Рубрика бөлім /ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді. Бөлім /ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері мен білім алушыларды таныстыру кезінде оған оның жиынтық жұмысын және оқу жетістігі деңгейі көрсетілген рубриканы ұсынуға болады.Рубрика үлгісі 2-суретте көрсетілген.
Сурет 2.Бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері бойынша рубрика үлгісі
Мұғалімдерге көмек ретінде жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныста бөлім /ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілеріне рубрикалар құрастырылып, ұсынылған.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі (ТжБ).
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі. Тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, жинақтау және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру.
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.Әдістемелік бірлестіктер жасаған оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың жоспарында тоқсандық жиынтық бағалаудың рәсімдері көрсетілуі қажет (4.2 Жиынтық бағалау үдерісі бөлімін қараңыз).Аталған жоспар бойынша білім алушыларға шамадан тыс қиындық туғызбауы және тиімсіз болмауы үшін әр тоқсанда өткізілетін жиынтық бағалаудың кестесін құру ұсынылады, яғни, бір күнде 2-денартық жиынтық жұмыстарды өткізу ұсынылмайды.Тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі мұғалімдерге, білім алушыларға, олардың ата-аналарына таныстырылады.
Егер мектепте мүмкіндік болса әр пән бойынша бір параллельдегі сыныптарға бірдей кесте құру ұсынылады, мысалы, 7-сыныптар үшін бір күнде, бір сабақ үстінде математика пәнінен жиынтық жұмысын өткізу.Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, тоқсандық жиынтық бағалауды кесте бойынша өткізуге болады, алайда ақпараттың тарап кетуі және көшіріп алу сияқты кемшіліктерді болдырмау үшін жиынтық жұмыстың бірнеше нұсқасын құрастырған дұрыс.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу уақытын жоспарлау кезінде демалыс және мереке күндерді, сондай-ақ, тоқсандық және оқу жылының аяқталу мерзімін есепке алу қажет. Тоқсандық жиынтық бағалауды тоқсанның және оқу жылының соңғы күндерінде өткізу ұсынылмайды.