Биология кафедрасы



бет49/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

«Кейс – стади» әдісі

Нақты болған немесе ойдан шығарған жағдаятты талдау, болжау.

Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Мәселелерді шешуге, баламасын анықтауға, мақсаттарын айтуға, талдауға мүмкіндік береді.

Жұмысты жүргізу үшін бір жағдаят ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады.

СТО, диалогтік оқыту, Дарынды/талантты, Көшбасшылық, АКТ

26

«Дауыстап ойлау» әдісі

Оқи отырып ой түю, ой бөлісу.

Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.

Жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне түсіндіреді.

СТО, диалогтік оқыту

27


«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

Оқушыны алған білімін саралай білуге дағдыландыру.

Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.



Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.

ОүБ, кері байланыс

28


«Ыстық орындық -1, 2» әдісі



Оқытуда оқушы белсенділігін арттырумен қатар әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтау.



Оқушылардың сұрақ қою дағдысы қалыптасады және сұрақ қою арқылы өзара ашық пікірлеседі.

Сыныптағы кез-келген оқушыны «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу.Оқушы ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты оқушы «Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын немесе жаңа сабақты қорытындылауға бойынша сұрақтарға жауап береді. 2-ші нұсқа бойынша «Ыстық орындыққа» отырған оқушы сұрақтар қоя алады.

СТО, диалогтік оқыту, Дарынды/талантты, Көшбасшылық

29



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет