Оқушылар үшін: 1-ден, рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды;
2-ден, рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;
3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады;
4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.
Мұғалімдер үшін тиімді жағы:
1-ден,оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды;
2-ден, келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді;
3-ден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.
Кері байланыстан күтілетін нәтижелер: -мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;
-оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;
-оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады;
-мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады;
Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймыз.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба, бейнефильмдер
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: кестелер, плакаттар, дидақтикалық тапсырмалар.
Жұмысты орындау тәртібі: жұптық талқылау, кері байланыс ұсыну.
Деңгейлік тапсырмалар:
I-деңгей:
1. Түрлі әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып тақырып сұрақтарын талдаңыз және тірек конспектісінжасаңыз.
II-деңгей: 1.Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды категорияларға бөліп, сыни тұрғыдан талдаңыз, бағалаңыз.
2.«Сабақтарға кері байланысты қалай ұйымдастырар едіңіздер?» тақырыбына жоба дайындау.
III- деңгей : 1.Ұғымдық–сұрақ:Кері байланыс дегеніміз не? Кері байланыстың қандай түрлері білесіз?
2.Ой қозғау сұрағы:Рефлексия мен кері байланыс синоним сөздер ме?
3.Тұжырымдау сұрағы: Қазіргі заманғы инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану қаншалықты маңызды?