Биология кафедрасы


Оқытудың әлеуметтік-конструктивистік теориясы



бет21/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81

Оқытудың әлеуметтік-конструктивистік теориясы


Критериалды бағалау жүйесі оқытудың әлеуметтік-конструктивистік көзқарастарына сүйенеді. Оқытудың әлеуметтік-конструктивистік теориясы жеке-жеке, ұжымдық және топтық оқыту процесінде әлеуметтік құрылымдарды құруға назар аударады. Дэвис және Херш (1981) оқытуға конструктивтік көзқарасы бар мұғалім оқыту мен бағалау білім мен дағдыларды дамытуға бағытталғанын түсінеді деп санайды. Білім мен дағдылар танымның келісілген саласы ретінде қарастырылады. Оқушы білімді пассивті алушы және бағалау объектісі болуын тоқтатады да, осы үдерістің "құрушысы" болады.Пиаже конструктивистік теориясына сәйкес (1967) оқушы не істеуді үйренгенін және қандай дағдыны игергені негізінде өз түсінігін қалыптастыратын адам ретінде қарастырылады. Оқытуды жаңа ақпаратты оқушының түсінуі мен тәжірибесіне (Выготский,1966) түрлендіру үшін пайдалану қажет деп түсінеді. Бұл оқушыларға рефлексия (Дарлинг және Вэнворс, 2010) арқылы негізгі принциптердің абстракциясы арқылы өз дағдыларын дамытуға және оларды болашақта қолдануға мүмкіндік береді.Оқытудың әлеуметтік-конструктивистік теориясына сәйкес оқушылардың ойлау қабілетін дамыту социум мен үйлесімді өзара қарым-қатынасты құру есебінен қамтамасыз етіледі,мұнда "бар" білімде әр түрлі көздерден (мұғалім, құрдастар, оқу ресурстары) "алынған" біліммен өзара әрекет ете отырып, "мүлдем жаңа" білім құрады. Оқытудың әлеуметтік-конструктивтік теориясының идеяларына негізделген бағалау әр түрлі елдерде кеңінен қолданылатын формативті бағалау тәжірибесін өзектендіруге мүмкіндік береді.
Жақын арадағы даму аймағы. Выготскийдің пікірінше, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Оқушының аса епті және хабары мол адам мен интербелсенді вербалды алмасу нәтижесінде біртіндеп сыртқы, әлеуметтік-жанама диалог орнатуы,күнделікті міндеттерді шешуге қатысуы әлеуметтік тәжірибе ретінде бала бойына сіңіп, оның өз бетінше ойлануына қатысты ішкі жеке қоры ретінде қалыптасады.Басында мұғалім міндеттерді өз бетінше және сәтті орындау үшін қажетті тілдік және танымдық құралдарды береді. Тәртіп пен тілді модельдеу, оқушыны өздері қатысатын үдерістер және рәсімдермен таныстыру арқылы мұғалім оқушының біліктілігі, сенімділігі және өз бетінше әрекет ету қабілетін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет