Биология кафедрасы



бет69/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

WEB сайттар тізімі:
1.http://ustaz.kz/
2. http://collegy.ucoz.ru

3.http://sabaqtar.kz


13 Жаңартылған мазмұндағы биология курсы бойынша биологиялық есептерді шешудің эвристикалық әдісі




Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері:

  1. Оқыту үдерісінде эксперименттік әдістерді меңгеріп, пайдаланады;

  2. Цифрлық білім беру ресурстарын биологиялық есептерді шешудің эвристикалық әдісін қолдана біледі;
  3. Қазіргі жаңартылған білім берудің ұлттық моделіне сай оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық өзгеше әдіс-тәсілдерін практикада көрсетеді;

Лабораториялық сабақтың мазмұны:



Қазіргі білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде үнемі туындап отыратын жаңа талаптарға сәйкес білім алушылардың шығармашылығын, пәнге қызығушылығын шығармашылық , танымдық тапсырмалар мен есептерді қолдану арқылы қалыптастыру әдістемесін жетілдіру қажеттілігі байқалды. Сондықтан, болашақ биология пәні мұғалімдерінің биологиялық есептерді шешу және оны оқушыға үйретуі бойынша әдістемелік тұрғыдан дайындығы өте маңызды.
Биологиялық есептерді эвристикалық әдіс негізінде шешу тәсіліне сәйкес әдістемелік шарттарды қолдана отырып, нәтижеге жетуге болады.
Білім алушының өздігінен есеп шығару икемділігін қалыптастыру оқытушының үнемі көңіл аударып отыруын қажет ететін күрделі мәселелердің бірі. Өздігінен есеп шығаруға үйретуді біртіндеп бастау керек. Алдымен жеңіл жаттығу есептерін, одан кейін күрделірек есептерге көшіп, тек содан кейін өздеріне есеп шығартқан жөн.
Биологияны оқытудың маңызды міндеттерінің бірі — білім мен іскерлікті өз бетінше игеріп, оны өз тәжірибесінде еркін қолдана алатын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу. Осы міндетті нәтижелі орындау үшін биологияны оқыту әдістемесін одан әрі жетілдіру қажет. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқушыларды оқытуда жақсы нәтижелерге биологиялық танымдық тапсырмаларды немесе биологиялық есептерді өз бетінше шешу алгоритмдерін үйрете отырып қол жеткізуге болады. Жаңартылған мазмұндағы биология курсында биологиялық есептер тақырыпқа сәйкес жеткілікті қамтылған. Алайда, зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай мұғалімдердің көпшілігі оқушыларға биологиялық мазмұндағы есептерді шешу тәсілдерін үйретуге дайын болмайды.
Сондықтан, болашақ биология пәні мұғалімдерін биологиялық есептерді шешу әдістемесімен таныстыру және оны өз тәжірибесінде тиімді қолдану біліктілігін қалыптастыру маңызды .
Биологиялық есептер — оқу үдерісінде білім алушыны тек жаңа жағдайда өзінің осыған дейін игерген біліміне сүйеніп қана қоймай, ғылымда дәлелденген, алайда білім алушы үшін жаңалық болып табылатын білімді анықтауына ықпал етуші құрал болып табылады.
Жаңартылған мазмұндағы биология курсында биологиялық есептер мен тапсырмаларды орындау үшін эвристикалық әдіс қолданылады.
Эвристикалық əңгімелесу — бұл оқушылардың ой-пікірлерін және жауаптарын дұрыс арнаға бағыттайтын бірқатар сұрақтар. Іс жүзінде оқушылардың кейбір фактілерді, құбылыстарды ашуы орын алады. Біз бұл әдісті жақсы көреміз, өйткені ол шығармашылық, креативті ойлауға және логикалық ойлауға ықпал етеді, оқушыларда ақпаратты меңгерудің нәтижелі тәсілдері қалыптасады, дұрыс емес болжам айту қорқынышы жоғалады (қате теріс бағаға әкеп соқпайды) және оқытушымен сенімді қарым-қатынас орнатылады.
Американ математигі Д. Пойа «эвристиканың мақсаты жаңалық ашуға әкелетін ережелер мен әдістерді зерттеу»-жаңалық ашу үшін біріншіден қабілет, екіншіден жаңалық ашу жолында ойыңа жаңа идея келгенше табандылықпен ізденіс жүргізу қажет деп есептеген.
Д.Пойа есеп шығарудың төмендегідей схемасын бағдарға алуды ұсынады (сурет 1)

Сурет 1. Эвристикалық әдіс бойынша тапсырманың шешімін табу (Д.Пойа бойынша)


Схемадан көріп отырғанымыздай, биологиялық есептерді шығару үшін алдымен есептің берілгенін түсініп, шартты белгілермен берілгенін жазып алу қажет, одан соң есептің шығару жоспарын құру жүреді, үшінші қадамда есептің құрылған жоспарын жүзеге асырады, соңында есептің табылған шешіміне зерттеулер жүргізеді, «бұл шешім қандай болады» — құпталады ма әлде жоқ па. Сонымен қатар нақты шешім жасау үшін мәліметтер қажет.
Есепті шығарып отырған адам мынандай сұрақтарға жауап бере білу керек:

  • Не белгілі?

  • Не берілген?

  • Есептің шарты қандай?

  • Бұрын бұл есепке ұқсас есеп кездесті ме?

  • Бұл есепке жақындау есеп бар ма?

  • Ол есепті қолдануға болар мекен?

Мұғалім оқушыға бір мәселе туралы мағлұмат айтпауы қажет, ол не нәрсенің ақиқатына өзі жетуі керек. Сол ақиқатқа адам эвристикалық жолмен жетеді. Кеңес үкіметі кезінде мектептерінде эвристикалық әдіс XIX ғасырдың басында қолданыла бастады. СШ.Шохор-Троцкий «Геометрия есеп түрінде» деген кітабында «Геометрияны оқушыларға дайын күйінде беруге болмайды. Геометрияны өз еңбегіңмен ұғынып білу керек», — деді.
В. В. Репьев «эвристикалық оқыту әдісі дегеніміз оқушылар алдына мәселені есеп не теорема түрінде қойып, тиімді сұрақтар арқылы сол проблеманы шешуге келтіру», — деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет