Негізгі әдебиеттер: 1. Исаев Ғ.И., Халикова Г.С., Алпамысова Г.Б. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент, 2017.
2. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014.
3. Дуйсебекова А.М., Сейтметова А.М., Жылысбаева А.Н., Тойжигитова Б.Б., Ибрагимова Д.И. Білім сапасын диагностикалау дайындығын қалыптастыру. Шымкент, 2019.
4. Аяшев О.А., Қадірбаева Р.І., Тілеуова С.С. Жас ұстазға 100 бағдар. Астана: Фолиант, 2016.
5. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014.
6. Бегалиева Р.Н., Исаев Ғ.И., Ергубекова Ж.С. Оқытудың инновациялық аспектілері. Шымкент, 2017.
Қосымша әдебиеттер: 1. Сарыбаева Ә.Х. Болашақ жаратылыстану мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіруде электрондық оқулықтарды қолданудың ғылыми әдістемелік негіздері. Түркістан, 2018.
2. Элен Битэм, Рона Шарп(Аудармашы Омарова С.К.). Педагогиканы цифрлік дәуірде қайта зерделеу. Астана, 2019.
WEB сайттар тізімі: 1.http://ustaz.kz/
2. http://collegy.ucoz.ru
3.http://sabaqtar.kz/
№3. Блум таксономиясы және оның баспалдақтары
Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері: Оқытудың және білімді критериалды бағалаудың заманауи талаптарын іске асыру дағдысын, Блум таксономиясы және оның баспалдақтарын меңгереді;
Өзінің, білімгерлердің уақытын тиімді пайдаланады және өз ойын дәлелді жеткізу қабілеттерін дамытады;
Конструкциялық диалог іскерліктері мен дағдыларын шеберлікпен жүзеге дағдыланады;
Лабораториялық сабақтың мазмұны:
Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған
білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.
Оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік
беретіндей құралдармен қамтамасыз ету және студенттің жекелей дамуы, жеке тұлғаның
қалыптасуы, өзін - өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық
қажеттіліктерін қалыптастыру. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды дамыта оқыту,
оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлатуды көздейді. Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа
технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру
оқытушының басты міңдеті. Сондықтан, әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты
үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-
тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің
әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа
идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан, оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу
мазмұны мен оқушылардың, студенттердің жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың
маңызы зор.
Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан -
жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір
оқытушының шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
Осыған байланысты жұмыстың негізгі мақсаты – биологияны оқыту үрдісіндегі
қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу
бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формаларын, яғни,
технологияларын қолданудың әдістемелік негіздерін ашу.
Бенджамин Блум, америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум
таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы
Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикагоуниверситетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өзтеориясын дамытқан.1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитетіәзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлаудағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум
таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.
Блум жүйесі арқылы уақытты тиімді пайдалана отырып қолдануға және сапалы білім мен
оқушылардың өзін-өзі бағалауға қол жеткізуіне мүмкіндік туады. Блум таксономиясы алты
ойлау деңгейлері мен көрсетіледі.
1.Білу
2.Түсіну
3.Қолдану
4.Талдау
5.Жинақтау
6.Бағалау
Білу - таным мен ойлау деңгейі – төменгі деңгей. Бұл деңгей мәлiметтердi қайталау
немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердiеске түсiредi. Мысалы, биологиялық терминдерді әр сабақ сайын қайталап отыру немесеөткен сабақты еске түсіру.
Түсіну - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Жаңа материалдағы білімді
түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде
сұрау, болжам жасату. Жаңа материалды түсінуін қамтамасыз ету. Жаңа сабақ түсіндіріліп
болғаннан кейін оқушылардың қалай меңгергендігін анықтау кезеңі.
Қолдану - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл деңгей оқу материалын нақты
жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді,
ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан өмірде қолдану
кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Талдау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрылымы
анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің
бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша
ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл деңгей оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар
оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.