады) мейлінше төзімді вирусы бар ауру. Организмге ауыздың кілегейлі қабықшасы және тері арқылы енеді (көбіне сүт арқылы, ауру жануарлардан). Вирус қанда айналым жасайды да түкірік, несеп және нәжіс арқылы сыртқа шығады.
Аусылмен сырқаттанудың алғашқы белгілері — бас ауру мен температураның көтерілуі.
Сақтық шаралары: ауру шыққаң жердегі жануарларға карантин қою, сүтті жануарлар мен түйелерге қатаң мал дәрігерлік бақылау қою. Ауру малдың сүтін мұхият қайнатып барып пайдалануға болады, бірақ оны балаларға бермеген жөн. Ауру малдарды күтуді арнайы мал дәрігерлік санитарияны оқып үйренген ересек адамдарға жүктейді:
Құтыру — тез жұғатын жұқпалы ауру, оның қоздырғышы ауру жануарлар адамдарды қапқан кезде түкірік арқылы енетін вирус.
Құтырумен барлық жылы қандылар ауырады. Мұндай вирустар итте, қасқырда, түлкіде болады. Аурудың жасырын кезеңі 20—25 күн, кейде 6 айға дейін. Құтырма ауру нашар көңіл күйден басталып, жұту, тыныс алу бұлшық еттерінің түйілуіне ұласады. Кейінірек, ол судың сылдырынан да қысылып қалуға әкеп соғады. Осы себепті ауруды гидрофобия (судан қорқу) деп
те атайды.Ауру жануарлардың қабағы салыңқы болады, баяу қозғалады, кұйрығы салбырап, жүні жығылады. Ауру иттің үргені қырылдаңқы шығады, аузынан көбікті түкірік шашады, ол жеуге келмейтін заттарды (шеге, шыны бөліктерін) тістелеп, жұтып жібереді. 2—3 күннен соң жолда кездескендерді қаба отырып үйден қашып кетеді. Ит тыныс жолдары, бұлшық еттерінің паралич болуынан өледі.Қазіргі кезде кұтырма аурумен сырқаттанғандарды антирабикалық вакцинамеи бірге антира гамма-глобулинді қолданады.Құтырудан сақтандыру үшін, онымен ауырған жануарлардың көзін жояды, сау жануарларға мал дәрігерлік қатаң бақылау орнатып, антирабикалық вакцина егеді.
Оба – ересектерге де, балаларға да жұғатын аса қатерлі ауру. Ауру сырқат жануарлармен тікелей жанасқан кезде, немесе ауру адамдардан, аурудың заттарынан, сырқат малдан алынған тері мен жүннен жұғады.Оба таратуға ауру кеміргіштер (тышқан, мысық) аса қауіпті, өйткені олардың қанын бүргелер сорып, ауруды сырқат адамнан (жануардан) сауына жұқтырады. Оба ауруы қалтыраудан, жоғары температурадан, күрт бал ауруынан, буындардың әлсіреуінен басталады. Диагноз Лимфа бездеріндегі заттар мен сілекейдің лабораториялық анализі бойынша қойылады.Ауруды емдеу комплексті түрде жүргізіледі. Ауырған адамды міндетті түрде емханаға жатқызады. Аурумен қарым-катынаста болғандарға обсервация жасалады. Ауру болған жерлерде аса қауіпті инфекцияларға қарсы жасалатын сақтық шаралар (дезинфекция, дезинсекция, дератизация) жүргізіледі.Обсервация мекемесінің дәрігерлері мен барлық қызметкерлері киім формасын (арнаулы киім көзілдірік және т. б.) қатаң сақтайды. Ауруларды емдеу кезеңінде дәрігерлерге, емші, бибілер мен кіші медициналық қызметкерлерге туған-туысқандармен қарым-қатынас жасауға рұқсат етілмейді, тек қана телефон, радио, ішкі теледидар арқылы тілдесуге болады.
Оба қаупі бар аймаққа вакцина егіледі. Обаның алдын алу үшін тұрғылықты жұртшылықтан жұмыс орны мен үй ішінде санитарлық-гигиеналық қағидаларды сақтау талап етіледі.