Биология кафедрасы


Жаңартылған білім бағдарламасының ерекшеліктері



бет9/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81
Жаңартылған білім бағдарламасының ерекшеліктері:

    1. Пән мазмұнының спиральды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

    1. Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.


Білу

Нақты іс-әрекетті іске асыру



Түсіну

Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау



Қолдану

Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу




Анализ

Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру




Синтез

Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру.




Бағалау

Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу





Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», – деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет