Мектеп биология оқулығы бойынша генетикалық тақырыптағы есептерді шешу схемасын келтірейік:
Оқу-танымдық тапсырманы, биологиялық есептерді орындаудың әрбір кезеңінің соңында әмбебап оқу әрекеті қалыптасуы керек :
1 кезең — тапсырманың немесе есептің шартын ұғынуы. Қажетті ақпаратты таңдап алып, оқушылар негізгі (басты) мәселені анықтап алады. Содан кейін тапсырма немесе есептің шарты бойынша берілген белгілі мәлімет пен белгісіз мәліметті салыстырады да оны қысқаша жазып қояды. Яғни есептің берілу шартын жазуы.
2 кезең — шешу жолдарын (жоспарын) анықтайды. Сол тапсырманы өздеріне белгілі тапсырмалар тобымен салыстыру (теңдеу құруға, санның пайыздық мөлшерін анықтау және т. б.) және шешудің мүмкін жолдарын таңдау (арифметикалық немесе алгебралық)
3 кезең — есептің немесе тапсырманың шешімін табу жоспарын іске асыру
4 кезең — табылған жауабын зерттеу.
Эвристикалық әдіске негізделген, төмендегідей әдістемелік шарттарды сақтау арқылы биологиялық тапсырмалар мен есептерді шешуді білім алушыға үйретуде қанағаттанарлық нәтижелерге қол жеткізуге болады:
— алдымен ол тапсырмада не сұралатынын анықтауға үйрету;.
— қажетсіз ақпараттар арасынан қажетті ақпаратты таба білуге тапсырма беру.
— абстрактіден нақты жағдайға ауыса білуі қажет, яғни теориялық білімді нақты жағдайда қолдануы;
— нұсқаулықтардан алынған ақпаратқа сыни көзқараспен қарауы;
— басқа ғылымдардың тұжырымдамаларын және биологияның тұжырымдамаларын басқа ғылымдарда қолдана білуге үйрету.
— тапсырмаға әр түрлі тұрғыдан қарауға үйрету.
Эвристикалық ойлау, оның негізінде алынатын өнімнің жоғары дәрежесі жаңашылдығымен, ерекшелігімен сипатталады. Бұл ойлау, адам есепті, оның формальді-логикалық талдау негізінде оған белгілі тәсілдері қолданумен шығарып көрген кезде, ешқандай нәтижеге жетпеген соң, мәселені шешу үшін жаңа білімге қажеттілігі туады: бұл қажеттілік субъективтің шығаратын мәселенің жоғары белсенділігін тудырады.
Оқыту үдерісінде танымдық тапсырмаларды шешуді үйренуде білім алушы әрине жоғары деңгейдегі көрсеткішке бірден жетпейді. Ғалымдардың зерттеулері бойынша білім алушының танымдық тапсырмаларды шешуде біртіндеп дамитын төрт деңгейі байқалады екен. Бұл деңгейлер сонымен қатар білім алушылардың өзбетілік танымдары мен олардың ақыл-ойларының даму барысын сипаттайды:
Кесте 2