Биология кафедрасы



бет65/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

Кері байланыс
Рефлексия адамның өз білімі мен әрекеттерін талдау, сол туралы өзіне есеп беру болғандықтан мұнда басқа адамдардың пікірлері мен бағалауының алатын орны ерекше, өйткені өзіне сырт көзбен қараған адам басқа адамдардың өзі туралы пікірлері арқасында рефлексиясын тереңдете түседі. Өзі туралы сырт пікірлерді адам қарым-қатынаста біледі. Осындай қарым-қатынаста өзі туралы пікірді есту мен білуді кері байланыс деп атайды. Сырт пікірлер адамға өзінің қайда және қандай екендігін білуге көмектесіп, болашақ әрекеттеріне түзету енгізіп, оларды жоспарлау мүмкіндігін береді. Сол себепті кері байланыс — келесі әрекеттерді ынталандыруға бағытталған рефлексияның ақпараттық негізі. 
Адамның бір ерекше қасиеті бар: біз өзіміз туралы өзгелердің пікірін естігіміз келіп тұрады. Сондықтан да кез келген әрекеттен кейін басқалардан «Қалай болды? Мен сырт көзге қалай болып көріндім? Қалай сөйледім (жасадым, отырдым, тұрдым, жаздым, т.б. әрекеттерді келтіруге болады)?» деп өзіміз туралы пікірін сұраймыз. Сол әрекетті бақылаған адам өз пікірін айтады, бағасын береді. Оның пікірі өзіміздің оймен сәйкес келуі немесе келмеуі де мүмкін. Алайда сырт пікір бізге білім мен әрекеттерімізді түзету, өзгерту, жақсарту мүмкіндігін береді. Олардың мұндай пікірі біз үшін кері байланыс болады. Осылайша өзгелердің өзіміз туралы пікірлері бізге өзімізді тануға, ішкі «Мен»-нің қалыптасуына көмектеседі.
Ал енді осыған қарама-қарсы жағдаятты көз алдыңызға елестетіп көріңіз: Сіздің әрекетіңізден кейін бір де бір адам ләм-мим деп жұмған аузын ашпады, өз ойын айтпады делік. Осындайда өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Әрине, мұндай жағдаяттың қуаныш және қанағат әкелуі екіталай, өйткені біз өз әрекетімізді басқалардың талдағанын және бағалауын қалаймыз.
Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. «Сырт көз сыншы» дегендей, мұндай сырт пікірдің өз әрекеттеріңді реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер енгізу ісінде өте құнды болып табылады.
Кері байланыстың мәнін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» атты тәсіл жақсы келтіреді. Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз.
2013 жылдың наурыз айында Амстердамда өткен «Ұстаз сапасы» атты оқытушылық қызметтің Халықаралық Саммитінде оқу мен оқытудың сапасы көп жағдайда кері байланысқа тәуелді екендігі аталды. Ұстаздардың оқушылар тәрбиесіне жасайтын ықпалын бағалау өте қиын, алайда ата-ана, оқушылар мен қоғам мүшелерінің кері байланысы осы мәселені айқындауға қолғабыс болады. Саммит мұғалімдерге өздерінің кәсіби біліктілігін жақсарту үшін кері байланыстың өте қажет екендігін және біраз жетістіктерге бастайтындығын кеңінен атап көрсетті.
Әлемнің ең бай адамы Билл Гейтстің «Мұғалімдерге шынайы кері байланыс керек!» деп баса айтып, АҚШ білім беру жүйесі алдында осындай мақсат қойғандығы бекерден бекер жәйт емес. Оның ойынша, АҚШ білім беру жүйесі Шанхай мектептерінен үлгі алуы керек: Қытайдың бұл мегаполисінде әрбір мұғалім – мейлі ол тәжірибелі болсын, мейлі жас болсын – өз сабақтары мен әрекеттеріне кері байланыс алуға және өзгелерге беруге құқылы екен: мұнда кері байланыс мұғалім кәсібінің ең маңызды бөлігі деп есептелінеді.
Кері байланысты қолданғанда мынандай жәйттерді есте ұстаған дұрыс:
— Кері байланыстың үйренудің ең тиімді әдісі екендігін ұмытпаңыз, өзіңізге қажетті екендігін де естен шығармаңыз. Бұған қоса кері байланысты жұмысымызды жақсартудың, өз олқылықтарымызды түзетудің ең тиімді нысаны деп қабылдау керек. Сол себепті кері байланысты сабырлықпен және іштей болса да ризашылықпен қабылдау керек. Бұл жерде «Ал егер кері байланыс атаулының бәрі де ақшаға жасалынып, ақылы болса, не болар еді?» деп өзімізден сұраған орынды болар. 
- Кері байланыс әрқашан да субъективті болады, өйткені ол біреудің өзіндік пікірі. Осы тұрғыдан алғанда кері байланысты ақиқат деңгейіне шығарудың қисыны жоқ шығар. Оны басқа адамның бағасы деп қабылдап, оның еш міндетті емес екендігін естен шығармаған абзал. Бізге қандай да кері байланыс берілсе де оның тиімді/тиімсіздігін, пайдалы/пайдасыздығын өзіміз өлшейміз және бағалаймыз, оны қабылдау не қабылдамауды өзіміз шешеміз. 
- Мүмкін кері байланыстың ең құнды жағы бізге ұнамайтын бөлігі болатын шығар: айтылған сын мен ескертпелер, айқындалған кемшіліктеріміз бен қателеріміз. Алайда мен сіздерге кері байланыс бергенде тым қатал сыншы болмауды ұсынамын, өйткені «Суық-суық сөйлесе, мұсылман діннен таяды», «Адамның көңілі бір шөкім насыбайдан қалады», «Итің жаман!» дегенде, ой, өлгенім-ай!» дегендерді ұмытпайық! Сондықтан да кемшіліктерді тіке бетке баспай, оларды жанамалай жеткізген жөн болар? Мысалы, мынандай сұрақтар арқылы: «Неліктен Сіз бұлай жасадыңыз (айттыңыз, жаздыңыз, ұйғардыңыз, т.б.)? Мүмкін олай емес, былай болар?» немесе «Егер мына жерге мынандай өзгертулер енгізсе, не болар еді?»
- Негізінен кері байланыстың үш негізгі қызметін ажыратуға болады: әрекеттерді түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу, өзін өзі тану құралы. Сондықтан оның мазмұны жағымды, позитивті болу керек. Кері байланыстың негізгі идеясы жасалған істі бағалау емес (оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не жасалуы керектігін көрсету.Сонымен, кері байланыс оқу/оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет