Биология кафедрасы



бет66/100
Дата08.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#80610
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100
Организмдегі қан қорлары. Көкбауыр денедегі қанның қоры. Тыныштық кезінде көкбауыр қанға толып, аумағы үлкейеді. Бұлшық еттер жұмыс істей бастағанда қан көкбауырдан жұмыс істеп жатқан бұлшық еттерге тасымалданады. Ағылшын физиологы Баркрофт тамаша тәжірибе жасап, кокбауырдың қан жиналатын орын екенін алғаш дәлелдеді. Ол иттің кокбауырын абайлап, қан тамырларын үзбей, құрсақ қуысынан шығарып алып, тәжірибедегі иттің терісінің астына орналастырған. Көкбауыр көрінетіндей етіп теріге әйнек ретінде мөлдір целлулоид пластинкасын тігіп, мүшенің жағдайын байқап отыратын терезе жасаған. Жануар операциядан айыққаннан кейін сол терезе арқылы көкбауырды түрлі жағдайларда байқаған. Ит қозғалып жүрген кезде көкбауырдағы қан азайып, ол тынышталып демалғанда қайтадан көбейген. Иттің қимылына сай көкбауырдағы қанның қоры азайып отырған. Баркрофт озінің осы итін 1926 жылы физиологтардың съезінде көрсеткен. Кейіннен көкбауырдың қанның қоры жиналатын мүше екені, сонымен қатар, қанның кейбір клеткалары осы көкбауырда дамып жетілетіні толық анықталды.
Эритроциттердің ыдырауы бірнеше мүшелерде болады, соның ішінде көкбауыр да бар. Мұнымен бірге, көкбауырда лейкоциттердің бұзылуын тежейтін факторлар да бар, дегенмен, мұнда да біраз лейкоциттер ыдырайды. Көкбауыр тимус безімен және лимфа түйіндерімен бірге лимфациттердің өніп, өсіп, дамуына қатысады. Мұнда лимфациттер көптеп жиналады. Олар көкбауырдан лимфа айнылымына құйылып, одан тағы да қайтып келеді. Көкбауырдың қыртысында Т-лимфоциттер, ішкі ұлпасында В-лимфоциттер орналасады деген деген мәліметтер бар.
Бұған қоса, көкбауырда белгілі шамада антиденелер өндіріледі және токсиндер (улы заттар) усыздандырылады.
Көкбауырдан басқа қанның көп мөлшері теріде, бұлшық еттерде және басқа мүшелерде жиналады. Организмге қан көп қажет болған жағдайда қордағы қан дереу қан айналыс жолына құйылып, жұмыс істеген мүше толық қамтамасыз етіледі.
Оқу мен дене еңбегінің қанға әсері. Қанның құрамы шамамен тұрақты болғанымен, баланың еңбегіне мөлшерден тыс талап қойы лғанда бұл тұрақтылық өзгереді.
Мектеп жасындағы баланың жүмысы көбінесе - оқу, ми еңбегі. Оқу, ми еңбегі ретіңде, қан жүйесіне де әсер етеді. Оқушы баланың оқу бағдарламасы жасына сәйкес болмағанда, 12 жасқа дейінгі балаларда лейкоцитоз, яғни лейкоциттердің көбеюі, орын алады. Баланың қанында, әсіресе нейтрофилдер мен лимфоциттер көбейеді.
Бастауыш сынып оқушыларында (7-11 жас) оқудың әсерінен эритроциттердің түту жылдамдығы (ЭТЖ) аздап өзгереді, бірақ ол мұның сабаққа дейінгі қалпына байланысты болады. Айталық, сабаққа дейін ЭТЖ жоғары болса, сабақтың соңына таман ол баяулайды.
Қанның тұтқырлығы да ЭТЖ іспетті сабақтың алдындағы деңгейіне байланысты. Сабаққа дейін ЭТЖ орта шамамен 3,7 болса, сабақтың соңында 5,0, ал сабақ алдында 4,4 болған оқушыларда сабақтың соңында 3,4 дейін темендегені туралы мәліметтер бар.
Жалпы алғанда қанның құрамына оқудың әсері олардың қалыпты жағдайындағы мөлшеріне тікелей байланысты.
Дене еңбегі организмнің физиологиялық жүйелерінің қызметін, әсіресе қанның құрамын өзгертеді. Дене еңбегінен кейін балалар мен жастарда ересек адамдардағыдай миогендік лейкоцитоз байқалады. Бала жүгіргенде, қозғалысты ойын сияқты жеңіл-желпі дене еңбегінде лимфоциттері аздап көбейеді, ал велосипед тебу, сол сияқты қара күшті қажет ететін еңбекте нейтрофилдер кобейеді. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде жүгіру, суда жүзу сияқты спорт түрлерімен шұғылданғанда лейкоциттердің барлық түрлері көбейеді. Бірақ, сонда да лимфоциттердің көбеюі басым болады. Ал қыздар мен жігіттердің арасында жыныстық айырмашылықтар жоқ деп батыл айтуға болады. Жалпы алғанда миогендік лейкоцитоз бұлшық еттердің жұмысының ұзақтығына байланысты болады, ал жасқа байланысты ерекшеліктер байқалмайды. Мұндай қысқа мерзімді дене еңбектерінің эритроциттердің санына әсері онша күшті емес. Жүгіру, суда жүзу сияқты спорт ойындары кезінде олардың саны орта есеппен жарты миллиондай ғана артады. Ал 1,5-2 сағат велосипед айдағанда эритроциттер айтарлыктай көбейіп, тек бір тәуліктен кейін ғана қалпына келеді. Бұлшық еттердің қызметі тромбоциттерге күшті әсер етеді. Миогендік тромбоцитоз еңбектің ұзақтығына байланысты. Ұзақ уақыт спорт ойындарымен шұғылданғанда қанның құрамында жас қан пластинкалары көп болады. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ғана жас ерекшеліктері байқалады. Жас жігіт велосипедпен 50 шақырымды жүріп өткенде миогендік тромбоцитоз кезіңде қаныңда қаңца жас тромбоциттер көп болады, ал сондай қимыл жасаған 23-27 жастағы ересек адамдарда миогендік тромбоцитоз болғанымен, жас пластинкалар болмайды деген мәліметтер бар (А. А. Маркосян, 1960). Осы сияқты 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ЭТЖ, қанның түтқырлығы, қанның ұюы сияқты қанның физикалық және химиялық көрсеткіштерінде де байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет