Биология кафедрасы



бет73/100
Дата08.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#80610
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100
Қан ағысының жылдамдығы. Қан айналымы жүйесінде бір
мезгіл аралығында барлық артерия, капиллярлар мен веналар арқылы бірдей мөлшерде қан ағып өтеді. Жылдамдық қан арнасының кең немесе тарлығына байланысты. Мәселен, ірі артерияларда ол секундына 50 см, веналарда — 20 см, ал капиллярларда—0,5 мм.
Артериядағы қан жылдамдығының жоғары болуы оның айналу жылдамдығын қамтамасыз етіп, тканьдерді нәрлі заттармен және оттегімен жабдықтауға мүмкіндік береді. Капиллярларда қанның баяу ағуы ткань аралық зат алмасуға жағдай жасайды, яғни тканьдерге қажетті заттар беріліп, организмге қажет емес заттар әкетіледі.
Туа біткен және кейін жүре пайда болған қан айналудың бұзылулары
Адамның жүрек қан тамырлары қызметінің бұзылуын туа біткен және жүре пайда болған деп бөлу қалыптасқан. Туа біткен жүрек ақаулары мен қан тамырларының дамуындағы алшақ кетушілік салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Ал жүре пайда болған, яғни өмір бойы өрістеген ақаулар (ырғақсыздық, венаның кеңеюі, аневризм, ревматизмнің салдары) анағұрлым жиі кездеседі. Туа біткен көптеген жүрек қан тамырлары жүйесінің ақаулары хирургиялық жолмен емделеді.
Жасөспірімдердің жыныстық кемелденуі кезеңінде жүрекқан тамырлары жүйесінің жұмысының уақытша бұзылуы байқалады. Бұл ішкі секреция бездерінің қайта құрылуына байланысты. Кейбір дәрігерлер организмдегі мұндай өзгерістерді оның толық сау еместігі деп санайды, ал мұның өзі жасөспірімді үрейлентіп алуы мүмкін. Алайда, төменгі класс оқушыларының жүрегі көптеген ересектердікінен гөрі әлдеқайда таза. Ол никотинмен, ішімдікпен уланбаған, психикалық жағынан жарақаттала қоймаған және организмге сыртқы ортадан түсетін бактериялардың әрекеттеріне азырақ ұшыраған болып келеді. .
Балаларда жүрек пен қан тамырларының мықтылығын төмендететін инфаркт, жүрек бұлшық етінің склерозы және басқа бұзылулардың болмайтындығын бақылаулар көрсетіп отыр.
Бақылау сұрақтар?
1.Жүрек қан айналым жүйесі.
2.Жүректің құрылысы.
3.Жүректің жұмысы.
4.Жүректік қақпашалар.
5.Қан тамырлары және қан.
6.Қанның қызыл жасушалары.
7.Қанның айналымы.
8.Жүректің тәждік аурулары.
9.Тәждік аурудың хирургиялық емі.
10.Жүрек ақаулары.
11.Жүректің ырғағы мен соғуының бұзылыстары.
12.Жүрек аурулары және жүрек жетіспеушілігі.
13.Қан айналымның бұзылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет