ӨБӨЖ тапсырмалары: Биологияны оқыту әдістемесінің даму тарихы.
БӨЖ тапсырмалары: Оқыту әдістемесінің (технологиясының) зерттеу объектісі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер: 1. Исаев Ғ.И., Халикова Г.С., Алпамысова Г.Б. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент, 2017.
2. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014.
3. Дуйсебекова А.М., Сейтметова А.М., Жылысбаева А.Н., Тойжигитова Б.Б., Ибрагимова Д.И. Білім сапасын диагностикалау дайындығын қалыптастыру. Шымкент, 2019.
4. Аяшев О.А., Қадірбаева Р.І., Тілеуова С.С. Жас ұстазға 100 бағдар. Астана: Фолиант, 2016.
5. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014.
6. Бегалиева Р.Н., Исаев Ғ.И., Ергубекова Ж.С. Оқытудың инновациялық аспектілері. Шымкент, 2017.
Қосымша әдебиеттер: 1. Сарыбаева Ә.Х. Болашақ жаратылыстану мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіруде электрондық оқулықтарды қолданудың ғылыми әдістемелік негіздері. Түркістан, 2018.
2. Элен Битэм, Рона Шарп(Аудармашы Омарова С.К.). Педагогиканы цифрлік дәуірде қайта зерделеу. Астана, 2019.
WEB сайттар тізімі: 1.http://ustaz.kz/
2. http://collegy.ucoz.ru
3.http://sabaqtar.kz/
№2 Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторлар Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері: 1. Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мен білімгерлердің функционалдық сауаттылығын арттырып, мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруде, өзінің әрекетінде жауапкершілікті сезінеді;
2. Сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік көрсетеді.
3. Білімгерлердің таным әлеуетін аттыруда жеке тұлғалық және бәсекеге қабілеттік қасиеттерін негізге алады.
Лабораториялық сабақтың мазмұны:
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру – оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар – соның дәлелі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген «орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын. Жолдауға орай Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білімге арналған оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 2015 жылғы 30 наурызда бекітілген басты құжаттармен жұмыс жасауды қолға алуда.