Биология кафедрасы



бет57/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

WEB сайттар тізімі:
1.http://ustaz.kz/
2. http://collegy.ucoz.ru

3.http://sabaqtar.kz/


10 Жаңартылған білім мазмұны аясы негізінде биология пәнін оқытуда цифрлық ресурстардың тиімділігі


Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері:
  1. Биология пәндерін жаңартылған бағдарламамен оқытуда білімі мен білік, дағдыларын қолданады;

  2. Оқытудың және білімді критериалды бағалаудың заманауи талаптарын іске асыру дағдысын, биология пәнін оқытуда цифрлық ресурстардың тиімділігін меңгереді;

  3. Педагогикалық ынтымақтастыққа толеранттық қабілеттін көрсетеді.

Лабораториялық сабақтың мазмұны:


Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі заманғы жүйесін қалыптастырудың негізгі алғы шарттары - «оқытудан» «білім беруге» көшу, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту жеке тұлғаға бағытталған, ашық білім беруге көшу; білімді жинақтау мен жүйелеуде, оқушыларға білімді беру үдерісінде сандық білім ресурстарын пайдалану. Әлемдік тәжірибеде сандық білім беру қазiргi бiлiмнiң ажырамас бөлiктерінің бірі болып табылады. Сандық білім беру – ол қазіргі заман талабы. Сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы – сабақтың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда графикалық, сандық, тілдік, музыкалық, видео, сурет және басқа да ақпараттан тұратын ақпарат көзін тиімді пайдалану. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел-2050» бағдарламасы, Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін датытуға көп көңіл бөліп отыр. Сондықтан да әр ұстаз заманауи құрылғылар мен түрлі веб- сайттарды өз сабақтарында үйлесімді түрде кеңінен пайдалануға бағыт алу. Сандық білімді кеңінен оқу үрдісіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру және заман талабына әр ұстаздың сай болуына ықпал етеді .
Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз.
Сандық білімді биология сабағында тиімді қолданудағы негізгі мақсат: -оқушылардың мәліметтермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту ықпал жасау; Сандық білімді қолдану барысында әр жеке тұлғаның биология пәні бойынша білім-білік сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі.
Мысалы: Биология сабағында сандық білімді қолданудағы негізгі бағыттар:
Электрондық оқыту, виртуалды тәжірибелер,тақырыпқа сай ақпарат іздеу, түрлі сайттар арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады.
Заманауи үлгіге сай тақырыпқа сай бейне, аудио жазбаларды қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.
Сандық білім беру ресурстары классификациясы және қолданылуы:

  • Электронды оқулықтар

  • Электронды оқыту құралдары

  • Электронды оқыту әдістемелік құралдар

  • ББД бақылаудың электронды басылымдары

  • Дәстүрлі оқулықтардың прототиптері

  • Репетиторлар

  • Пәндік салалар

  • Тестілер

  • Түпнұсқалы электронды оқулықтар

  • Тренажерлар

  • Бағдарламалы әдістемелік кешендер

  • Тест тапсырмалары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет